Тері және шырышты қабатты қарау




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті

БӨЖ
Тақырып: Науқастың есін, жатқан бітімін, тері сипаттамасын бағалау. Терінің ойылып
қалған жарасының алдын алу және науқасты күту; киімін ауыстыру тері, шаш, көз, тырнақ
гигиенасы дағдыларын өз бетінше дамыту

ОРЫНДАҒАН: Майлиева А
ТОП: ЖМ-017
Қабылдаған: Бағысбаева Ұ
• ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:
1. Науқасты күтуде коммуникативті дағдыларды қалыптастыру
2. Науқастың жалпы жағдайын анықтауда жүйелер бойынша тексеру әдістерін
үйрену және жүйелер бойынша күтім жасауды меңгеру.

• ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:
1. Науқастың есін, жатқан бітімі мен тері сипаттамасын бағалаудың
маңыздылығы қандай?
2. Терінің ойылған жаралары дегеніміз не және оның алдын алу жолдары
қандай?
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ:
• Кіріспе
а) Науқасты объективті тексеру әдісі.
• Негізгі бөлім
а) Аурудың есін, жатқан бітімін, тері
сипаттамасын, тыныс алуын бағалау
ә) Ойылу және оның даму кезеңдері
б) Теріні күту және ойылудың алдын алу.
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер
Науқасты объективті тексеру әдісі
Науқасты объективті тексеру әдісі — науқасты
клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Науқасты
объективті тексеру нәтижесінде алынған
симптомдар диагнозды дұрыс қоюға өте
маңызды. Объективті әдіс: қарау, сипап–сезу
(пальпация), соққылау (перкуссия),
тыңдаудан (аускультация) тұрады.
Сана-сезімнің жағдайы
Сана – сезімнің бірнеше жағдайын ажыратады:
• анық ес;
• ступор – науқас сыртқы ортада нашар хабардар болады, сұрақтарға нашар немесе
кешігіп жауап береді.
• сопор (субкома) – ұйқы жағдайы. Егер науқасты осы жағдайдан қатты дауыспен
оятса, онда ол сұраққа жауап береді ле, қайта терең ұйқыға кетеді.
• кома – сана–сезімнің толық болмауы. Ол бас миының орталықтарының
зақымдануымен байланысты. Комада бұлшық еттердің босаңсуы, сезімталдықтың
және рефлекстердің болмауы, кез келген тітіркендіргіштерге (жарықтық, ауырлық,
дауыстық) жауап бермейді. Кома қант диабетінде, миға қан кеткенде, улануда,
бауырдың ауыр зақымдануында, бүйрек жетімсіздігінде болуы мүмкін.
• Кейбір ауруларда орталық жүйке жүйесінің қозуынан сана– сезімнің
зақымдануы болады. Оларға сандырақтау, галлюцинация (есту және көру)
жатады.
Жалпы дене бітімі
Адам затының үш типті конституциясы
болады:
• нормостеник типі – дене бітімінің пропорционалды,
бұлшық еттері тығыз, көкірек клеткаының конус
тәрізді болуымен сипатталады. Колының, аяғының,
мойынның ұзындығы денесінің өлшеміне сай.
Қабырға бұрышы тік.
• астеник типі – мойыны ұзын және жіңішке,
иықтары тар, жауырыны көкірек қуысынан қалаңқы,
бұлшық еті әлсіз, терісі жұқа және бозғылт,
диафрагма төмен, зат алмасуы күшейген болады.
• гиперстеник типі – көлденең өлшемдері, бұлшық еттері, тері асты май
қабаты күштірек дамыған. Кеуде қуысы қысқа әрі кең, қабырғаларың
бағыты горизонтальды бағытталған, иықтары кең және түзу, аяқ –
қолдары қысқа, басы үлкен, диафрагма жоғары орналасқан, заталмасудың
төмендегені тән.
• Тері және шырышты қабатты қарау
• Теріні қарау терінің пигментациясын, құрғақтануын, тыртықтануын, қан құюлыларды және т. б.
анықтайды. Терінің түсінің өзгеруі терінің қалыңдығына және тері қан тамырларына байланысты. Тері
түсінің өзгеруі онда пигменттердің жиналуынан болады.
• Шаш және тырнақты қарау
• Шаштың дененің шаштан таза жерде көп өсуі эндокринді бұзылыстың болуымен сипатталады. Шаштың
түсуі гипотериозға , ал уыстап түсуі сифилиске тән. Шаш тері ауруларыпда яғни фавуста, себореяда
түседі. Тырнақтың сынғыштығы және қатпарлануы витаминді алмасудың бұзылысынды және жүйке
жүйесінің ауруларында кездеседі.
• Мүшелеп қарау
• Мүшелеп қарау кезінде басты қарау, ауыз қуысын қарау, мойынды қарау, сүйек–бұлшык ет жүйесін
қарау арқылы науқастың жалпы жағдайы бағаланады
• Кеуде сарайын қарау.
• Кеуде сарайына (конус тәрізді, эмфизематозды және т. б.), жүрек ұшы соққысына баға береді.
• Алдыңғы құрсақ қуысын қарау.
• Іштің формасын, өлшемін және тыныс алуда қатысуын бағалайды.
• Лимфа түйіндерін қарау.
• Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері қолға сезілмейді және көрінбейді. Аурудың түріне қарай олардың
көлемі бұршақтан алмаға дейін үлкеюі мүмкін. Лимфа түйіндерін қарағанда олардың ауырсынуына,
жылжығыштығына, консистенциясына, терімен жалғасуына көңіл аудару керек. Көбінесе жақ асты,
мойын, бұғана үсті, қолтық асты және шап түйіндері үлкееді.
ОЙЫҚ ЖАРАЛАР
• Ойылу дегеніміз –тері асты шел қабатының және жұмсақ
тіндердің ұзақ қысылуынан,жергілікі қан айналымының
бұзылысынан пайда болатын терідегі дистрофикалық,
жаралы некротикалық өзгерістер.Ойықтар –ауыр халдегі
науқастардың нашар күтілуінен, дымқыл, ластанған іш
киімдерден,төсектегі бүктемелерден және қалдықтардан,
кірлеген теріден пайда болады.Ойылуға осал келетін
жерлер;сегізкөз,құйымшақ,шонданай, үлкен ұршық, өкше,
жауырын,тобықтың сырқы бөлігі, желке,тізе,шынтақ.

Ойылып қалуға әкелетін факторлар; қысым мен үйкелеу.
Адам денесіне қысым түсу,сырты киімдері,аяқ киімірің байланған жерлері,төсек –орынның
тарлығы себебінен болады,олар тіндер мен сүйектердің шығып тұрған ұшарының қысылуынан
әлсіреген.Әлжуаз тіндерді одан сайын қысады,осының салдарынан ойылулар пайда болады.Осы
әсерлердің бірде –бірі күнделікті өмірде тіндердің ойылып қалуына апара қоймайды. Бірак
қозғалыс жасамаған кезде немесе сезімталдықтан айырылғанда, бұл әсерлерд айырылғанда,бұл
әсерлердің тіндерді зақымдау қауіпі туады .
Үйкелу-терінің ажырауына себепкер болады,бет жағының жолақтануына әкеледі.Үйкелу
ылғанданғанда болатын нарсе.Адамдар оған кіші дәрет ұстамағанда, терлегенде,ылғалды және
ылғалды сіңірмейтін іш киім кигенде душар болады .
Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі
1-ші кезеңнің белгілері: терісі қызарып, ісіп, қабыршақтанады. Эпидермис пен тері
қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады.
Гиперемия тері қысым тоқтағаннан соң кетпейді. Осы кезде жүргізілетін шаралар:
теріні антисептикалық ерітіндімен өндеу (камфора спиртінің 10% ерітіндісі, 70%
этиль спиртінің ертіндісі) опа себу, ультракүлгін сәулелендіруді жүргізу, астына
резеңке дөңгелек салу.
2-ші кезеңде күлбір пайда болады. Тері жамылғыларының беткей бұзылулары,
бұзылыстар тері асты май қабатына дейін барады. Қызыл-көкшіл дақтармен
тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырайды. Ол кезде бриллиант көгінің 1-
2 % спирттелген ерітіндісін жағады, айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді,
құрғақ таңғыш байлайды.Күлбір жарылып жара пайда болады.Бұлшық ет қабатына
дейін барлық қабаттарының зақымдануы байқалады.Зақымдану бұлшық етке дейін
енеді.Ол кезде ултракүлгін сәулелендіру қолданылады, майлы таңғыш (1%
синтомицин эмульсиясы, Вишневский майы, қызыл май), арасына дөңгелек резеңке
салу қолданылады.
3-ші кезеңде терінің, тері асты торшасы мен басқа да жұмсақ тіндердің некрозы
дамиды. Осы кезде жүргізілетін шаралар: некроз тоқтағаннан кейін, өлген тіндерді
алып тастайды, жараға 0,5% калий перманганатының ерітіндісін немесе
фурациллин ерітіндісі бар таңғыш салады. Таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады.
Ірің болған жағдайда антисептиктер ерітіндісімен шаяды. Жараны толығымен
тазалап, майлы таңғыштар қояды. Жараның жазылуына көмектесетін майлар
қолданылады.
Ойылудың даму кезеңдері:
• І кезең:Циркуляторлы бұзылулар кезеңі
• Белгілі бір тері аймағының бозаруымен
соңынан венозды гиперемиямен және
шекаралары анық болмаған көгерумен
сипатталады; ұлпалар ісіңкі; ұстағанда
мұздай болады.
• ІІ кезең: Некротикалық өзгерістер
және іріңдеу кезеңі
Некротикалық процестердің дамуымен сипатталады. Терімен қоса тері асты

май қабатында, бұлшық еттерде, сүйектерде некроздың дамуы байқалады.
• ІІІ кезең: Жазылу кезеңі
Репаративті процестердің басым болуымен грануляция, тыртықтану және
кемістіктің жартылай немесе толық эпителизациясымен сипатталады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

• Оқулық. Клиникаға кіріспе. 2017ж. Н. Қ. Төлежанов,
М.С. Жунусов, Е.Н. Тулежанов, Ф.Ж. Мусабекова,.
Турсынбаева Г.А.
• Оқу құралы.Дәрігердің коммуникативтік дағдылары,
2016ж. К. У. Жолдас
• Оқулық.Клиникаға кіріспе. 2018ж. Е.Н.Тулежанов,
Ф.Ж.Мусабекова, Ә.Н. Төлежанова.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Эпителий ұлпасы туралы
Безді эпителийі
Кілегейлі қабықтар мен мүшелердің құрамындағы эпителий тіндерінің мамандануы
Эпителий ұлпасының қызметі
Шырышты эпителийдің қызметі
Жүрек аускультациясы
Венерологиялық аурулар
Қаптаушы заттар, адсорбциялаушы заттар
Нәрестелік кезең аурулары. Нәрестедегі сары ауру
Қатты таңдай
Пәндер