Қазақ халқының мифтері мен аңыздары


Slide 1

Қазақ мәдениетінің қалыптасуы.

Slide 2

Қазақтардың эпикалық мәдениеті. Қазақ халқының мифтері мен аңыздары. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы. Қазақ елі басынан өткен-кеткенді аңыз-әңгіме қылып, батырларымызды мифтер арасына қосып отырған. Ежелде аңыздар қазақ қоғамын жетілдірген болып саналады. Батырлар туралы көптеген аңыздар бар. Олардың ерліктері мен еңбектері ғасырлар бойы қазақ халқының жағдайында қалады. Осындай аңыздар мен ертегілер бұрыннан бері мәдени мұраға айналды, ұрпақтан-ұрпаққа ешқандай бұрмаланбайды. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті - оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды.

Slide 3

Халықтық поэзия формалары. Ақын- жыраулардың музыкалық шығармашылығы. Халық ауыз шығармашылығындағы агон. Ұлы қазақ билері. Қазақ даласының шешендері. Қазақ тіліндегі тілдік этикет. Мәдени құндылықтар және батырлар этикасы. Қазақ халқының саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи даму сатыларына тән көркемдік-эстетикалық талғам-түйсігін, этикалық және философиялық талап-тұжырымын танытады. Көне дәуірлерден бастау алатын қазақ халық поэзиясы синкретті (ажыратылмас) құбылыс. Сондықтан оның халық ауыз әдебиетімен, музыка мәдениетімен, фольклормен тоғысар арнасы мол. Қазақ халық поэзиясында елдік жолындағы ерлік пен өрлік, рух асқақтығы мен қайсар батырлық, табиғаттың ғажайып үйлесімді көрінісі, ғашықтықтың күйініш-сүйініші, рухани асқақ сезім, адам мейірімі мен дүниетанымы ажырамас тұтастықта көрініс табады. Қазақ халық поэзиясының жанрлық құрамы сан салалы. Дастан, толғау, айтыс, жыр, т. б. бастауын халық шығармасынан алады.

Slide 4

Қару-жарақты игеру шеберлігі. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің этикалық құндылықтары. Спорттық ойындар. Қазақтың дәстүрлі қару-жарақ жасау өнері - қазақтың ұлттық қол өнерінің бір саласы. Бұл өнер саласында ғасырлар бойы көптеген технологиялық әдістер мен тәсілдер дамып, мол тәжірибе жинақталып, сапалы қару-жарақ заттарын жасауда қойылатын талаптарға сәйкес қажетті материалдар түрлері сұрыпталған. Қазақ шеберлерінің қару-жарақ жасауға қолданған материалдары - мал ш-нан алынатын өнімдер және Қазақстан аумағында өндірілетін шикізаттар мен табиғи материалдар болған. Олар - тері, сүйек, мүйіз, тарамыс, қара және түсті металдар - темір, шойын, болат, алтын, күміс, қорғасын, мыс және оның қорытпалары, асыл тастар. Жауынгерлік қару-жарақтарға қойылатын талаптарға байланысты бұл табиғи және өндіріс материалдары физикалық қасиеттері мен оларды өңдеу технологиясына сәйкес қарулардың бөліктерін жасауға пайдаланылды. Материалдың физикалық қасиеттерін жетік білу арқылы оларды өңдеудің көптеген тәсілдерін тауып, оларды жетік игеру қазақ қарушыларына әскери тәжірибе талаптарын толық қанағаттандыратын, жақсы деңгейде жасалған жауынгерлік қару-жарақ заттарын жасауға мүмкіндік берді.

Slide 5

Дәстүрлі қару-жарақ жасау технологиясының негізгі үш кезеңі бар:

1) қару-жарақ бөліктерін дайындау;

2) дайын болған қару-жарақ бөліктерін өңдеу;

3) қару-жарақтың бөліктерін беріктеу;

4) қару-жарақты әшекейлеу. Бұл әр технологиялық кезеңнің өзіндік бірнеше әдіс-тәсілдері болды.

Қару-жарақ бөліктерін дайындау әдістеріне соғу, құю, қалыптау сияқты технологиялық әдістер жатады. Құйылып, соғылып жасалған қару-жарақтың негізгі бөліктері суару, шыңдау, таптау, қайрау, егеу тәсілдерімен өңделді.

Қару-жарақты көркемдеудің негізгі әдістері: алтынмен куміспен қақтау, булау жалату) әдістері, баспалау тәсілі, сірке салу, қарала жүргізу, көгілдір тыныке жүргізу, асыл тастан көз салу. Кейде маржан, меруерттерден де көздер салынды. Теріден жасалған қару-жарақ заттары бедерлі ою-өрнекпен әшекейленді. Қару-жарақ, негізінен, ою-өрнек арқылы әшекейлендірілді

Slide 6

Қазақ халқының тарихи даму барысында қалыптасқан өзіне тән ұлттық мейрамдары болды. Ол мейрамдар қазақ халқының көшпенді өмір салтына байланысты табиғаттың маусымдық төрт мезгіліне тура келді. Себебі қазақтар негізінен көшпенді мал шаруашылығымен айналысқандықтан, олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі табиғатқа жақын болды. Сол себепті қазақтар ауа райының қолайлылығына байланысты өздерінің ұлттық мейрамдарын атап өтіп, онда түрлі ұлттық өнерлерін көрсетіп, ұлттық ойындарын өткізіп отырды. Олар:

Наурыз

Қымызмұрындық \

Мизам,

Соғымбасы

Slide 7

Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Үйге келген қонақ Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін - «Қуыс үйден құр шығармайтын».

Slide 8

Қазақ халқының дәстүрлері, рәсімдері, салттары. Өмірлік кезең салттары: туылу, ер жету, өлім. Жерлеу рәсімі. Үйлену рәсімі. Халықтық мерекелер. Наурыз. Халық әндері. Дәстүрлі билер. Халықтық ойындар. Қазақтардың технологиялық жетістіктері. Халықтық мерекелер. Наурыз. Халық әндері. Дәстүрлі билер. Халықтық ойындар. Қазақтардың технологиялық жетістіктері.

Наурыз - көктем мерекесі, жыл басы. Ұлыстың ұлы күні - күн мен түн теңеліп, жер көкке жан бітіп, тоң жібитін сәт. Сондықтан қазақ халқы бұл мейрамда "Қыз қуу", "Көкпар", "Жамбы ату", "Аударыспақ", "Арқан тартыс", "Теңге ілу" сынды түрлі ойын ойнаған. Сонымен қатар айлы түнде "Ақ сүйек" ойналып, "Алтыбақан" тебілген.

Slide 9

Қазақ халқының ұлттық ойындары

Алтыбақан - жастардың көңіл-көтеріп, сауық-сайран құруы үшін таптырмайтын ойын. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақанды құру үшін 3-4 метрлік 7 томар ағаш пен 3 арқан керек. Оған екі адам, әдетте, бозбала мен бойжеткен мініп, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербеледі. Тербелушілер ән бастайды да, оған жанындағы адамдар қосылады.

Slide 10

Қыз қуу - сақ дәуірінен келе жатқан ежелгі ойын. Ойын ережесі бойынша, бойжеткен атқа мініп жігіттен қашуы керек. Бозбала қызды қуып жетіп, бетінен сүюі тиіс. Жігіт қызға жете алмаса, бойжеткен оны қамшымен сабайды.

Slide 11

Көкпар - ұлттық ат ойындарының бірі. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Бұл жарысқа қатысу оңай емес. Өйткені салмағы 30-40 келі немесе 50-60 келі болатын бассыз серкені (ешкі) спортшылар жерден көтерулері немесе қарсылас команда ойыншысынан тартып алып, қазандығына салуы керек. Ал екінші жақ серкені тартып алуы шарт. Серкені қанжығаға байлауға, қарсылас командалардың аттарын аяғынан ұшырып түсіруге, оларды шықпыртуға, үркітуге тыйым салынады. Көкпар жігіттің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар, көкпар - аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт түрі.

Slide 12

Арқан тартыс. Ойынға ұзындығы 10 метрдей кендір арқан керек. Арқанның қақ ортасы қызыл орамалмен байланады. Осы орамалдың екі жағынан 1, 5-2 метрдей қашықтықта жерге белгі салынады. Екі топқа бөлінген жастар бойларына қарай арқанның екі шетінен ұстайды. Төреші белгі берген сәттен-ақ екі топтың ойыншылары арқанды өздеріне қарай тартады. Арқанның ортасындағы қызыл орамалды жердегі белгіге бірінші сүйреп әкелген топ жеңімпаз атанады.

Slide 13

Теңге алу (ілу) - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойыншы жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алуы қажет. Ол үлкен ептілікті, шабондоздықты талап етеді. Тіпті теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі.

Slide 14

Ақсүйек - қазақтың ұлттық ойыны. Жігіттер мен қыздар жиналып, айлы түнінде ашық далада ойнайды. Ойынға малдың ақсөңкелеп қураған жілігі немесе қабығы аршылған, ұзындығы екі қарыстай жұмыр ақ таяқша пайдаланылады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастау жеребе тастау арқылы анықталады. Кейін ойын бастаушы ақсүйекті бар пәрменімен алысқа лақтырады. Жастар таяқты іздеуге кіріседі. Оны тапқан ойыншы өз серіктеріне дыбыс беріп, сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Серіктері оның тосқауылға тап болмауына көмектеседі. Қарсыластары қалайда ақсүйекті тартып алудың амалын жасап бағады. Ақсүйекті тартып алса, өздері де біріне-бірі қол жалғап, сөреге жетуге ұмтылады. Бұл тартыста ақсүйекті сөреге жеткізген топ жеңімпаз болып саналады. Ойын шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулиды. Жамбы ату - ер жігіттің мергендік, ептілік қабілетін сыннан өткізетін, намысын жанитын ұлттық ойынның бірі. Ер жігіт атпен шауып келе жатып, оның екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиіс.

Slide 15

Ұлы Жібек жолы: Қазақстан Шығыс пен Батыстың мәдени көпірі.

Slide 16

Жібек жолындағы сауданың дамуына байланысты экономикалық және мәдени қарым-қатынастың орталығы қазақ жері болды. Батыс пен Шығысты өзара сауда және мәдени байланысын орнатуда Қазақстанның орны мен ролі маңызды болып табылады. Батыс және Шығыстың рухани құндылықтарын қатар меңгере отырып, қазақ жерінде әртүрлі діни идеялар қатар өмір сүрді.

Ұлы Жібек жолы арқылы буддамен қатар христиан діні де тарады. ІХ-Х ғасырларда Тараз бен Меркеде христиандық шіркеулер салынды. Көптеген діндердің таралуы барысында қазақ жерінде сәулет ескерткіштері салынды. ІХ-ХІІ ғасырлардан бастап мемориальды кесене (мавзолей) салына бастады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда иран тілі тобындағы соғды тілі сақталды. Осы аймақта семит тілдік семьясының сириялық және араб тілінде сөйлеген кіші топтар болды.

Slide 17

Сауданың дамуы қалалардың салынуына ықпал етті: Исфиджаб. Кедер, Отырар, Тараз, Баласағұн, Барысхан, Хамукент, Жәкіл, Адақкес. XV-XVIIғ. қазақ хандығын билеген Жәнiбек пен Керей, Қасым, Ақназар, Тәуекел, Есiм, Жәңгiр, Тәуке хандардың тұсында қазақтың шаруашылығы, өмiр сүру дағдылары ғана мес, ел таныған материалдық, рухани мәдениеттерi қалыптасты.

Қасым хан тұсында, , Қасым салған қасқа жол,, деген атпен халықтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпының ережелерi негiзiнде билiк заң үрiстерi елдiк жөн-жаралары салт-дәстүрi бiр жүйеге түстi. , , Есiм салған ескi жол,, деген атпен қазiргi ұрпаққа жеткен әдет-ғұрып ережелерi одан әрi жетiлдiрiлдi.

XVIIғ. Тәуке хан тұсында, , Жетi Жарғы,, деген атпен заңдар жинағы шықты. Бұл заңдар жинағында әкiмшiлiк, қылмыстық азаматтық құқық нормалары, салықтар, дiни көзқарастар т. б. ережелер бекiтiлген. Тәртiптi бұзған әрбiр адамға қатаң жазаға ұшырау қаупi төнген.

Slide 18

Қазақ халқының материалдық мәдениетiнiң ерекше ескерткiштерiнiң бiрi - киiз үй зерттеушiлердiң пiкiрiнше, киiз үйдi Еуразия көшпелiлерi I мыңжылдықтың орта шенiнде ойлап тапқан. Киiз үй - көшпелi өмiр салтына ыңғайлы тез құрастырылып, тез жиналатын, көшiп қонғанда алып жүруге жеңiл.

Slide 19

Қазақ мифологиясы

Қазақ халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай бейнеледi: жетi қат Жер бар, онда Көктөбе бар, Көктөбе Көктерек өсiп тұр, ол Көкүмбездi тiреп тұр. Бұл бейне киiз үйдiң құрылымына да ұқсас, қазақтың әлем туралы түсiнiгiнде әсерлi бейне - бәйтерек.

Ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айырмашылығы, мифтердің мазмұнында ертедегі халықтардың жаратылыстық-ғылыми және тарихи таным-түсініктері көбірек ұшырасады. Бұған мысал ретінде жердің жаратылуы жайлы немесе барлық тіршілік атаулының «әлемдік жұмыртқадан» шығуы жайындағы көне үнділік мифті, болмаса жер жүзін топан су басуы туралы мифті келтіруге болады.

Алғашқы мифтер өте бағзы замандарда пайда болған, содан әрбір жаңа мыңжылдық сайын қарапайымнан күрделіге қарай сатылап даму дәуірлерін өткерген. Мифтер - адамдардың дүниетанымының көрінісі. Солар арқылы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мыңдаған жылдар бұрынғы түсінік, көзқарастар бізге жетіп отыр. Ертедегі адамның санасы мифологиялық сипатта болған. Сол замандарда табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін абыздар мифтерді пайдаланған, мифтік бейнелер арқылы жаратылыстың сырлары мен шығу тегін ұғуға тырысқан.

Slide 20 Slide 21

Қазақтар жақсылық істерді басқаратындарын аруақ, періште, перизат т. б. десе, жамандық істерді басқаратындарын пері, шайтан, жын, албасты, жезтырнақ т. б. деп атайды.

Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани-мәдени өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады. Ерте замандарда қазақтар әр түлік малдың өз алдына бөлек-бөлек «бақташы иелері» бар деп сенетін. Қойдың «Шопан ата», түйенің «Ойсылқара» сиырдың «Зеңгі баба» жылқының «Қамбар Ата» ешкінің «Шешек Ата» деген «иелері» бар деп есептейді.

Бұл аталған есімдердің барлығы - бір кездері данышпан, әулиелігімен есімі елге жайылған тұлғалар. Қазақ халқының ұғым-түсінігінде Қыдыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. "Қырықтың бірі Қыдыр” сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған моральдық факторды көруге болады. Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт.

Slide 22

XV-XVIIғғ. қазақтардың Орта Азия халықтарымен экономикалық және мәдени байланысының дамуы Қазақстанда ислам дiнiнiң жедел дамуына ықпал еттi. Көшпелi тұрмыс салты құдайға құлшылық ететiн мешiттер, арнайы медреселердiң салуын қиындатты.

Сондықтан, намазды кез-келген жерде оқып, халықтың көпшiлiгi құран мен араб тiлiндегi кiтаптарға мұқтаж болуларына байланысты, молданың әрбiр сөзiн айнытпай қайталап, дiни ғұрыптарды орындап, отырды.

Қазақ қоғамында ислам дiнi үстемдiк етушi дiнге айналғанмен де, дала көшпелiлерi арасында - пұтқа табынушылық кеңiнен дамыды. қазақтар ата-бабаларының әруақтарын құрметтеп, жер -суға, отқа сиынды. Ата-баба әруағына сиыну халыққа бақыт, береке молшылық әкеледi деп сыйынды.

Халық арасында, , Өлi разы болмай, тiрi байымайды,, деген аталы сөз осыны дәлелдей. Ата-баба аруақтарына құран бағыштап ас берiп, арнайы рулық қорымдарда жерленген.

Slide 23

Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі қазақтың дәстүрлі дүниетанымының дағадарысқа ұшырауына алып келді. Қазақтың ақын, жыраулары ұлттық дүниетанымы мен төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз болды.

Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465-1560ж. ж. ) шығармашылығы арқылы қазақ бірлігін, адам мен қоғам, атақоныс туралы ойлары кейінгі ұрпақтың өз туған жерін сүюге, оны жаулардан қорғауға, атақонысын сақтап қалуға ұрпақ тәрбиеленді.


Ұқсас жұмыстар
Эгей мәдениеті
Қисса - сул әнбия қиссасы
Қазақ халқының мәдениеті мәдениеттану
Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері
Қазақ ауыз әдебиеті(халық поэзиясы, фольклоры) — қазақ халқының бұқаралық көркем сөз шығармашылығы
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
ҚАЗАҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АЛҒАШҚЫ БАСЫЛЫМДАР
Мифологияның түрлері
Материалдық мәдениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz