Тұлғааралық қарым-қатынастардың жалпы заңдылықтары мен құрылымы


Slide 1

Тұлғааралық қарым қатынастардың жалпы заңдылықтары

Орындаған: П-20-1 тобының студенті: Утепбергенова Мерей

Slide 2

2

Адамдармен қарым-қатынас жасай білу - ол қант немесе кофе сияқты сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі басқа нәрселерден артық төлеймін. - Джон Дэвисон Рокфеллер

(1839-1937 ж. )

Slide 3

Жоспары:

3

1. Тұлға туралы түсінік.

2. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері

3. Қарым-қатнас және оның қызметтері. Тұлғалардың қарым-қатнас түрлері.

Slide 4

Тұлға деген кім?

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Адамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

4

Slide 5

5

Slide 6

Тұлғааралық қатынас

6

Тұлғааралық қатынас - этно психологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т. б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т. б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады

Slide 7

7

Slide 8

8

Тұлғалық белгілер - адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы - негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы.

Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүдделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді.

Тұлғалық белгілер

Тұлғаның бағыттылығы

Slide 9

9

Slide 10

10

Қарым-қатынастың үш жағы. Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті

Коммуникативті жағы

Қарым-қатынастың (тар мағынада) - қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.

Интерактивті жағы - қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, яғни, білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік) . Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.

Перцептивті жағы - қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі), соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы

Slide 11

11

Slide 12

12

Қарым-қатынастың түрлері мен формалары.

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі - қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.

Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес) . Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.

Тікелей емес қарым-қатынас - жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.

Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.

Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас - топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.

Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады.

Slide 13

13


Ұқсас жұмыстар
Қарым-қатынас психологиясы: тұлғааралық және қызметтік қатынастардың формалары, механизмдері және қақтығыстары
Топтағы тұлғааралық қарым-қатынас: құрылымы, түрлері және оқытудағы рөлі
Жалпы тәжірибелік дәрігердің тұлғааралық қарым-қатынасы және амбулаторлық тәжірибедегі пациентке кеңес беру принциптері
Тұлғааралық қабылдау мен педагогикалық қарым-қатынас: психологиялық негіздері
Жалпы педагогика: біртұтас педагогикалық процестің құрылымы мен заңдылықтары
Әлеуметтік психология: тұлғааралық қатынастар мен қарым-қатынастың психодиагностикасы
Организмдер арасындағы қарым-қатынастардың типтері мен экологиялық маңызы
Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы және өзара түсіну механизмдері
Қарым-қатынастың негізгі формалары: тікелей, жанама және тұлғааралық
Тұлғааралық қабылдау және қарым-қатынас: когнитивтік, эмоциялық және коммуникативтік механизмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz