Қазақтар патша




Презентация қосу
Ақпан революциясы
• Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз)
Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде
буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан
төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің
жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге
жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын
әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі
нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік
Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ
халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты
болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтеріліске қатысқандарды жазалау
экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды.
• Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей
империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып,
бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта
буржуазиялық мәндегі бостандықтар жүзеге асырыла бастады,
жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа
партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда
Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше
алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі
монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын
түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес
күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл
Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі
басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды.
Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде
Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды.
• Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар
аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын
жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық
интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және
уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша
үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы
комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов,
А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің
жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның
облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары
— атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі
қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының,
кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің,
эсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың
мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы
наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері
болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш
партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-
демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.
1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-
демократиялық революция нәтижесінде
монархия құлатылды,оның Қазақстанға әсері:

1.Қазақтар патша 2.Ұлт-азаттық 3.Елде қос өкімет
қозғалыстың орнады.1917 жылы
билігінің
наурыз-сәуір
құлатылуын басшылары ұллтық айларында жер-
құптап,оны автономия құрып, жерде
өздерінің жалпы ұлт жұмысшы,солдат
мәселелерін шешетін депутаттарының
ғасырлар бойы Кеңесі және
жүргізген сәт туды деп санады. Уақытша үкімет
күресінің нәтижесі органдары жұмыс
істеді.
деп білді.
• Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы
Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі,
елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін
көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді:
ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік
буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін
қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы
көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің
ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі
жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің
сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс
еді. Ақырында Ақпан төңкерісінен басталған саяси
тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша
үкімет биліктен тайдырылды.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ жеріндегі әскери шектердің салынуы
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы
Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
Ақпан революциясы
Реформа жылдарында
1917 жылы Ақпан революциясының тарихи
Емельян Пугачев көтерілісінде қазақтардың қатысуы
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Қытайдың Қазақ жеріне ықпалы
Пәндер