Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы



Тақырыбы:Орталық жүйке жүйесі. Нерв
Орындаған:Есенбекова Қ
4-курс студенті, биология-2 топ, 5В011300
Қабылдаған:о. Оразбаева Н.
Алматы, 2021
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институты Биология кафедрасы

Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
2. 2. Сомалық және вегетативті жүйе
2. 3. Жүйке орталығы
2. 4. Қозу физиологиясы
2. 5. Физиологиялық тыныштық
2. 6. Физиологиялық белсенділік
2. 7. Тітіркендіргіштер
2. 8. Нейрон
2. 9. Нейрофильдер
3. Синапс
3. 1. Жұлын
Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Орталық жүйке жүйесі:
Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) - адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.

Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден)
Омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады.


Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы - Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан.

Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан - айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді

Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І - XІІ кеуделік, І - ІІ белдік бунағында орналасқан. Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғ. вегетативтік орталық - мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.

Жүйке орталығы
Жүйке орталығы деп - бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінін белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады.
Орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады. Орталық жүйке жүйесінде қозу тек түйіспелер арқылы тарайды. Сондықтан қозудың өткізу еректішеліктері түйіспелердің физиологиялық қасиеттеріне байланысты. Қозу әр түйіспеде 0, 2-0, 5 ме кідіріп, жүйке орталынғынан баяу өтеді.

Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі - рефлекс (ferlescsus -латын сөзі -тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж. ), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж. ) . Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И. М. Сеченов, И. П. Павлов, П. К. Анохин.
Рене Декарт
Прохаска
И. М. Сеченов
И. П. Павлов
П. К. Анохин.

Қозу физиологиясы:
Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік.


Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, жүйелер қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жұрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.
Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. Сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін тітіркену деп айтады.

Ал олардың әсерлерінің өзін тітіркендіргіш деп атайды. Сыртқы және ішкі орталардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштерді тегіне қарай төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.


Нейрон
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі -нерв клеткасы немесе н е й р о н. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар -глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді.

Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегеңде олар жойылып та кетуі мүмкін.

Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді, т. б.

Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон - тірек деген мағынада), қысқа талшықтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон - ағаш) . Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1, 5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады.

Мүшелерге келген аксонның ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш үштар -рецепторлар және қозғаушы ұштар -эффекторлар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв импульстеріне - қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.

Синапстың құрылысы мен қызметі:
Синапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы), синапс саңлауы және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар.
Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады.
Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.

Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор - делдал, арада жүруші) . Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс с а ң л а у ы болады. Ол - клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz