Эволюция: ұғымы, негізгі қағидалары және зерттеу әдістері


Slide 1 Slide 2 Slide 3

«Эволюция» (лат. evolutio-даму) деген терминді XVIII ғасырдың ортасында биология саласына швед ғалымы Шарль Боннэ енгізді. Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбриональды дамумен ғана байланысты болды. Қазіргі кезде «эволюция» термині тек биологияда ғана емес, ғылымның басқа салаларында да кеңінен қолданылады.

Эволюцияның жеке дамудан (онтогенезден) айырмашылығы, ол алдын ала жоспарланып қойылмаған. Даму процесі дегеніміз - бір жағдайдан екінші жағдайға өту, тек қана жаңа қасиеттеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар ежелгі тірі ағзаларды ерекшеліктерінің сақталуымен сипатталады. Тірі ағзалардың және түрлердің эволюциялық қайта құрылымдары күрделенуге бағытталған, бұл әрекет ата - тектен жаңа ағзаға тұқым қуалауға негізделе отырып жүреді. Эволюцияны, материяның ерекше даму формасы деп қарастырғанда оның үш қасиетін атауға болады:

1. Биологиялық эволюция - қайтымсыз әрекет;

2. Эволюция дегеніміз - биологиялық пайдалы белгілердің пайда болуы;

3. Эволюция ұрпақтар жалғастығына негізделген, яғни жаңа пайдалы

белгілердің бұрынғы ағзаға үйлесімді енуі.

Органикалық эволюция дегеніміз - үздіксіз және қайтымсыз ұзақ уақыт дамитын тарихи әрекет, яғни тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайларына бейімделу жолымен біртіндеп макромолекулалықтан жоғарғы сатыға көтерілуі мен биосфераға дейінгі күрделенуі. Жер бетіндегі тіршіліктің эволюциясы негізінен үш кезеңнен тұрады:

1. Тіршіліктің пайда болу;

2. Тірі ағзалардың нақты топтарының және биосфераның бүтіндей дамуы;

3. Адамның ерекше биоәлеуметтік жүйе ретінде пайда болуы.

Slide 4

Эволюциялық ілім негізгі екі приципке сүйенеді: тарихилық және актуальдылық. Эволюцияның бағыттары мен әдістері осы екі принциппен байланысты. Тарихи принцип - қазіргі тірі ағзаларды зерттеу үшін бұрынғы жүрген эволюцияны зерттегенде алынған мәліметтерді қолданады. Оған мына афоризм сәйкес келеді «ескіні зерттеу - жаңаны түсінудің кілті». Тарихи принцип генетикалық және салыстырмалы әдістер негізіне сүйенеді.

Slide 5

Салыстырмалы әдіс - ағзалардың тұрақталған формаларын зерттегенде қолданылады. Ол әр түрлі ағза топтарының құрылысы мен қызметін, олардың ұқсастықтары мен арасындағы айырмашылығын салыстыруға негізделген. Мысалы, ол: - анатомиялық - морфологиялық салыстыру; - эмбриональды салыстыру;

- цито-химиялық салыстыру;

- популяциялық - статистикалық әдістермен анықталады.

Slide 6

Генетикалық әдіс - ағзалардың шығу тегі себептерін түсіндіреді, бұл әдісті өз еңбектерінде Ч. Дарвин енгізген болатын. Генетикалық әдіс палеонтология мәліметтеріне сүйенеді. Генетикалық әдіс салыстырмалы әдіспен тығыз байланысты.

Актуальдылық принципі - жекеленген популяцияларда байқалатын эволюциялық өзгерістерді, алдыңғы эволюциялық әрекеттерге қолдану. Оның мәні «Қазіргі зерттеу өткенді білудің кілті» афоризміне сәйкес келеді. Қазіргі зерттеулер популяциялық - статистикалық әдіске негізделеді.

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Психологияның зерттеу әдістері мен негізгі қағидалары
Басқару психологиясының зерттеу әдістері мен негізгі қағидалары
Биологиялық эволюция: ұғымы, тарихы және қозғаушы күштері
Лексикология: ұғымы, негізгі салалары және зерттеу әдістері
Атом-молекулалық ілім: тарихы, ұғымы және негізгі қағидалары
Жасуша теориясы: қалыптасуы, қағидалары және зерттеу әдістері
Психологиядағы жеке тұлғаны зерттеу әдістері мен қағидалары
Еңбек құқығы: ұғымы, қағидалары, қайнар көздері мен негізгі институттары
Адам генетикасының қағидалары, ерекшеліктері және зерттеу әдістері
Ғылыми зерттеу әдістері: ұғымы, түрлері және биология пәніндегі қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz