Николай Бердяевтің трансцендентальды адам идеясы: бостандық, шығармашылық және рух философиясы


Slide 1

Н. Бердяев: трансцендентальды адам

Slide 2

Жоспар :

Орыс философиясына тән ерекшеліктер

Н. А. Бердяев философиясы

Slide 3

Орыс философиясына тән ерекшеліктер:

- діни ықпалдың, әсіресе православие ықпалының молдығы;

- философиялық ойлар мен ізденістердің көркем шығармашылық, әдеби сын, публицистика, өнер түрінде берілуі;

- біртұтастық, яғни орыс ойшылдарының бәрлігі дерлік жеке проблемамен емес, өзекті мәселелердің кешенді жүйесімен айналысқан;

- мораль және адамгершілік мәселелерінің үлкен маңызы;

Slide 4

Орыс философиясының негізін қалаған мәселелер:

- адам мәселелері;

- ғарыштық (ғарышты біртұтас бірыңғай организм ретінде қабылдау) ;

- Шығыс пен Батыс арасындағы Ресейдің өзіндік тарихи даму жолын таңдау мәселесі;

- билік мәселесі;

- мемлекет мәселесі;

- әлеуметтік әділеттілік мәселесі;

- идеалды қоғам мәселесі;

- болашақ мәселесі.

Slide 5

Бердяев Николай Александрович (1874-1948) - орыс діни философиясының ірі өкілі. Бірінші дүниежүзілік соғыс және революция кезеңінде Н. А. Бердяевтің философиясы «ғарыштық дүниетаным» деп аталады. Оның пікірінше, адамның микрокосмостық табиғаты әлемдік тарихты жеке тағдырға айналдырады. Бердяевтің көзқарастарының дамуы қазіргі батыс философиясының ізденістері мен жетістіктері аясында жүзеге асырылады. Ол адам мен оның шығармашылығын басты назарда ұстады. Ол шығармашылықты адамның ашылуы, Құдаймен бірге жалғасып жатқан жаратылыс ретінде түсіндірді.

Slide 6

Негізгі шығармалары:

«Бостандық философиясы». 1911

«Шығармашылық мәні». 1916

«Мен және объектілер әлемі». 1934

«Теңсіздік философиясы». 1923

Slide 7

Н. А. Бердяев философиясының негізгі . . .

Категориясы - «еркіндік»;

Болмыстық категориясы - «Адам»;

Тарих категориясы - «уақыт»;

Тарихты талдау категориялары - «Мәдениет» және «Өркениет»;

Бердяев философиясының мәні - болмыс пен субъект, яғни адам арқылы тану.

Slide 8

Н. А. Бердяев философиясының негізгі

Адам - философияның басты мәселесі

Болмыс жұмбағы адамның өзінде

Менің философиям - экзистенциалдық философия

Slide 9

Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi - экзистенциализм (existentia, - латын сөзi, - өмiр сұру ) философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екi Дүниежұзiлiк соғыстың арасында қалыптасты.

Экзистенциализм философиясының негiзiн қалаған ойшылдарға Мартин Хайдеггер(1888-1976) мен Карл Ясперстi (1883- 1969) (Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980) мен Альбер Камюдi (1913-1960) (Франция), Н. А. Бердяев (1874-1948) пен Л. И. Шестовты(1866-1938) (Ресей), Виктор Франклдi (1900) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассеттi (1883-1955) (Испания) жатқызуға болады.

Slide 10

Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi - трансцендiлеу, яғни өз шегiнен өтiп кету. Сонда адам өз шеңберiнен аттап өтiп не нәрсеге жеткiсi келедi?

Дiни экзистенциализм Құдайды трансценденттiкпен теңейдi. Олай болса, Құдаймен қосылуға ынтық болу, нағыз ерiктiктi содан iздеу, дiни трансцендiлеу болып есептеледi.

Дiни экзистенциализмнiң көрнектi өкiлi Н. Бердяевтiң айтуынша, «адам табиғи дүниедегi үзiлгендiк, екi жақты, қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде».

Slide 11

Сондықтан, оны түсiну - одан да жоғары тұрған - Құдайды талап етедi. Ал мұның өзi адамның Құдайға тәуелдi пенде екендiгiн көрсетпейдi.

Философия адамның құдайлығын, Құдайдың адамгершiлiгiн көрсетуi қажет. Өйткенi, Христостың өзi адам болып туды.

Құдай дегенiмiз - ол рух. Олай болса, тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнiн көрсетедi.

Slide 12

Конвейерден шыққан бiр-бiрiне ұқсас заттар сияқты, адамдар да орталанып, бiр тұлға екiншiнi жеңiл ауыстыра алады. Адамдар бiрiн-бiрi ауыстыра алатындықтан «басқа, ол «нақтылы басқа тұлға емес, «қайсыбiр басқа, «жалпы бiр басқа. Мұндай жағдайда «ол да, «мынау да, менiң «өзiм де шынайы субъект емеспiн. Мұндай тобыр адамын М. Хайдеггер das Man деген терминмен берсе, ал Н. Бердяев оны «объективацияланған дүние» дейдi.

Slide 13

Бердяев пікірінше: адам түрлі кезеңдерден өтеді, бірақ оның тағдыры әрқашанда қайғылы

Алғашқыда адам табиғаттың құлы болды.

Ол өзінің сақтығы, тәуелсіздігі және

Бостандығы үшін көзсіз ерлікті бастады.

Соңында адам мәдениетті, мемлекетті,

ұлттық бірлікті, класты құрды, кейіннен

өзі оның құлына айналды

Жаңа дәуірге өттім деп есептеген

адам қоғамдық ұйымдар мен

партиялар құрып, техниканы

ойлап тапты

Соңында

адам өзі

құрғандардың

құлы, ал

техниканың

өзіне

айналды

Slide 14

Бердяев шығармашылық, рух, тұлға, құдай ұғымдарын негізге ала ортырып, еркіндіктің болмыстан басымдылығын атап көрсетеді.

Н. Бердяев қоғамды әлеуметтік қайта құру үшін техникалық қайта құру емес, рухани жаңғыру қажет дей келе, ресей үшін орыс идеясымен байланыстырады.

Оның дуалистік картинасының бір жағында рух, еркіндік, субъект тұрса, екінші жағында эмпирикалық әлем, қажеттілік, феномен, объект тұр.

Ол капитализмді «жансыз құрылым» деп атаса, ескі христиандықты - «эксплуатация құралы» деп сын тақты.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Сана, рух және тіл: адам болмысының философиялық және мәдени негіздері
Адам философиясы: антропологиялық, діни және әлеуметтік аспектілер
Еркіндік философиясы: ұғымы, тарихы және қоғамдық-құқықтық мәні
Адам философиясы мен жаратылысы: даму тарихы және оны зерттейтін ғылымдар
Николай Алексеевич Некрасовтың өмірі мен әдеби шығармашылығы
Адам философиясы және құндылықтар әлемі: ежелгі шығыс, антикалық және христиандық антропология
Николай Коперник (1473-1543): өмірбаяны және гелиоцентрикалық теориясы
Ибн Синаның рух туралы философиялық түсінігі
Шәкәрімнің рух туралы философиялық тұжырымдары
Неміс классикалық философиясы: Кант, Фихте, Шеллинг және Гегельдің негізгі идеялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz