Ортағасырлық еуропа мәдениетіндегі қаланың орны


Slide 1

Ортағасырлық еуропа мәдениетіндегі қаланың орны

Самал Мамытова

8D02202 Философия

Slide 2

Орта ғасырлар (V-XV) кезеңінде пайда болған еуропалық қалалар, еуропа қоғамының барлық салаларына терең еніп, одан кейінгі ғасырлардағы дамуында маңызды роль атқарды. Ортағасырлық батыс еуропалық қала тақырыбы медиевистикада ерекше орын алды, тарих біліміндегі арнайы сала - урбанистиканы қалыптастырды.

Slide 3

Батыс Еуропадағы ортағасырлық қалалардың пайда болуы дамыған феодалдық кезеңге дәл келді. Қалалар сауда мен қолөнер орталығы ретінде қалыптасып, гүлдене бастады. Тауар өндірісінің өркендеуі және қалалардың өсуі феодалдық қоғамның экономикасына қолайлы әсер етті. Х-ХІ ғасырларда бүкіл Батыс Еуропада қалалар тез өсе бастады. Қалаларда адамдардың жаңа мінез-құлқы қалыптасты: іскер, үнемшіл, ұқыпты, өз қадір-қасиетін жоғары бағалайтын адамдар, түптеп келгенде, ортағасырлық әлем бейнесін түбегейлі өзгертті.

Slide 4

Ортағасырлық қалалардың бой көтеруі үшін нақты алғышарттар қажет еді. Біріншіден, ауыл шаруашылығы күшті нығайып, шаруа өзін, отбасы мен мырзасын ғана асырап қоймай, қалалықтарға да өнім қалдыруы керек болды. Азық-түліктің мол болуы үшін шаруа жау шабуылынан үрейленбей, өз жерінде емін-еркін еңбек етуі керек. Шаруаның бар ойы еңбек құралдарын, жерді өңдеу тәсілін жетілдіру жөнінде болуы керек. Осы себептен де венгрлердің немесе нормандықтардың шабуылына тойтарыс беретін кәсіпқой жауынгерлер тобының пайда болуын, мемлекеттің шығуын Еуропада қалалардың өркендеуінің маңызды алғышарты деп қарастыруға болады.

Slide 5

Орта ғасырлық қалалар сауда жолдарының қиылысында, өзен өткелдері маңында, адамдар шоғырланатын жерлерде пайда болды. Көбіне шағын қалашықтар қорғаныс мақсатында ірі замоктардың қалқасында орналасты. Феодал оларға қорған болды, әрине өз пайдасын да ұмытқан жоқ. Феодалдар қолөнершілерді өздері шақырып, оларға қорған болуға, жеңілдіктер жасауға уәде етті. Феодалға қаладан пайда түсіп отырды. Ол қалада бас төреші болды және басқару билігін өз қолында ұстап отырды. Қолөнершілермен қатар қалаларға саудагерлер кеңінен қоныстанды.

Slide 6

Еуропаның түпкірлерінен әкелінген тауарлар қаланың базар алаңдарында сауданы қыздыра түсті. Базар ортағасырлық қаладағы ең басты орын болды. Базарда сауда ғана жасалып қойған жоқ, қалалықтар осы араға жиналып маңызды мәселелерін шешіп отырды. Қаладағы ең бай отбасылар өзара туыстасып, уақыт өте келе бірыңғай топқа - патрициатқа айналды. Патрициат мүшелері өз мырзалары рұқсат берген мөлшерде қала өміріне басшылық жасады. Әр қаланың өз соты, әкімшілігі болды. Қала құқықтары хатқа түсіріліп, бұл жазбалар мұқият сақталды. Қалалар тек қана үлкен елді мекен болып қана қойған жоқ, олар жаңа өмір салтын, жаңа дүниетанымды, жаңа адамдарды қалыптастырды. Ортағасырлық Еуропа кейпіне айтарлықтай өзгеріс енгізген осы қалалар болды.

Slide 7

Батыс Еуропада ортағасырлық қалалар қолөнер мен сауда орталығы ретінде Италияда, Францияның оңтүстігінде (Марсель, Арль, Нарбонн, Монпелье, Тулуза, Монтобан т. б. ) пайда болды. Себебі мұнда ІХ ғ. бастап-ақ Еуропаның басқа аймақтарына қарағанда феодалдық қарым-қатынастардың ертерек өркендеуіне өндіргіш күштердің елеулі дәрежеде өркен жаюына және қолөнершіліктің ауылшаруашылығынан бөлінуіне алып келді.

Slide 8

Итальяндық және оңтүстік француз қалаларының пайда болуына және өркендеуіне әсер еткен тағы бір тиімді фактор - Италия мен оңтүстік Францияның Византиямен және басқа сол кездегі даму дәрежесі өздерінен жоғары болған Шығыс елдерімен сауда байланысы болғандығы еді. Х-ХІ ғғ. Қалалар солтүстік Францияда да, Нидерландыда, Англияда, оңтүстік-батыс Германияда, Рейн мен Дунай бойында да пайда болды. ХІ ғ. Фландрия графтығында қалалар көбейді. Фландриялық қалалар - Брюгге, Ипр, Гент, Лилль, Дуэ, Аррас және басқаларының жұқа шұға өндірумен даңқы шықты және олар Еуропаның көптеген елдерін шұғамен жабдықтайтын.

Slide 9

Орта ғасырлық қалалар өзінің сырт көрінісі жөнінен қазіргі қаладан мүлде өзгеше болды. Олар әдетте мұнаралары және қалың қақпалары бар тас дуалдармен, сол сияқты феодалдардың және жаулардың басқыншылығынан қорғаныс ретінде терең қазылған орлармен қоршалатын.

Қала тұрғындарын қолөнершілер мен көпестер, күзет қызметін атқаратын қалалардың әскери жасақтары құрады. Орта ғасырлық қалаларды қоршаған дуалдар уақыт өткен сайын таршылық қыла бастады, қала құрылысының бәрі бірдей оған сия бермейтін.

Slide 10

Бірте-бірте дуалдардың айналасында қыстақтар пайда бола бастады. Олардың көпшілігі қолөнершілер, қару-жарақ жасаушылар, ағаш шеберлері еді. Қала шетіндегі қыстақтардың айналасы өз кезегінде жаңа дуалдармен, бекіністермен қоршалатын. Қалалардың көлемі тым шағын болатын. Әдетте олардағы тұрғындардың саны 3-5 мың адамнан аспайтын. 80-100 мыңнан астам адамдары бар Париж, Милан, Венеция, Флоренция, Кордова, Севилья сияқты қалалар өте аз болды.

Slide 11

Ортағасырлық өндірістің негізін қолөнершілік құрады. Батыс Еуропадағы орта ғасырлық қолөнерге тән бір ерекшелік - цехтық ұйымдар болды. Цехтар - нақты бір қаладағы нақты мамандық иелерінің айырықша одақтарға бірігуі. Цехтар қалалардың өздерімен бірге пайда болды: Италияда Батыс Еуропаның қалаларымен салыстырғанда Х ғасырда, Францияда, Англияда, Германияда ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болды. Цехқа біріккен қолөнершілер тікелей өндірушілерге және өндіріс құралдарының меншік иелеріне айналды. Олардың әрқайсысы жеке меншік шеберханаларында өз аспаптарымен, өз шикізаттарымен жұмыс істеді. Цехтық иерархияда шебер, көмекші шебер және шәкірттер әртүрлі сатыларда тұратын.

Slide 12

Цехтың мүшесі болғысы келгендер оның төменгі екі сатысынан өтуге міндетті болды. Цехта шәкірттің көмекші шеберге, одан шебер дәрежесіне көтерілуі үшін бірнеше жылдар қажет еді. Көптеген қалаларда цехқа бағыныштылық қолөнермен айналысқысы келгендер үшін міндетті шарт болатын, яғни, қолөнердің нақты түріне цехтық монополия орнаған еді. Цех мүшелері өндірген бұйымының кедергісіз өтуін және сапасын қадағалады. Осы мақсатпен цехтық жарғылар қабылданды. ХІV-ХV ғасырларда цехтар Батыс Еуропада прогрессивті роль атқарды. Цехтар өндірістік тәртіпті нығайтты және қолөнершілік еңбекке жүйелілік пен тұрақтылық сипатын берді.

Slide 13

Қалалардың пайда болуы жалпы Еуропа дамуына тән қоғамдық еңбектің бөліну нәтижесі. Әлеуметтік-экономикалық салада қолөнердің егіншіліктен бөлінуімен, шаруашылықтың әртүрлі сатыларындағы тауар өндірісінің дамуы мен айырбас, әлеуметтік-саяси салада мемлекеттік құрылымдардың атрибуттары мен институттарының дамуымен сипатталады.

Slide 14

Ортағасырлық қала феодал жерінде пайда болғандықтан, феодалға бағынуға міндетті болды. Алғашқы қала тұрғындары кейбір жағдайларда қала сеньорына бағынышты болды. Олардың қолында барлық қала билігі шоғырланды. Қала феодалға бірталай пайда әкелгендіктен алғашқы кезде олар қаланың дамуына мүдделі болды. Феодалдардың қаладан табатын пайданы өсіруге деген ұмтылысы коммуналдық қозғалыстарға алып келді.

Slide 15

Қаланың қалыптасу процесінде феодалдық Еуропада ерекше қала сословиясы пайда болды. Экономикалық жағынан бұл сословия сауда-қолөнер қызметімен байланысты болды. Саяси-құқықтық жағынан сословия өздеріне тән артықшылықтар мен еркіндіктерді иеленді. Толық құқылы қала тұрғыны «бюргер» түсінігімен астасты. «Бюргер» сөзі еуропаның бірталай елдерінде алғашқы кезеңде барлық қала тұрғындарына арналды. Мүліктік және әлеуметтік жағдайына байланысты барлық қала тұрғындары тең болған жоқ. Ауқатты саудагерлер патрициат, қолөнершілер мен үй иелері, қала плебейлері болды. Феодалдық қаланың әлеуметтік-саяси өмірінде қала тұрғындары ерекше орын алды.

Slide 16

Батыс еуропада қалалардың пайда болуы мен өсуі ішкі және сыртқы сауданың дамуына әсер етті. Ортағасырлық сауда мен қолөнерде қалалықтар жетекші позицияларды иеленді. Ортағасырлық мәдениеттің дамуында да қала сословиясы прогрессивті үлесін қосты. Қалада жігерлі де қайратты, ақшаны қайда жұмсауды ақылмен шеше алатын іскер адамдар өмір сүрді. Жерорта теңізі бойында сауда нүктелері қаптап кетті. Көбіне олар итальян саудагерлерінің факториялары еді. Олардың көпшілігі Венеция мен Генуядан шықты. Бұл теңіз республикаларының тамаша сауда және соғыс флоты болды.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Рыцар мәдениеті
Жетісудың қалалары
Көне түріктердің рухани мәдениеті және Ұлы Жібек жолы
Жетісудың қалалары туралы
Қазақстандағы археологиялық қазба - ескерткіштер
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Ортағасыр мәдениетінің христиандық типі
Ортағасырлық феодалдық қоғамның дамуы
Көне қалалар
Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz