Ішкі форма - берілген барлық құралдардың жиынтығымен тұтастай сәйкес келетін, адамның ақыл ойында жүзеге асатын ойлаудың түзілісі
Презентация қосу
Дәріс 7.2
Академиялық жазудың құрылымы.
Академиялық жазудың негізгі
түсініктері мен түрлері
Жоспар:
1.Мәтінмен жұмыс (жоспар, көшірме,
тезис, аннотация, рецензия, конспект,
цитата).
3. Ғылыми түсініктер, ғылыми атаулар
(терминология).
Филология, ең алдымен, мәтінді түсінумен, оны
талдаумен байланысты ғылым. Кез келген мәтін тілдік
таңбалардың жүйесі ретінде қабылданып,
байланыстылық, шектеулілік, тұтастық тәрізді маңызды
қасиеттер иеленеді. Бұл қасиеттер мәтіннің мазмұны
мен барлық компоненттерінің өзара қарым-
қатынасынан байқалады. Ғылымда мәтінге берілген
анықтамалар әртүрлі. Бұл, негізінен, мәтіннің күрделі
тілдік құбылыс екенімен және әр зерттеушінің өзіндік
ұстанымымен түсіндіріледі. Ғалым М.К.Ахметова
«Мәтін лингвистикасы» атты еңбегінде әртүрлі
ғалымдардың тұжырымдары бойынша мәтіннің тіл,
сөйлеу, интеллект факторларының бір-бірімен өзара
байланысқан біртұтас кешені екенін айта келіп,
мәтіннің басты белгісіне сыртқы және ішкі
формалардың бірлігін жатқызады.
«Бұл жерде сыртқы форма – тікелей қабылданып
ұғынылатын тілдік құралдардың жиынтығы мен автордың
түпкі ойын жүзеге асыратын олардың мазмұндық жағы
болса, ал ұғынылатын нәрсе оның ішкі формасын
құрайды. Ішкі форма – берілген барлық құралдардың
жиынтығымен тұтастай сәйкес келетін, адамның ақыл
ойында жүзеге асатын ойлаудың түзілісі».
Лингвистикалық сөздіктерде мәтінге келесі анықтамалар
беріледі:
«Мәтін – латынша байланысу, қосылу, тұтасып кету.
Басты қасиеті тұтасым және байласым болып саналатын
мағыналық байланыстармен біріккен таңба бірліктерінің
тізбегі».
«Мәтін – жүйеленген, тұтасқан, тиянақталған және
мағыналық жақтан өзара байланысқан сөйлемдердің
тізбегі. Ауызша немесе жазбаша сөйлеу туындылары».
Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен
орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден
білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде
болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін
түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын
жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет
етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл
бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-
білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді
қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған
байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі
жүргізгенде және оқушының сауатты оқу
дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты
нәтижеге қол жеткізе алады.
Жоспар - іс әрекеттің мазмұндық
бағдарларын беретін, оның тәртібін, көлемін,
уақыт аралығын анықтайтын құжат. Түрі мен
типіне, уақыты мен мазмұнына байланыссыз
жоспар келесі қызметтерді орындайды:
бағыттайтын, ол іс әрекет сферасын
анықтайды: жоспар жұмыстың мазмұндық
шектерін бейнелейді, пәнді, педагогикалық іс
әрекеттің нақты түрлері мен бағытын
көрсетеді ... кординатциялық немесе
ұйымдастырушылық.
Көшірме (лат. copia) - 1) дәл сурет, нақыштау, қайта
жазу немесе сурет салу арқылы тізім. 2) автордың өзі
түсірген көшірмесі. 3)әңгімеде керемет ұқсастықты
білдіретін көшірме.
Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын
тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты
ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер
келтірілуі тиіс. Негізгі тезистер - дерек көзінің
мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар.
Мұндай тезистерден кейбір жағдайда
материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын
жеке жазбалар жасалады. Қарапайым тезистер –
бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің,
рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.Кез
келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым
тезистер көбірек кездеседі.
Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo –
ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама
жинақтың, қолжазбаның мазмұнын
оқырманға қысқаша баяндау. Ол - кітаптың,
мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық
бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша
сипаттама, алайда бұл жанр туралы да
әртүрлі тұжырымдар бар. «Аннотация -
шығарманың қысқаша мазмұны» деген
сипаттаманы ұсынады. Аннотация, әдетте,
кітапқа жазылатын еңбектің бірінші бетінде
берілетін өте шағын жазба түрінде және
баспасөзде басылатын шығарманың қысқаша
мазмұнымен бірге қосымша пікір, үгіт-
насихат жасауға құштар авторлардың
мақаласында кездеседі.
Рецензия (ағылш. Review) — журналистика,
сонымен қатар ғылыми және көркем өнер
сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа
туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның
қысқаша талдамасын және бағасын қамтилы.
Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б.
туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия
жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз
бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі
айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін
ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да,
көп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме
болып отырған шығарма мен оның авторы
аясынан асып түсіп, ғылым мен техниканың,
көркем әдебиет пен өнердің, т.б.
Конспект (лат. conspectus-шолу) - негізгі ақпарат
көзінің мазмұны қысқаша және дәйекті баяндалған
жазбаша мәтін.
Дәйексөз, цитата (лат. cіto– келтіремін,
шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған
үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен
тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін,
құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.
Дәйексөз, негізінен, баспасөз материалдарында,
ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі
қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген
сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым
еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте
айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып,
жарасым табуы тиіс.
Цитата - (лат. Сііо- келтіремін, шақырамын)–
баяндалып отырған пікірдің дәлелді болуы
үшін бір автордың шығармасынан алынған
үзінді. Цитата ықшамды күйде алынады.
Цитата әдетте тырнақшаға алынып жазылады.
Сілтеме - сілтенетін, (біреудің еңбегінде
айтылған ескертүшілік), ссылочное
примечание- сілтеме ескертпе деген
мағынаны білдіреді. Сілтеме- бұл белгілі бір
автордың ой пікірін өз жұмысымызда
майдалансақ, онда оған сілтеме келтіріледі,
яғни әдебиеттің тізімін құрудағы альфавиттік
реті және сол пайдаланылған бет саны жақша
арқылы көрсетіледі.
Әдебиеттер:
1. Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А.
Ғылыми зерттеулердің негіздері. оқу-әдістемелік құрал
Алматы 2005ж. (5-15 бет).
2. Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама.
Қазақстан тарихы. -2007. - № 2
3. Мастобаев, Ю. А. Основы научных исследований
[Текст]: учебное пособие для студ.вузов / Ю. А.
Мастобаев. - Алматы: Эпиграф, 2017. - 84 с.
4. Смайлов, С. Ш-А. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының
негіздері [Текст] : оқу-әдістемелік нұсқау / С. Ш-А.
Смайлов, Ә. Қ. Елемесов. - Павлодар : ПМПИ, 2015. -
46 б.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz