Қазақстан Республикасындағы ветеринария саласы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы ветеринария саласы

Орындаған: Байкен. Д. Е

Тобы: ВМ-901

Тексерген: Жумабеков. С

Slide 2

Кіріспе

Ветеринария; (лат. veterinarius - малды бағып-қарайтын қызметкер, жануарларды емдейтін маман) - жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, мал дәрігерлік сараптау және тексеру арқылы санитарлық тұрғыдан таза жануарлар өнімдерін өндіру нәтижесінде, адамзатты антропозооноз (адамға жұғатын) ауруларынан сақтау, сыртқы қоршаған ортаны қорғаудағы ветеринарлық-санитарлық проблемаларды шешу мәселелері туралы ғылыми ілім.

Slide 3

Жануарларды емдеу туралы көне мәліметтер 4 мыңыншы жылдардан бері белгілі. Ветеринарияның дамуы медицина, биология, химия, физика және т. б. табиғаттану ғылымдарының дамуымен тікілей байланысты.

Ветеринарияның ғылым ретінде қалыптасуына К. Алкмеон, Гиппократ, К. Гален, К. Буржела, Э. Дженнер, В. И. Всеволодов, К. И. Скрябин, С. Н. Вышелесский және т. б. ғалымдар атсалысқан.

Slide 4 Slide 5

Ветеринария - қалыпты анатомия, гистология, физиология, биохимия, патологиялық анатомия және физиология, ветеринарлық микробиология және вирусология, эпизоотология, паразитология, ветеринарлық санитария, ветеринарлық-санитарлық сараптау, клиникалық анықтау (диагностика), емдеу (терапия), хирургия (оташылық), фармакология, жануарлар гигиенасы, ветеринарлық акушерлік және гинекология сияқты ғылыми салаларды біріктіреді.

Slide 6

Ветеринарияның алдыңда тұрған кезек күттірмейтін мәселелер: жануарларды жұқпалы аурулардан қорғаудың жаңа әдістерін (оның ішінде вирусты және гельминтозды - құрт ауруларды) табу, осы аурулардан адамзатты қорғау, елі- міздегі ветеринарлық жағрапияны зерттеу арқылы жұқпалы аурулар таралуының алдын алу, шаруашылық қожалықтарындағы малдарды жұқпалы аурулардан сақтау және ауырған малды емдеу, сөйтіп, мал басының көбеюіне тікелей ықпал ету.

Slide 7 Slide 8

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық түлікпен және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Бағдарламада арнайы кешендерді, фермерлік қосалқы шаруашылықтарды дамыта отырып, алдағы уақытта малшаруашылығы өнімдерін көбейту қарастырылған. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта мал ауруларын анықтау мен оны емдеудің алдыңғы қатардағы әдістері мен жолдарын табу және практикаға енгізу, сонымен қатар жануарлар мен құстардың ауруларын және шығынын азайтатын ветеринариялық санитариялық шараларды жүзеге асыру жүйесі ойластырылуда.

Slide 9 Slide 10

Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары.

Slide 11

Әлемнің және республикамыздың ветеринария саласындағы жетістіктері де айтуға тұрарлықтай. Көрнекті ғалымдардың жан жақты жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде жануарлардың көптеген ауруларын жою әдістері және аурулардан сақтандырудың жолдары ойластырылып табылған. Сондай ақ Қазақстан Республикасында сиыр обасы, ала өкпе қабынуы, жылқы маңқасы жойылған.

Қазақстанда 1810жылға дейін жануарлар ауруларын емдеумен малшы қазақтар өздері айналысқан, содан кейін Ресейден жұмыс бабымен келген ветеринарлық мамандары, ал 1891жылдан бастап ветеринариялық қызмет жекеленіп, өз алдына бөлініп шыққан. Мамандарды Омбы, Тобыл ветеринариялық мектептері, сонымен қатар Қазан, Юрьев, Варшава ветеринариялық институттары дайындаған. 1897 жылы тұңғыш ветеринариялық бактериологиялық лаборатория Оралда ашылған. 1920 жылы ветеринариялық бас басқарма құрылып, Қазақстанда ветеринариялық саланың дамуына А. П. Петровский, У. Б. Базанов, Т. И. Исенгулов, К. И. Скрябин, А. П. Сейдалин және тағы да басқа ғалымдар үлкен үлес қосқан.

Slide 12 Slide 13

Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады) . «Ветеринария туралы заң» негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.

Slide 14

Жұқпалы аурумен күресудің негізі аурудың алдын алу болып табылады. Сиыр шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық шаралар шаруашылықтың жоспарлы жұмыстары құрамына кіреді және мал шаруашылық мамандарымен біріге отырып жүргізіледі.

Жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларымен күресу мақсатында кешенді жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Жануар ағзасының саулығын қорғау, шаруашылық мамандарының күнделікті жұмыстарының басты нәтижесі болып саналуы қажет. Жануар өнімінің өнімділігін арттыру және ның саулығын сақтау өзара тығыз байланысты.

Slide 15 Slide 16

Осыған байланысты, шаруашылық мамандары міндеттерінің қатарына мына төмендегілер жатады:

1. Жануар ауруының сыртқы және ішкі себептерін білу;

2. Кеңінен тараған аурулардың пайда болу себептерін алдын алу шараларын анықтау;

3. Қарапайым емдеу әдістерін қолдана от ырып, ауру малға алғашқы көмек көрсету;

4. Ең көп тараған жұқпалы емес аурулардың пайда болуын және алдын алу жолдарын білу;

5. Мал басын қорғау мақсатында сақтық шараларын жүргізу;

6. Ветеринариялық мамандарға арнаулы шараларды жүргізуге көмек беру;

7. Мал шаруашылығы мамандарының ветеринариялық санитариялық білімін жетілдіру.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Кедендегі ветеринариялық менеджмент
ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Қазақстан Республикасындағы даму тарихы
Алматы филиалы
Шалабай ЖШС
Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы 1999 ж. 13 шілдедегі No 422-1 Қазақстан Республикасының Заңы
Дәрілікөсімдіктердіңшикізаттарына - қалыптылықтехникалыққұжаттардайындау
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫН
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАР
Ветеринариялық шаралардың қаржыландыру көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz