Сара Тастанбекқызы өмірі мен шығармашылығы
Презентация қосу
“Сара Тастанбекқызы
өмірі мен
шығармашылығы”
Орындаған: Жумамуратова Тумарис ҚТӘ-312
Тастанбекқызы Сара (1853-
1907)
• Тастанбекқызы Сара (1853-1907) – атақты
суырып салма ақын, сөз майталманы,
айтыс өнерінің қайталанбас шебері.
Алматы облысының Қапал ауданында
дүниеге келген. Руы Найман. Өзінің қысқа
ғұмырында тауқыметтің талайын көріп,
әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған
Сараның шығармашылық жолы тым ауыр
да күрделі. Ол үш жасында әкесінен
айырылып, еңсе басқан жетімдік пен
жоқшылықтың зардабын көріп өседі.
Өмірі
• Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын
қыздың тағдыр тізгінінің өз қолдарынан сусып, шығып бара
жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай,
оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан
дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз
теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке
жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің
бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып
қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің
игі жақсыларымен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы
баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын білдіреді.
Өлеңдері
• Оның жастайынан ақындық жолын ұстағанына «Он үште
домбыра алып сөз сөйлеп ем, Келемін бір сүрінбей жалғыз қара»
деген өлең жолдары дәлел. 1889 жылы Ә.Найманбаевпен, 1900
жылы Төребай Есқожаұлымен айтысқан. Ақынның «Жүрек»,
«Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры»,
«Жайлауда», «Әбіштің аруағына», «Хош бол, елім» секілді
көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.
Біржан-Сара айтысы
1906 жылы ойламаған жерден найман елін
аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан
салмен кездесіп, шаршы топтың алдында
онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл
айтыс Сараның халық алдындағы беделін
арттырып, атағын алысқа жаяды. Біржанмен
айтыс 1871 жылы Талдықорған облысының
Қапал-Ақсу өңірінде өтті. Айтыс бірнеше
күнге созылды. Бұл айтыста махаббат,
әлеуметтік мәселелер қозғалса, әйел теңдігі,
адам тағдыры, ақындық өнер, әдет-салт
жайлары жан-жақты жырланады.
• Бұл айтыс Сараның халық алдындағы
беделін арттырып, атағын алысқа жаяды.
Біржанмен айтыс 1871 жылы Талдықорған
облысының Қапал-Ақсу өңірінде өтті. Айтыс
бірнеше күнге созылды. Бұл айтыста
махаббат, әлеуметтік мәселелер қозғалса,
әйел теңдігі, адам тағдыры, ақындық өнер,
әдет-салт жайлары жан-жақты жырланады.
Біржан мен Сара әңгімені амандасып-
көрісуден бастап, келе-келе ұзақ сүреге
түседі. Екеуі де алғыр, елге атағы шыққан
әйгілі ақын екендігін танытады, бірін-бірі
қорқыта шошындыра сөйлейді. Біржан
Сараның аяғын аттатпай бірден апшысын
қуырып, ақын қызды ықтырып алмақ
болады.
• «Зерттеу мәліметтеріне қарағанда, бұл
айтысты 1872 жылы ауыз әдебиетін
жинаушы Жүсіпбек Шайқысламұлы
Сараның өз аузынан жазып алған. Айтыс
1898 жылы Қазан қаласындағы ағайынды
Каримовтар баспасынан жарық көрген.
1913 жылға дейін 5 рет қайта басылып,
ел арасына кең таралған. Айтыстың
алғашқы нұсқасы 969 жол, екіншісі 1080
жол, үшіншісі 1907 жол болып баспадан
шыққан екен. Кеңес үкіметіне дейін 8 рет,
Кеңес үкіметі тұсында 2 рет жарияланды.
Бұл айтыстың теңдесі жоқ көркем,
шоқтығы биік екенін дәлелдейді», — деп
жазылған.
Ақын Сара кесенесі
Ақын Сара кесенесі — белгілі қазақ
ақыны Сара Тастанбекқызының бейітінің
басына 1993 ж. орнатылған ескерткіш. Ол
бұр. Қапал ауданының "Қапал"
кеңшарындағы "Қарашоқы" қорымына
салынды. Биіктігі 10 м, табиғи тастан
қаланған күмбезі бар. Ақын Сараның
жерленген орнын жергілікті мәдениет
қызметкерлері (М Алыбаевтың
басшылығымен) 1979 ж. анықтаған.
Кесене ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген,
республикалық дәрежедегі ескерткіштер
қатарына жатады.
• Сара шығармашылығында «Тағдыр
тәлкегі» дастанының орны ерекше.
Шығармаға ақын қыздың өмір жолы негіз
болған, бостандыққа қол жеткізу
жолындағы күресі жырланған. Лирикалық
өлеңдері көбіне өз тағдырын, жеке
басының мұң-зарын арқау еткен және
нәзік лиризм мен ой-толғаныстарға толы.
1993 жылы Т.Қалилахановтың «Ақын
Сара» атты кітабы «Жалын» баспасынан
жарық көрді. Талдықорған қаласында,
Алматы облысының Ақсу ауданында
ақынға ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ
туып-өскен жерінде мұражай ашылған.
Назарларыңызға
рақмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz