Қазақстан Азамат соғыс жылдарында
Презентация қосу
Қазақстан Азамат
соғыс жылдарында
Қазақстан азамат соғысы
жылдарында
Қазақстан азамат соғысы
жылдарында — жұмысшы-шаруа
Кеңестерінің орталықтағы және
жергілікті жерлердегі билікті басып
алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған
таптардың қарулы қарсылығын
туғызды. Азамат соғысы билік үшін
күрестің жалғасы болып шықты,
сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы
көтерілісі мен Азамат
соғысының арасында айқын шек
болмады. Ел 1917 жылғы 25
казаннан бастап Азамат соғысы
жағдайында өмір сүрді немесе бұл
дата елді таптық белгісі бойынша бір-
біріне жау екі лагерьге бөліп
тастады, арадағы күрес бітіспес
қанды қырғынға ұласты.
Қазақстанда Азамат соғысы
ошақтарының бірі Орынбор
губерниясы мен Торғай облысының
әкімшілік орталығы Орынборда —
қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы
қарашаның аяғында Кеңес өкіметін
құлатып, Кеңестердің II
Бүкілресейлік съезінің делегаты С.
Цвиллинг бастаған революциялық
комитетті тұтқындауымен пайда
болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917
жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда
«Алаш» партиясының II Бүкілқазақ
съезі болып өтті. Съезде Уақытша
халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш
автономиясы үкіметі) құрылды.
Антикеңестік күштер
Кеңеске қарсы күштер
Орынбордан басқа Жетісу
мен Оралда да топтасты.
Бұл аймақта антикеңестік
күштердің әлеуметтік
базасын Жетісу мен
Оралдағы қазақ әскерлері,
көпестер мен саудагерлер
құрады. Кеңес өкіметіне
жергілікті
алашордашылар да қарсы
шықты.
Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлер Верный
қаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде
алаш полкі құрыла бастады. Ақ қазақтар диктатурасы
Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық
шараларын жүргізді. Шаруалар депутаттары облыстық
Кеңесі газетінің редакторы Березовский, жұмысшы
Овчаров айуандықпен өлтірілді, көптеген жұмысшылар
мен солдаттар — жергілікті Кеңестердің мүшелері
тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917
жылы қарашада Оралда қалыптасты. Осында құрылған
Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери үкіметі» ақ
гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак
элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер,
меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде
қолдау көрсетті.
Азамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік
соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия
армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак
корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы
қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы
мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде —Транс
сібір магистралінің ұзына бойында Кеңестерге қарсы
шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі
контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып,
Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын
басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі
большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа
келтірді. 1918 жылы 11 маусымда Кеңес өкіметі
Семей қаласында құлатылды.
Назарларыңызға
рақмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz