ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР


Slide 1

ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР

Орындаған: Батрачина Аделия

306-топ студенті

Slide 2

Интерактивті оқыту дегеніміз не?

Интерактивті оқу (оқыту) - әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрену (үйрету) .

нақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жол деп есептеледі, себебі адамның жадында бірінші кезекте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны қалады.

Ағылшын тілінен келген «interaktiv» сөзіндегі «inter» «өзара» мағынасын, ал «akt» «әрекет жасау» дегенді білдіреді.

интерактивті әдістер - үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа ықпал жасайтын әдістер.

Конфуций 2500 жыл бұрын «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң - үйренемін» деген екен

Slide 3

Білім берудің кейбір тәсілдерін қолданғанда ақпараттың 24 сағат ішінде есте сақталуы

Тәсілдер

Есте сақталу деңгейі

1

Лекция

5%

2

Кітапты, мәтінді оқу

10%

3

Аудио және видео құралдарды қолдану, жазу

15%

4

Кесте, сурет, жоба басқа да көрнекіліктерді көрсету

30%

5

Пікірталас, талқылау

50%

6

Практикалық іс әрекеттер

75%

7

Үйренген білімді дереу қолдану, басқаларды үйрету

90%

Slide 4

Интерактивті оқыту

Білім беруде оқытудың бірнеше моделі қолданыста: пассивті - білім алушы оқытудың “нысаны” ретінде ғана (Білім алушы тыңдайды және көреді)

Slide 5

Оқытудың интерактивті технологиясы

- бұл ұжымдық, бірін бірі толықтыратын, білім алушының оған қатыспай қалуы мүмкін емес оқытуды ұйымдастыру үрдісі, ол таным процесінде оқып үйренуде оған барлық қатысушылардың өзара бірлесіп әрекет жасауына негізделген.

Slide 6

Интерактивті оқыту әдістері

1. Жұптасып жұмыс жүргізу - Работа в парах

2. Айналым - карусель

3. Аквариум

4. Броундық қозғалыс - Броуновское движение

5. Шешім ағашы - Дерево решений

6. Позиция таңдау - Займи позицию

7. Кейс-стади (нақты жағдайды талдау)

8. Рөлдік ойын - Ролевая игра

9. Зерттеу (жобалар) - Исследования (проекты)

10. Семинар - пікірталас - Семинар-дискуссия

11. Ой қозғау - Мозговой штурм

12. Дөңгелек стол - Круглый стол

13. Іскерлік ойын - Деловая игра

Slide 7

1. Жұптасып жұмыс істеу - студенттер берілген тақырып бойынша бір біріне сұрақ қоюға және оған жауап беруге үйренеді.

2. Айналым - екі шеңбер құрылады: ішкі және сыртқы Ішкі шеңберде студенттер қозғалыссыз отырады, ал сыртқы студенттер 3 минут сайын ауысады. Осылай, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпта пікір алсып әңгімелесушіні өз пікірі дұрыстығына сендіруге тырысады.

Slide 8

3. Аквариум - бірнеше студенттер мәселе бойынша өзара пікір алысады, ал басқалары бақылап отырады және талдайды.

4. Броундық қозғалыс - берілген тапсырма бойынша студенттердің мәлімет жинау мақсатында дәрісханада еркін қозғалуына мүмкіндік береді.

Slide 9

5) Шешім ағашы - топ студенттері сан жағынан бірдей 3 немесе 4 шағын топтарға бөлінеді. Әрбір топ берілген тапсырма бойынша бірлесіп талдайды да өз ағаштарына (ватманға) пікірлерін жазады. Одан кейін топтар ауысады да көршілерінің ағаштарына өз ой пікірін жазады.

Slide 10

6) Позиция таңдау - белгілі бір шешім, пікір оқылады студенттер «ИӘ» немесе «ЖОҚ» сөзбен плакатқа келеді, содан соң өз таңдаған позициясын түсіндіреді.

Slide 11

Интерактивті оқыту тараптар арасындағы контакт, қарым қатынас, бірлескен жұмыс арқылы жүзеге асырылады

Бір бірімізді, тыңдай білейік

Бірлескен жұмыста актерлер мен көрермендер жоқ, бәрі де қатысушылар!.

Әрбір қатысушы өз пікірін білдіруі керек.

Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!

Жеке бастың қасиеттері сыналмай, тек пікірлер ғана сыналады.

Мәселе жеңіске жетуде емес, басқалардың пікірін біліп, шешімнің ең тиімді жолын табуда.

Басқалардың пікірлерін сыйлайық!

Бірлесе жұмыс жасауға ұмтылайық!

Бір мәмілеге келуге атсалысайық!

Жанжалдарды болдырмауға ұмытылайық!

Slide 12

Интерактивті оқыту әдісінің түрлері

Интерактивті оқытуда проблемалық лекция, семинар, топтық тақырыптық пікірталас, нақты ситуацияны талдау әдісі, инцидент әдістері, блиц-ойындар, мини-ойындар, компьютерлік ойындар т. б. кеңінен қолданылады.

Пікірталас - аудиторияда немесе шағын топ ішінде нақты бір өзекті проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен танысып, тиімді шешім қабылдау әрекеті.

Пікірталас - оқу және оқытудың тиімді тәсілдерінің бір. Себебі, білім алушылар қандай да бір өзекті мәселені немесе проблеманы талқылауда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жинақтап, оларды қолдана отырып, өз көзқарастарын жеткізуге, шешім қабылдауға, өзге пікірлерді ескеруге және оларды айналымға түсіруге үйренеді.

Slide 13

Пікірталастың басты мақсаты - әрбір білім алушының қарастырылған проблема бойынша өзіндік пікірін, көзқарасын, тиімді шешім қабылдауын қалыптастыру.

Пікірталаста мынадай ереже сақталуы керек:

1. Пікірталаста тұлғаның жеке қасиеттері сыналмай, тек көзқарас, пікір, пайымдау ғана сыналу керек.

2. Пікірталаста басты мақсат жеңу мес, ақиқатқа жету.

3. Басты этикалық ереже: басқа пікірлермен келіспеуге болады, алайда оларды сыйлау керек.

4. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлуге болмайды.

5. Пікірталас - ақиқатқа жетудің тиімді жолы.

Slide 14

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ


Ұқсас жұмыстар
Негізгі интерактивті әдістер
Мультимедиа технологиясы туралы ақпарат
Интерактивті оқыту технологиялары
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР
Оқытудың белсенді әдістері
ҚҰРЛЫҚТАР МЕН МҰХИТТАРДЫҢ ОҚЫТУДЫҢ МЕТОДИКАСЫ
Ақпараттық технологиялар арқылы инновациялық әдістерді қолдану бойынша сабақты өту әдісі
Төртінші ереже
Дәстүрлі емес сабақтарды интерактивті әдістер арқылы оқыту
Интерактивті оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz