Ірі қара мал кешенін жоспарлау



Ірі қара мал кешенін жоспарлау
Орындаған:Оспанова А
Қабылдаған:Жантуева Ш

Жоспар
2
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Ірі қара малдарын ұстау жүйелері
2
3
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Hello!
3
Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы.
Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур . Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, тұрлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен.

4
Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байланысты, оларға арналған шаруашылықтар (фермалар) :
Тұқымдық
мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға арналған
Өнімдік
ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шаруашылықтар
Мал басын толықтандырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және бордақылау бағытындағы шаруашылықтар
Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен айналысатын шаруашылықтар

Тұрақты орны тегіс, тайғақ емес, ойық шұңқыры жоқ, сәл артқы жаққа қарай су ағар еңістігі бар (1 градустан аспау керек) болу қажет
Тұрақ орнының астына сұйық өтпейтін, яғни мал нәжістері өтіп, сіңіп, одан зиянды газдардың (аммиак, күкірітті сутегі) бөлінуіне жол бермеуі керек.
Тұрақ орындары мал организміне жайлы, жылу өткізгіштігі төмен, су сіңіргіш емес, құрғақ материалдардан жасалуы керек.
5
Тұрақ орындары сыртқы факторлардың және химиялық ерітінділердің (дезинфекциялық) әсерлеріне төзімді болу керек.
Малдар байланатын тұрақтарға мынадай негізгі гигиеналық талаптар қойылады:
Мұндай талаптарға көбінесе ағаш материалдардан жасалған, жасанды керамзит қиыршықтарынан, беті кордо-резинді материалдар мен қапталған тұрақ орындар сәйкес келеді.

6
Ірі қара малдарын ұстау жүйелері
Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып, олардан алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағытталған әртүрлі азықтандыру, суару, орналастыру, байлау, жаю т. б. технологиялық тәсілдердің жинағы - малдарды ұстау жүйелері деп аталады.

7
Қолда тұрғызып-жайып ұстау
Қолда тұрғызып ұстау.
Малдарды өсіру қарқынына жер орайы, ауа райының ерекшеліктеріне байланысты отырып ірі қара малдарын ұстаудың мынадай жүйелері болады
Бұл жүйе көбінесе сүт өнімін өндіруге арналған шаруашылықтарда кең таралған, себебі ветеринариялық гигиеналық тұрғыдан қарағанда бұл жүйеде ұстау кезінде малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді де, мал организмінің табиғи төзімділігін арттыруға мүмкіншіліктер туып, малдың өнімділік қасиеттері жоғарылайды.
Мұндай жүйе ірі қара малдарын көбінесе жайылым жерлері жоқ, немесе малдарды көптеп-топтап шағын жерлерде (комплекстерде) ұстағанда және аз уақыт ішінде малдарды қарқынды жолмен күтіп семірту мақсатында пайдаланады. Жаз айларында сиырларды жаюға шығармай тұрғызып қолда ұстап, дайындалған көк шөптерді шауып әкеп орнында азықтандырады.
Жайып ұстау жүйесі
кезінде малдар жылдың барлық мезгілдерінде де жайылымды пайдаланады. Шаруашылықты экстенсивті жолмен дамыту кезінде - көбінесе табиғи және жайлау шабындықты жерлерді пайдаланса, интенсивті даму тәсілінде-мәдени жасанды жайылымдарды қолданады.

Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған.
Сиыр - сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық әр түрлі қолтұқымдары өсіріледі.
Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі - ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі

9
Сүтті бағыттағы қолтұқымдар
Бұл бағытта өсірілетін ірі қара қолтұқымдарынан сүт алу мақсаты көзделеді. Қазақстанда қырдың (даланың) қызыл сиыры, әулиеата, алатау, қарала, симменталъ қолтұқымдары өсіріледі.
Қырдың қызыл сиыры. Қолтұқым XVIII ғасырдың соңында Украинаның далалы аймағында (Запорожье өңірінде) шығарылған. Сиырлардан жылына орта есеппен 3 800-4 500 л сүт сауылады. Сүтінің майлылығы 3, 6-3, 8 пайыз. Жаздың құрғақ ауа райынабейімделген. Қырдың қызыл сиыры Қазақстаннан басқа Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Батыс Сібірде таралған.

10
Әулиеата сиыры
Қол тұқым XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қырғызстан мен Жамбыл өңірінде шығарылған. Жергілікті сиырларды голланд қолтұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Дене тұлғасы ұзынша, басы - шағын, мойны - жіңішке, қатпарлы, мүйізі - қысқа, түсі - қарала. Жылына орта есеппен 3 000-3 800 л сүт береді. Қолтұқым оңтүстіктегі таулы аймақтық құрғақ әрі ыстық ауа райына шыдамды келеді
Қазіргі кезде ірі қара қолтұқымдарын асылдандыру шараларын ерекше көңіл бөлінуде. Сұрыптау жұмыстарында басты орын асыл тұқымды бұқаларды таңдап алуға тікелей байланысты. Сондықтан шет елдерде асыл қолтұқымды бұқалар өте қымбат бағаланады.

11
Сапалы сүт алу және алғашқы өңдеу
Сиыр фермаларында сапалы сүт алу үшін, оның санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай болуы қажет. Ал, сауыншылар, басқа да сүт өңдеуші жұмысшылар жеке-жеке гигиенаны дұрыс сақтауы қажет. Сүтті алғашқы өңдеу оны тазалаудан және суытудан басталады. Сүтті алғашқы өңдеу ГОСТ- тың талабына сай болуы қажет.
Сүттің өңдеу температурасы 100°С кем болмау қажет. I сортты сүттің қышқылдығы 16-180 Т, ал тазалығы -бірінші топқа, редуктазасы - 1 класқа сай болуы қажет. II сортты сүттің қышқылдығы 16-200 Т, ал тазалығы бойынша екінші топқа, редуктазасы - 2 кластан төмен болмауы керек. I және II сортқа жататын сүттің тығыздығы (плотность) - 1, 027 кем болмауы қажет.

12
Ең алғашқы болып өнеркәсіп масштабтарында сүт қышқылын алған Эвери болды. Сол кездерде нан жабуға қолданатын ұнтақты даярлаудағы, қолданылатын шарап қышқылды кальцийді сүт қышқылды кальциге ауыстыруға талпыныстар жасады. Бұл талпыныстар нәтижесіз болғынымен, сүт қышқылының басқабағытта, яғни жаңа салалардағы қолдануы арта түсті. 1887ж. бастап сүт қышқылын, ашыту процестері арқылы өндіру қарпынды дымыды. Нәтижесінде сүт қышқылын өндіру, өнеркәсіптің негізгі саласына айнала бастады. Қазіргі кездегі сүт қышқылын өнеркәсіпте - жүгері қанты, меласса және сүт сүзбесі арқылы алады.
Әрбір шаруашылықтағы сүтті алғашқы рет өңдейтін сүт бөлмесі болуы тиіс, оның негізгі міндеті сүтті тазалау және суыту, сонымен қатар, түскен сүтті есепке алу және сатуға ар-налған сүтті есепке алу.

13
Машинамен сауатын операторлардың алдында көптеген жауапты істер бар. Оған:
сапалы сүт алу және сауу аппаратын күту, тазалау және сиыр желінін бақылау. Сиырларды сауып біткеннен кейін, сауын аппаратын жылы сумен шаю қажет
Жаңа сауылған сүтте биологиялық ерекше заттар бар, оған лизоцим және лактонин жатады, олар зиянды микробтардың көбеюіне кедергі жарайды. Сүттің температурасы дұрыс жағдайда, жақсы заттардың әсері 2 сағатқа дейін сақталады, ал сүтті салқындатқан уақытта, оның жақсы қасиеті көпке созылады. Сондықтан сүтті сауып болысымен оларды салқындату қажет.
Сүтті салқындатудың ең оңай жолы, сүті бар флягтарды, суық ағынды суларға қою, ал екінші жолы компрессорлық қондырғыларды пайдалану. Әрине, ең алғашқы жүмыс, сүтті әр түрлі қоқыстардан тазарту және тезірек суыту. Сүтті тазарту үшін, флягқа құяр алдында фильтрден өткізеді. Фильтрден өткізу үшін, марло және лавсанды пайдаланады.

14
Сүт фермасында технологиялық жұмыстарды механикаландыру
Сүт өндіру фермаларында прогрессивті технологияны қол-данудың жолы, ол комплексті механикаландыруды пайдалана білу. Сүтті сиырларды байлап үстау уақытында сүтті өндіру үшін ең тиімді технология кешенді механикаландыруды қолдану. Оған:
сумен қамтамасыз ету және автоматты түрде суару, сиырларды сауу, мал азығын дайындау және тарату, қиын та-зарту жатады.

15
Сумен қамтамасыз ету әр шаруашылықтың жеке ісі, жалпы су қүбырына қосу арқылы және басқа да түрлері бар. Сиырлардың сиыр қорасында жеке-жеке суаратын автосуарғышы болады
Сиырларды машинамен сауу, түрған орнында тасымалды сауу аппараты арқылы өтсе, олардың сүтін флягқа жинайды. Жаз айларында сиырларды сауу УДС-ЗА қондырғысы арқылы өтеді. Машинамен сауу алдында, сиырлардың желінін және емшегін бағалайды, олардың желіндері астау, тегене жөне дөңгелек тәрізді, ал емшектері цилиндір, немесе конус тәрізді болуы шарт. Осындай машинамен саууға бейімді сиырларды екі тактылы машина аппаратымен сауады. Сиырларды механикаландыру тәсілімен сауу, олардың сүтін алғашқы өңдеумен ұштастыру арқылы өтеді, оған сүтті тазарту және суыту жатады.

16
Мал азығын механикаландыру арқылы дайындау, оның са-пасы және рационының қүрамына байланысты. Оған: азықты үстау, жемдерді бір-бірімен араластыру, тамыр түйнекті азықтарды тазарту және оларды кесу т. б. жұмыстар. Ал, өте ірі шаруашылықтарда механикаландырылған азық цехтары болады.
Мал азығын тарату, механикаландырылған мобильді механизмдер арқылы іске асады.

17
Сүт өндіру технологиялары
Пастерленген сүтті ұсақ ыдыстарда (құмыра мен пакеттерде), сонымен қатар флягтар мен цистерналарға құйып өндіреді. Қалалық сүт зауыттарында пастерленген сүтін төмендегі технологиялық кесте бойынша өндіреді.
Майлылығы 2, 5 және 3, 2% пастерленген сүтті өндіру үшін сапасы бойынша екінші сорттан төмен емес тұтас сүті және қышқылдығы 19°Т жоғары емес, тығыздығы 1030 кг/м3 төмен емес майсыз көк сүт және майдың массалық үлесі 30 %, қышқылдығы 24°Т жоғары емес кілегей қолданылады. Қаймағы алынбаған сүтті нормалау үшін жоғары майлылықтағы кілегей алу әдісімен өндірілген сары майдан алынған іркітті кеңінен ңолданады. Күз-қыс мезгілдерінде зауытқа сүттің келіп түсуі азайған кезде, сонымен қатар кейбір аймақтарда климаттың жағдайына байланысты сүт мүлдем болмаған кезде пастерленген сүтті өндіру үшін жоғары сапалы сүт қалбырлары пайдаланылады.

18
Шикізаттың барлың түрлері сапасы бойынша және стандарттардың талаптарына сәйкес сапасы бойынша қабылданады.
Шикізатты нормалау. Пастерленген сүттің барлық түрлеріне шикізатты майлылығы бойынша нормалайды. Қоспаның майлылығы дайын өнімнің майлылығынан 0, 05% көп болуы керек. Процесті нормалаушы-сепараторда немесе араластыру жолымен ваннада жүргізеді. Майдың массалық үлесі 2, 5-3, 2% пастерленген сүтті өндірген кезде ңаймағы алынбаған түтас сүттің массасын анықтайды.
Сүтті тазалау, гомогенизациялау, пастерлеу және салқындату. Осы операциялар ағында, арнайы желілерде орындалады. Осы желі қатпарлы пастеризатор-салқындатқыш қондырғысынан, сүт тазалағыш сепаратордан және гомогенизатордан тұрады. Нормалаудан кейін қоспа сыйымдылықтан пастеризатор-салқындатңыш қондырғысының бірінші рекуперация секциясына келіп, 40-45 °С температураға дейін қыздырылады. Қыздырылған сүт сүт тазалағыш сепараторға жіберіліп, механикалық ластардан тазартылады. Рекуперацияның екінші секциясында сүт 60 С-қа дейін қыздырылып гоомогенизаторға жіберіледі.

You can insert graphs from Excel or Google Sheets
19
4000
3000
2000
1000
0

Қорытынды
Қорыта айтқанда сиырлардың сүттілігі сұрыптау жұмысындағы көңіл аударатын ең басты қасиет және ол тұқым қуалаушылық және азықтандыру жағдайына байланысты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz