Сорбонна Париж университеті




Презентация қосу
Жоғары білім беру жүйесі: өткені мен бүгіні.
Жоғары білім берудің пайда болуы жəне дамуы
Университет жəне оның құрылымы. Орта ғасырларда жоғары білім берудің өзегі болған білім беру мекемелері - университеттер
пайда болды. Университеттердің ғибадатханадан басты айырмашылығы ғылымды оқыту (философия, логика, математика)
болды.

Университет - жоғарғы оқу орны, онда 1) іргелі жəне қосалқы ғылымдар бойынша мамандар Кафедра - жоғары оқу орнындағы
дайындайды, 2) ғылыми-зерттеу жүмыстары жүргізіледі. профессорлық-оқытушылық
Университет басшысы ректор болып табылады. құрамы жəне бір немесе бірнеше
Университеттер өз құрамында ғылыми білімнің негізін құрайтын əртүрлі пəндердің жиынтығы тығыз байланысқан ғылыми
болатын бірнеше факультеттерді біріктіріп отырады. пəндер ғылыми қызметкерлерінің
бірлестігі.

Факультет - университеттің негізгі əкімшілік жəне құрылымдық бірлігінің бірі. Факультеттер бір-бірінен бағыттық пəндердің өзгешелігімен ерекшеленеді.
Əрбір факультет бірнеше бөлімдерді біріктіреді жəне келесі салаларда олардың жұмысын үйлестіріп отырады:
1)ғылыми - əртүрлі пəндерді оқу;
2)қандай да бір материалды зерттеушілік-төжірибелік оқып-үйрену;
3)оқыту - студенттерге, жоғары оқу орнында оқушыларға пəндерді, сабақтарды оқыту
4)тəрбиелік - оқыту арқылы студенттердің бойына əртүрлі қасиеттерді сіңіру.
Факультет жетекшісі - декан.
Əрбір факультетте: бір немесе бірбіріне жақын бірнеше мамандыққа дайындалуға; білім деңгейін жəне өзінің кəсіби машығын жоғарылатуға; факультет
құрамына кіретін кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмысына қатысуға студенттерге мүмкіншілік беріледі.
Алғашқы университеттер
Б.з.б.VII-V ғасырлардағы жұмыс істеген əлемдегі ең ежелгі университет Александрия университеті болып саналады. 855 жылы Константинопольде белгілі
ғалымдар жиналған арнайы «грек ғылымы мен мəдениеті орталығы» Магнавр жоғары мектебі (Константинополь университеті) негізі қаланды. Онда
грамматика, риторика, философия, арифметика, геометрия, музыка, астрономия жəне медицина сабақтары жүргізілді.
Қазір жұмыс істеп тұрған университеттердің ең бұрынғы, ескісі - Каруайн университеті - 859 жылы Фес қаласында (Марокко) салынды. Ол мұсылман əлемінің
рухани жəне білім беру орталықтарының бірі болды.
Ортағасырлық Еуропада университеттердің пайда болуы білімді өкімшілер, заңгерлер, медицина қызметкерлері, дін қызметшісі болуы қажеттілігі туындады.
Қоғамның осы сұранысына жауап ретінде білім берудің жаңа түрі - университеттің құрылуы болды.
Алғашында университеттер шіркеу мектептері негізінде құрылып, діни білім беру жүйесіне кірді. Олардың міндетіне философия, діни қызмет, құқық жəне
медицина саласының мамандарын дайындау кірді.

Еуропада алғашқы университеттер IX ғасырда Италияда
Салерно қаласында жəне XI ғасырда Болоньяда пайда
болды. Болонья университеті алғашында рим құқығы
негізінде заңнамалық ережелер қарастырылған мектеп
ретінде болды. XII-XIII ғасырларда Англияда (Окефорд
жөне Кембридж), Францияда (Париж) университеттері
пайда болды. Париж университеті солтүстіктің, Болонья
университеті - Еуропаның оңтүстігіндегі басқа
университеттердің ашылуының бастауы болды.

Университетте оқыту екі кезеңге бөлінді. Бірінші (3-4 жыл) ол жеті «еркін өнерге» ие болудан тұрды (грамматика, риторика жөне логика, арифметика,
геометрия, музыка жəне астрономия). Бұдан кейін студент үш факультеттің біреуінде болатын: діни оқу, медицина, заңгерлік, оқудың екінші кезеңіне өте
алатын болды. Оқыту, негізінен, профессор түсініктеме беріп отыратын мəтінді оқумен негізделді. Арасында мəтіннің кейбір жерлері талқыланып көпшілік
ортасына салынды.
Оксфорд университеті 1167 жылы салынды. ХШ ғасырдың орта шенінде
Оксфордта көптеген діни орден мүшелері тұрақтады. Университетте діни
қызметшілер оқып, кедей болғандықтан көбінесе жергілікті
тұрғындардың үйінен бір бөлме жалдап тұрды.

Кембридж университеті. 1209 жылы Оксфорд университетінің студенттері
мен профессорлық құрамының жергілікті тұрғындармен қақтығысынан кейін
кейбір ғалымдар солтүстікке кетіп, сол жылы Кембридж университетін ашты.
1214 жылы университет ережесі қабылданып, соған сəйкес ректор
тағайындалды жəне оқыту бағдарламасы құрылды. 1318 жылы XXII папа
Иоанн Кембриджге католик шіркеуінің ресми университеті мəртебесін берді
(stadium generale). Өз тарихының бір бөлігі ағымында университет, ең
алдымен, діни оқу орны болды. Университет кеңесінің мүшелері діни
лауазым қабылдауға міндетті болды (1871 жылға дейін).

Сорбонна Париж университеті. 1205 жылы Парижде бірнеше монастырьлық мектептер мен көптеген өз
бетімен сабақ беріп жүрген профессорлар университет құрды. Ол: дін ілімі, медицина, заңгерлік жəне еркін
өнер факультеттеріне бөлінді. Сан жағынан ең көп «еркін өнер» (грамматика, риторика, логика, арифметика,
геометрия, музыка жəне астрономия) факультетінің деканы, құрылған университеттің ректоры болып
тағайындалды. Ақсүйектер сотына тəуелсіз жəне папа билігі жағынан өз құқықтарын бекітіп алған Париж
университеті Еуропаның діни ілім орталығы болды. XIII ғасыр ортасында Франция королі IX Людовиктің
рухани көсемі Робера де Сорбоннаның бастамасымен университет жанынан тұрмысы нашар студенттерді
діни ілімге оқытатын колледж ашылды. XVI ғасырдың ортасында діни ілім колледжі өзінің негізін
қалаушының атына ие болып, Париж университетінің жеке факультетіне айналды, ал XVII ғасырда Сорбонна
атауы бүкіл университетке қолданыла бастады.
Қайта өрлеу дəуіріндегі университеттер (XIV-XVI) жəне Ағартушылық (XVII-XVIII).
XIV-XV ғасырларда Италия, Чехия, Польша, Германия, Швейцарияда университеттер ашылды. Университеттер католик шіркеуінің қамқорлығында болып,
оларды корольдар мен муниципалды билік ашты. Қайта өрлеу дəуірінде университеттер жаңа идеялар ықпалымен студенттерді тек діни ілімге ғана емес,
сонымен қатар ақсүйектер өміріне де белсенді дайындады. XV ғасырда кітап басып шығаруды ойлап табу университеттерде ғылыми журналдардың
таралуына ықпал етті. XVI ғасырға қарай университеттер қызметінде ғылым жоғары орын ала бастады. XVII ғасырда Сорбоннаның қамқоршысы мен
жетекшісі кардинал Ришелье болды. 1630 жылы оның бұйрығы бойынша Сорбонна ғимаратының жаңа құрылысы басталды. Жаңа дəуірдегі Франция
университеттерінің бəрі Париж университетінің үлгісі бойынша ұйымдастырыла бастады.
XVIII ғасырға қарай университеттер жеке ғылыми журналдарын шығара бастады.

Гарвард университеті - АҚШ-тағы бірінші университет. 1636 жылы Массачусетс колониясының Жоғарғы Сот
мүшелерінің шешімі бойынша «Жаңа колледжден» өсіп шықты. Ол кезде оқу орны тоғыз студент пен бір
оқытушыдан тұрды. Үш жыл өткен соң колледжге оның қамқоршысы ағылшын министрі, өнер бакалавры, өзінің
кітапханасын жөне дүние-мүлкінің жартысын оқу орнының қорына мұраға қалдырған Джон Гарвардтың есімі
берілді. Зайырлы білім беруге бұрылыс университет басшысы орнына Джон Леверетт ие болған кезде 1708 жылы
жасалды. Оның алдындағылар сияқты ол дін қызметшісі болған жоқ, классикалық зайырлы білім алды.
Нəтижесінде XVIII ғасыр Гарвард университетіндегі пəндерді оқытуда ағартушылық, өнертапқыштық жəне еркін
ойлау идеясы басымдық алды.

Императорлық Мəскеу университеті. Университет құру Мемлекет қайраткері И.И. Шувалов пен аса көрнекті
ғалым М.В. Ломоносовтың ұсынысы болды. 1755 жылы 12 қаңтарда патшайым Елизавета Петровна Мəскеу
университетін құру туралы жобаны бекітті. Университет құру туралы атаулы жарлыққа патшайым 1755 жылы 24
қаңтарда қол қойды. Университеттің ашылуы 1755 жылы өтті. XVIII ғасыр университет құрамында үш факультет:
философия, медицина жəне құқық жұмыс істеді.
Университет баспасөзінің негізін 1780 жылдары орыс ағартушысы H.И. Новиков қалады. Университет жанынан
Ресей империясының аса кең таралған «Московские ведомости» газеті шығып тұрды. Осы кезде университет
жанында ғылыми қоғамдар құрыла бастады. 1791 жылы университет ғылыми дəреже беру құқығына ие болды.
XIX-XX ғасырларда университеттердің дамуы.
XIX ғасырда университетте діннің рөлі төмендеді. Жаңа университеттер шіркеулерге тəуелсіз болды. Кейін ағылшын
университеттеріндегі діннің рөлі жоқ болды. Университеттер ғылыми зерттеулерге ден қойды. XIX ғасырда
университеттің негізгі екі: неміс жəне француз үлгісі бекітілді.
Немістік үлгі В. Гумбольдт пен Ф. Шлейермахер идеясына негізделді. Соңғысы профессор студенттерге жаңа білімнің
«пайда болу актісі» көрсетуі тиіс деп есептеді. Гумбольдтың негізгі мақсаты жаңа білім алу үрдісін көрсетуде жəне
студенттерді «өзінің ойлау үрдісінде ғылымның іргелі заңдарын назарға алуы керектігі семинарлар мен зертханалық
жұмыс түрінде өтті. Гумбольдтың пікірі бойынша университет білімінің назарында студенттердің тікелей ғылыми
зерттеулерге қатысуы қажет: «Университет оқытушысы мұғалім емес, ал студент - оқушы емес. Мұның орнына
студент өз бетімен зерттеу жүргізеді, ал профессор оған жетекшілік етіп, оның жұмысына қолдау
көрсетеді».Гумбольдт тұжырымдамасының ажырамас бөлшегі əрекет еркіндігі жəне профессорлар арасындағы
еркін бəсекелестік болды.
Француз университеттерінде мұндай еркіндік болған жоқ, онда қатаң тəртіп орнады; əкімшілік қызметінің барлық
жағын сабақ кестесінен жəне бағдарламасынан бастап дəреже берілуіне, қаншалықты маңызды əрбір мəселеге
ресми көзқарасын бекітуге дейін бақылап отырды. Оқытушының абыройы оның жекебасының қызметіне емес,
оның бітірген оқу орнының беделіне байланысты болды.
Ғылыммен айналысуға жақсырақ бейімделген университеттің немістік үлгісі француздікіне қарағанда кеңінен
таралды. Осылайша британ университеттері неміс үлгісін қабылдады, оның үстіне, мемлекет оларға дербестік берді.
Ресей университеттерінің басты міндеті бюрократтық аппаратқа қызмет ететіндерді дайындау болды жəне жалпы
күн тəртібі француз үлгісіне ұқсас болды.
XIX-XX ғасырларда университетте білім беруде алдыңғы қатарға ғылым шықты.
Жоғары білім тұрғындардың көпшілігіне қол жетімді болды. Əйелдер үшін XIX ғасыр ортасында ағылшын
университеттеріне оқуға жол ашылды. XIX ғасыр Гарвард университетінде шіркеу мен оқу процесіне шіркеудің
ықпалы төмендеді. Университет құрамына 12 колледж жəне факультеттер кірді.
Студенттерді оқытудың басты бағыттары - гуманитарлық, математикалық, физикалық, əлеуметтік ғылымдар,
медицина, өмір жəне қоршаған орта туралы ғылым.
Оксфорд оқытуда компьютерлік жүйесін пайдаланады - əрбір студентке таңдаған мамандығы бойынша жеке дара
қамқоршы бекітіледі.
Оксфорд - тек университет қана емес, сонымен қатар жүзден аса кітапханалар (Англиядағы ең кең ауқымды
университеттік кітапхана) мен мұражайлар, өз баспаханасы бар.
Жоғары білім берудің қазіргі заманғы үлгілері

Қазіргі заманғы университеттік білім беру бастауында екі қарама-қарсы ой-пікір жатыр:
біреуі білім алу жəне білімді тарату;
екіншісі - іс жүзінде жоғары сыныпты дайындықтан өту.
Бұл тенденциялар XX ғасырдағы университеттік білім берудің негізгі үлгілеріне бастау болды: либералдық үлгі жəне утилитарлы білім беру. XX
ғасырдың екінші жартысында орталығы АҚШ болған үшінші университеттік үлгі қалыптасты.
Либералдық үлгі Утилитарлық үлгі Университеттік үлгі

Либералдық үлгіні жақтаушылар Утилитарлықтар білімнің қоғам үшін Бұл коммерциялық корпорациялардан аз-кем айырмашылығы
білім тұтастай қоғамның емес, жалпы пайдасын атап көрсетеді: бар көсіби бағытталған коммерциялық университет үлгісі.
жекетұлғаның қажеттіліктеріне олардың көзқарасы бойынша білім беру Мұндай университет нарықтық зерттеулер мен тиімді
бағытталуы қажет деп есептейді жүйесі өмірге қажетті əлеуметтік менеджментке байланысты «сыртқы долларлар» үшін
мəселелерді шешуі тиіс. оқытушылардың бəсекелестігіне ие болуы керек.

Бірінші жағдайда білім берудің мақсаты - шындықты іздеу, екіншісінде – прагматикалық «прогрессивті» дайындықтан өту
Соңғы 20-25 жылда АҚШ, Канада, Австралия, Батыс Еуропадағы жоғары білімді реформалаудың негізгі бағыттары:
- бүкіл ЖОО нарықтық жағдайын соңынан ілестіретін тиімді академиялық менеджментік енгізу;
- менеджерлік қызмет терминіндегі профессорлық-оқытушылық құрамының қызметін сипаттау
- инновациялық, ЖОО қаржыландырудың мемлекеттік емес көзін табуға қабілеттілігін білдіретін оқу процесіне жаңалықтар енгізуге
байланысты.
Болонье процесі

Пайда болу себебі Мақсаты Қызметі Мазмұны Қорытынды

XX ғасырдың соңында жоғары білімнің қол Бұл үрдістің басталуының ресми Декларациясының барлық Бүгінгі күні Болонья
жоғары білім беру жетімділігін, еуропалық белгіленген күні 29 ел білім ережелері келісімнің ерікті процесіне 48 қатысушы-ел
дамуында тағы бір жоғары білімнің берудің еуропалық кеңістігінің үрдісі шаралары ретінде кіреді. 2001 жылы
тенденция көрінді, бұл тартымдылығы мен сапасын бəсекеге қабілеттілігін көтеру қалыптасты. Декларацияда: Будапештте Қазақстанның
ұлттық шеңберден одан əрі арттыру, студенттер міндеттемесін алуға дайын екенін «Қандай да бір өркениеттің Болонья декларациясына
шығуға ұмтылу болды. мен оқытушылардың білдірген, сонымен бірге барлық өмір сүруге қабілеттілігі мен қосылуы туралышешім
Бұл беталыс Болонья бейімділігін кеңейту, жоғары оқу орындарының тиімділігі оның мəдениеті қабылданды. Қазақстан
процесінен, жоғары сондайақ ЖОО түлектерін тəуелсіздігін жəне дербестігін басқа елдер үшін бар болған еуропалық білім беру
білімнің біртұтас барлық академиялық сақтап қалу қажеттігі айтылған, тартымдылығымен кеңістігінің толыққанды
еуропалық кеңістігін дəрежелері мен басқа да Болонья декларациясына қол ерекшеленген. Біз жоғары мүшесі деп танылған
құру мақсатында машықтары еңбек нарығына қойылған, 1999 жылдың 19 білім берудің еуропалық алғашқы орталық азиялық
Еуропа елдерінің бағытталуы тиіс болуы маусымы деп қабылданды жүйесі біздің мəдени жəне мемлекет болды.
жоғары білім жүйесінің есебінен жұмысқа табысты ғылыми дəстүрлеріміздің
жақындасуы мен орналасуын қамтамасыз ету. ерекшелігіне сəйкес келетін
үйлесімінен көрініс бүкілəлемдік тартылыс
тапты. деңгейіне ие болатынына
сенімді болуымыз керек»
делінген.

Ұқсас жұмыстар
Оксфорд пен Кембридж униветситеттері
Пиаже Жан (1896-1980) - Швейцария психологі
Әміре Қашаубаевтың өмірі
ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВ
СӨЖ
ТАБЫС ТҰТЫНУ ЖӘНЕ БАҒА ТҰТЫНУ ҚИСЫҒЫ
Мұстафа Шоқайдың шетел баспасөзіндегі еңбектері
Ж.Пиаже және оның мектебі
Өндіріс теориясы
Батыс Еуропа ғылымы
Пәндер