КОНЬКИ СПОРТЫ




Презентация қосу
КОНЬКИ
СПОРТЫ

ОРЫНДАҒАН:ЖАКЫНБЕКОВА ЖАНЕЛЬ
ТЕКСЕРГЕН: НҮРГЕЛДІ САҒАТ
Коньки Спорты– конькимен мұз үстінде шапшаң
жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау.
1892 ж. конькимен жүгірушілердің Халықаралық
одағы ұйымдастырылды. Қазір оған 40-қа жуық ел
мүше. Қазақстанда Коньки Спортының дамуына
Тарихы
Мұзы қатқан көл, өзендер бетінде сырғанақ заттар көмегімен жүгіруді адамдар
ежелден-ақ білген. Конькимен мұз үстінде жүгірдің тарихы өте ежелде жатыр. XXІ
ғасырда алғаш рет голландықтар мұз үстінде сырғанауды ойлап тапқан. ХVI ғасырда
конькимен жүгіру скандинавия елдерінде жарыс түрінде қалыптасты. 1676 жылы ең
алғашқы конькимен жүгіру жарысы өткізілді. Спорттың бір түрі ретінде конькимен
жүгіру спорты XIX ғасырдың екінші жартысында қабылданып, дами бастады.
«Христиания скейте-клуб» ұйымдастыруымен Норвегияда алғаш рет 1867 жылы
конькимен жүгіруден ресми жарыс өткізілді. Бұл спорт түрі Еуропаның бір талай
елдерінде кең өріс жайды және ХІХ ғасырдың 70 жылдарында халықаралық жарыстар
ұйымдастырылды. 1889 жылы Амстердам мен Нидерландияда тұңғыш рет дүниежүзілік
конькимен жүгірушілердің чемпионаты өтті. 1892 жылы Дүниежүзілік конькимен
жүгірушілер ұйымы-ИСУ құрылды. Сол кездің чемпионаттарынан бастап төрт түрлі 'Мұздадағы ойын күлкі' 17ші
дистанцияда 500, 1500, 5000 және 10 000 метрге жүгіру дистанциялары болды. ғасыр голландтық суретші
Генрик Аверкамп туындысы.
XX ғасырдың бірінші-екінші мың жылдығында осы спорт түрінен ең мықты дегені
норвеждік Оскар Матисен болды. Ол әлем чемпионатын бес рет жеңіп алды, 1908,1909,
1912, 1913, 1914 жылдар аралығында жеңіске жетті. Ресейлік конькимен жүгіруші
Николай Струнников екі рет: 1910 және 1911 жылдары әлем чемпионатының жеңімпазы
атанды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1922 жылы конькимен жүгіруден
норвегиялық Харальд Стрем әлем чемпионы болды. 1923 жылы әлем чемпионы финдік
конькимен жүгіруші Клас Тунберг болды, 1924 жылы норвегиялық Руальд Ларсен әлем
чемпионы болды. 1926 жылға дейін Еуропада және Әлем чемпионатында жеңімпаздар
әртүрлі арақашықтықтар бойынша алынған орын санымен анықталды. Ал 1926 жылдан
кейін чемпиондарды және басқа да орын алушыларды төрт арақашықтықты орындауы
бойынша бағалау жүйесі қабылданды.
1936 жылы конькимен жүгіру жарысы ерлердің арасында ғана емес әйелдердің де
арасында өткізіле бастады. Әйелдер арасындағы конькимен жүгіру жарысынын алғашқы
чемпионы АҚШ-тық Китти Клейн болды, содан кейін әлем чемпионы норвегиялық Лайла
Шоу-Нильсен болды. 1937 мен 1938 жылдары финдік спортшы Верне Леше әлем
чемпионы атанды. Әлем чемпиондарының арасында Кеңес Одағының да спортшылары Нью Йорктегі Орталық саябақ:
бар. Олар: Мария Искакова 1948-1950 жылдар аралығында. Лидия Селихова 1952-1954 Мұз айдыны, 1862.
жылдар аралығында және Халида Шеголеева 1953 жылы , Рима Жукова 1955 жылы,
Принциптері мен дайындық
Конькимен жүгіру спорты-бұл физикалық қозғалыстын бір түрі, яғни адам мұздың үстіңде арнайы аяқ киәімге
бекітілген конькимен сырғанайды. Конькимен мұз үстінде жай екпінмен жүгіру бұл белсенді тынығу болып
табылады. Конькимен сырғанау арқылы шапшаң жұгіруге, мәнерлеп сырғанауға, спорттық мұз үстінде билеуге,
хоккей ойнауға болады. Конькимен жүгіру жарыстары мен жаттығулары қатырылған мұздың үстінде ұзындығы
400 және 333,33 метр жолдарда өткізіледі. Конькимен жүгірушілерді дайындау үш этаптан тұрады. Олар:
Бірінші этап – отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде жалпы физикалық тәрбие беру. Бұл этаптын
мақсаты балалардың денсаулығын мықты ету және олардың дұрыс жетілуіне ықпал ету. Бірінші этапта балалар
дене мәдениетімен танысады, спорттың әртүрлерін біліп, оларды үйренуге деген ынтасы оянады. Балалар
алғаш рет конькиді киіп, онымен қалай жүруді үйренеді. Бұл кезде балаларға мұғалімдер мен ата-аналар
көмектеседі. Екінші этап – балаларды жалпы білім беретің мектептерде дене тәрбиесіне тәрбиелеу. Бұл
уақытта балалардың дене қуатыда, психологиясыда, қозғалыс сапасыда дамып, жетіледі. Жалпы білім беретін
мектептерде балалар коньки спортымен белсене айналысады. Қабілетті де, дарындылары әртүрлі ДСО-лар мен
ДЮСШ-ларға үйірмелерге жазылады. ДЮСШ-лардың жаттықтырушылары екі тапсырманы шешуі керек: олар
конькимен жүгіру спортынан әртүрлі тапсырмалар беру және осы арқылы барлық оқушыларды осы спорт түріне
тарту; ынтасы, ықыласы бар оқушыларды іріктеп алу. ДЮСШ-ларда жастар мен жасөспірімдер екі фазалық
спорттық жаттығулар түрлерінен өтеді: бастапқы жалпы жаттығулар және базалық мамандандырлыған
жаттығулар.
Бірінші фаза - балалар ДЮСШ-ға келмей тұрып яғни 7-8 жас аралығында басталады және 4-5 жыл жалғасады.
Жаттығулар бастауыш сынып мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізіледі.Бұл уақытта оқушылардың жалпы
физикалық қимылы, денсаулығы тексеріледі, мұзда сырғанаудың әдіс-тәсілдері үйретіледі. Бұл этапта жас
конькишілер жасөспірімдер разрядың алуға сынақтар тапсырады, соларға дайындалады. Екінші фаза – базалық
мамандандырылған жаттығулар ДЮСШ-да оқу-жаттығуы біткенше пайдаланылады. Оның мақсаты- жас
конькишіге арнайы физикалық, моралдық, техникалық дайындығының арқасында спорт шебері етіп дайындау.
Үшінші этап – мектептерде, жоғары оқу орындарында, әскери бөлімдерде, аудан-ауылдарда жалпы дене
тәрбиесін қалыптастыру және конькимен жүгіру жаттығуларын ұйымдастыру. Осы арқылы жас конькишілер
ауылдық, аудандық, қалалық құрама командалардың мүшесі болады. Осы командалар болашақта біздің
еліміздің намысын қорғайтын, ел үшін жанын беретін ер-жүрек азаматтар болып шығады.
Мәнерлеп сырғанау —
спорт түрі
Мұнда спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл
жасайды.
Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж.
Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен.
Мәнерлеп сырғанаумен айналысатын әлемдегі ең ежелгі әрі әйгілі клуб
1742 жылы Эдинбург қаласында болған. Мәнерлеп сырғанаудың
жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар.
Жекелей сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің
қабілеті мен шеберлігін көрсетеді. Жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз
қатысады. Оның үш түрі олимпиада бағдарламасына енген.
Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс жылдам не баяу, әр түрлі бағытта
(айналып, секіріп, тағы да басқа) орындалуы тиіс. Спорттың бұл түріне
баланы 7-8 жастан баули бастайды. Мәнерлеп сырғанаудан әлем
чемпионаты 1896 жылдан бастап өтіп келеді. Әуелі жарыс тек қана ерлер
арасында өтсе, он жылдан кейін әйелдер де күш сынаса бастады. 1908
жылы жұптасып сырғанаудан, 1950 жылы мұз үстіндегі бишілер бәсекесі
ұйымдастырыла бастады.
Қазақстанда алғашқы жарыстар 1957 жылы өтті. Қазақстандықтар
арасында жұптасып сынға түсуден Е.Стекольникова мен Д.Казарлыга
1996 ж. Харбинде өткен III Қысқы Азия ойындарында алтын, ал 1996
жылы Кореяның Кангвон қаласында өткен IV Қысқы Азия ойындарында
М.Халтурина мен Е.Крюков күміс жүлдені еншіледі. Қазір мәнерлеп
сырғанаушылар үйірмелері Алматы, Астана, Орал, Ақтөбе, Теміртау,
Қарағанды, Өскемен қалаларында жұмыс істейді. 2014 ж. 15 ақпанда
Сочидегі қысқы олимпиадада Денис Тен Қазақстан тарихындағы бұл
спорт түрінен алғашқы медаль - қола медальды жеңіп алды.
Денис Юрьевич Тен (Алматы, 13 маусым, 1993 жыл -
19 шілде 2018 жыл) — қазақстандық мәнерлеп
сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи
олимпиадасының қола жүлдегері,255,10 ұпаймен
қола медальға ие болды Ол мәнерлеп сырғанаудан
2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль
жүлдегері [1], VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп
сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін
чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық
дәрежедегі спорт шебері.
Ванкувердегі олимпиадада Денис Тен өз деңгейінде
өнер көрсетіп 76.34 ұпаймен 10 орынға жайғасты.
Ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 8-орын
(сәуір, 2009 ж), 9-орын «Төрт құрлық біріншілігі»
(ақпан 2009 жыл.), ал 2013 жылы — әлем
чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер
арасындағы әлем біріншілігінде 4-орын (наурыз 2009
ж), жасөспірімдер арасында «Гран При» сериясы
бойынша өткен әлем кубогы кезеңінің 1 орын иегері
(қазан 2008 ж.). Биылғы маусымда ересектер
арасындағы «Гран-при» сынының қос кезеңіне
қатысып, 7 және 10 орындарды иеленді. Әлемдік
рейтингте 18-орында тұр. Ең жоғарғы ұпай
көрсеткіші – 266,48 (2013 ересектер арасындағы ӘЧ).
2014 жылы Қысқы Олимпиада ойындарында қола
медаль жеңіп алды

Ұқсас жұмыстар
Коньки Спорты - конькимен мұз үстінде шапшаң жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау
ҚЫСТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
Дайындық кезеңдері
Хиппи субмәдениетінің негізгі идеологиясы
ЗАМАНАУИ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
Роликті конькимен сырғанау
Шаңғы жарыстары
Тау шаңғы
Тау шаңғысы спорты
Спорт - денсаулық
Пәндер