Таза топырақ


Slide 1

Топырақтың механикалық құрамын және физикалық қасиеттерін зерттеу

Орындаған:Кошаанаева М. Н.

Тексерген: Жубатканова А. Ж.

Slide 2

Физикалық-химиялық зерттеу үшін топырақтан сынама алу тәртібі

Әрбір 25 м2 алаңнан екі алаң таңдалады, олардың біреуі ластану көзіне жақын, екіншісі алыс болуы керек. Алаңдарды 1 м келетіндей етіп квадраттарға бөледі. Топырақ сынамаларын қиғаш сызық бойымен Некрасов, Френкель, B. А. Рождественский бұрғыларын пайдалана отырып алады. Топырақ сынамаларын әрқайсысын 1 кг дейінгі мөлшерде 0, 25; 0, 75 - 1; 1, 75 - 2 м тереңдіктен алады. Топырақ сынамаларын полиэтилен қапшығына салып, оны номерлейді, ілеспе құжат толтырады.

Зертханада сынамаларды өлшеп, бөгде қоспалардан тазартып, диаметрі 3 мм болатын елегіштен өткізеді. Зерттеу мақсатына байланысты топырақты сол күйінде немесе құрғатып барып талдауға жібереді де, жақсы желдендірілетін бөлмеде сақтайды. Кептірілген топырақты тесіктерінің диаметр 1 мм елегіштен өткізіп, араластырады да ұнтақтағышта үгеді, қайтадан тесіктерінің диаметр 0, 25 мм елегіштен өткізеді де тығыз қақпақпен жабылатын банкаға салады

Slide 3

Топырақ құрылымы мен тұрпатын анықтау

Топырақ құрылымы дегеніміз оны қопсыту кезінде жекелеген түйірлерге ыдырап, бөліну қасиеті. Топыраққа құрылымдық қасиет беретін балшық. Құрылымын анықтау үшін сынамадан 500 г құрғақ майдаланбаған топырақ өлшеп алып, тесіктерінің диаметрі 10 және 0, 5 мм елеуіштен өткізеді. Топырақты үш фракцияларға бөледі: бірінші - түйірлі (10 мм асатын) ; екінші - түйіршікті (10 нан 0, 5 мм дейінгі) ; үшінші - шаңды (0, 5 мм аз) . Әр фракцияны өлшеп, жалпы сынама мөлшеріне қатысты пайызбен көрсетеді. Кептірген соң топырақ сынамаларын қағазға жайып, зерттеп, оның тұрпаты мен құрылымын анықтайды.

Slide 4

Топырақтың механикалық құрамын анықтау

Көлеміне қатысты топырақ бөліктері қатынасын анықтау үшін түрлі диаметрдегі елеуіштер жинағын пайдаланады. Көбіне мұндай жинақтар 5-7 елеуіштен құралады, олардың тесіктерінің диаметрлері 10, 7, 5, 3, 2, 1, 0, 25 мм құрайды. Елеуіштер бір- біріне тығыз енетіндей болып жинақталады. Үстіңгі елеуіштің тесіктері ең ірі болады, оған 100 г қопсытылған құрғақ топырақ салынады да қақпақпен жабады, сосын абайлап барлық жинақты шайқап, елейді де барлық сынаманы осы жинақтан сеуіп өткізеді.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Топырақ иісін анықтау

Топырақ иісін сынама алу барысында бірден зерттеу орнында анықтауға болады. Бұл үшін топырақ сынамасын колбаға салып, үстіне ыстық су құяды, тығынмен жауып, шайқап араластырады, сосын тығынын ашып, иісін анықтайды.

Slide 8

Топырақтың суды көтеру (капиллярлық) қасиеті

Топырақтың суды көтеру қасиетін зертхана жағдайында аныктайды. Бұл үшін штативке диаметрі 2, 5 - 3 см және ұзындығы 1 м шыны түтіктер орналастырылады. Түтіктердің төменгі ұштарын матамен байлайды. Әрбір түтікті зерттелетін топырақпен толтырады. Түтіктердің төменгі ұштарын 0, 5 см тереңдікке су құйылған стақанға немесе шағын ыдысқа малады. Бөлшектердің көлеміне, яғни капиллярлардың көлеміне байланысты су топырақпен әркелкі жылдамдықта жоғары көтеріледі. Түтіктерде суланған топырақ түсінің өзгеруі бойынша капиллярлармен көтерілген су жылдамдығы мен биіктігін белгілеп отырады, белгілеулерді 5, 10, 30 және 60 минуттан соң және одан әрі әрбір сағат сайын деңгей көтерілуінің соңына дейін жасайды. Топырақтың 3 - 5 сынамалары бойынша оның суды көтеру қабылетіне қатысты нәтижелер алынады.

Slide 9

Топырақ температурасын гигиеналық мақсатта сирек өлшейді. Алайда ол топырақтың микробтық құрамына көп әсер етеді, бұл жануарларға қатысты жазғы жайылым, тұрақ жер телімдерін таңдау кезінде аса маңызды.

Топырақ температурасын өлшеу үшін арнайы термометрлер пайдаланылады: топырақтың беткейлік қабаттарына қатысты - иілген пішіндегі Савинов термометлері ыңғайлы, олар зерттелетін қабаттың тереңдігіне байланысты әртүрлі ұзындықта болады.

Топырақ температурасын анықтау

Slide 10

Топырақ құрамында аммиактың бар-жоқтығын анықтау

Таза пробиркаға 2 мл фильтрат алып, үстіне 2 - 3 тамшы Несслер реактивін қосады. Сары түске боялуы топырақта аммиак бар екендігін білдіреді. Аммиак мөлшерін кестеге сәйкестіріп, анықтайды.

Бүйірінен қарағандағы боялуы

Үстінен қарағандағы боялуы

Аммиак мөлшері, мг/л

Жоқ

Жоқ

0, 04 аз

Жоқ

өте әлсіз-сары

0, 08

өте әлсіз-сары

әлсіз сары

0, 2

тым әлсіз сарғыш

сарғыш

0, 4

әлсіз сарғыш

ашық-сары

0, 8

ашық-сары

сары

2, 0

Slide 11

Таза пробиркаға 10 мл фильтрат құйып алып, оған 1 мл Грисс реактивін қосады, сосын 15 минутке 70 °С температурадағы су моншасына қояды. Азотты қышқыл мен оның қосылыстары болуында мөлшеріне байланысты сүзінді қызғылтым немесе қызыл түске боялады.

Бүйірінен қарағандағы боялуы

Үстінен қарағандағы боялуы

Аммиак мөлшері, мг/л

Жоқ

Жоқ

0, 001

әрең білінетін ашық қызғылтым

өте әлсіз ақшыл-қызғылтым

0, 002

өте әлсіз ақшыл-қызғылтым

әлсіз ақшыл-қызғылтым

0, 004

әлсіз ақшыл-қызғылтым

ашық қызғылтым

0, 02

ашық қызғылтым

қызғылтым

0, 04

қызғылтым

күшті-қызғылтым

0, 07

Топырақ құрамында нитриттердың бар-жоқтығын анықтау

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
АУА ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ МИКРООРГАНИЗМДЕРІ
Топырақ өңдеу жүйесі
Топырақты химиялық зерттеу әдістері
Топырақ өң деу
Топырақтың түрлері
Топырақтың ластануы
Картоп ісігі
Табиғи қорлар
Ықтырмалы пар
Картоп. Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz