Тәрбие ұғымы мен мақсаты: тарихи-теориялық және педагогикалық негіздер


Slide 1

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

“БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ МҰҒАЛІМІН ДАЯРЛАУ” МАМАНДЫҒЫ

Тәрбие - тәрбиелеу үрдісін ғылыми байыптаудың негізгі категориясы

Группа: 1301-11 ж

Қабылдаған: Нұрсейтова Л.

Орындағандар: Қаңлыбай А.

Жандабаева Ж.

Ақбердиева Г.

Мамбетова Б.

Артықбай А.

Айқозы А.

Шамшадин Ж.

Slide 2

Тәрбие, тәлім-тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.

Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады

Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады. • Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады.

• Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді.

• Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.

• Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс

Грек философы Аристотель (Aristotle, б. з. д. 384 - б. з. д. 322 жылдар) тәрбиенің 3 түрін бөліп көрсеткен: дене, адамгершілік және ақыл тәрбиесі. Өзінің «Саясат» (Politica) атты еңбегінде басшы жастарды тәрбиелеуге баса назар аударғанын айта келе, мол тұрғындарға қарағанда, азаматтарды қайырымдылыққа тәрбиелеу керектігін айтады .

Slide 3

Парадигма - ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі, стандарты, зерттеу мәліметтерін, болжамдар мен ғылыми міндеттердің жиынтық үлгісі ретіндегі көрінісі.

Чех елінің белгілі ойшылы, педагог Ян Амос Коменский (Jan Amos Komenský, 1592-1670) ғылымға «пампедия» жаңа терминін енгізді. Ұғым бойынша «пампедия - бүкіл адамзаттың әмбебап тәрбиесі . . . Басты мәселе бәрі, барлығына, жан-жақты үйренуі тиіс».

Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты - жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.

Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.

"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді: • адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";

• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";

• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";

• тән саулығы - "дене тәрбиесі".

Slide 4

Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.

3. Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.

Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т. б. ) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т. б. ) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;

Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:

а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;

ә) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;

б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.

Slide 5

Эстетикалық тәрбие міндеттері:

бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру • эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.

• әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.

Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу. 4. Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.


Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері: тәрбие ұғымы, мақсаты және категориялары
Тәрбие үдерісінің мәні, мақсаты және педагогикалық жүйедегі рөлі
Тәрбиенің мақсаты: тарихи-әдіснамалық негіздері мен педагогикалық иерархиясы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: тарихи-теориялық негіздер және психологиялық дайындық
Тәрбие ұғымы: мақсаты мен міндеттері, тарихы, тәрбие процесі, қазіргі парадигмалары және бала құқығы
Кәсіби педагогика және психология: теориялық-әдіснамалық және тәрбие-дидактикалық негіздер
Өнер философиясы: теориялық негіздер мен тарихи типтері
Еңбек тәрбиесінің тарихи-теориялық негіздері және мектептегі мақсаты мен міндеттері
Тәрбие мақсаты: тұжырымдамасы, педагогикалық ой тарихындағы мәселелері және қазіргі Қазақстандағы бағыттары
Мектеп пен сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау: педагогикалық негіздер мен әдістемелік ұсынымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz