Қазақтың дәстүрлі ағаш бұйымдары: тұрмыстық заттар, ойындар және домбыра


Slide 1

Ағаш бұйымдар

Әзірледі:

Сильченков Иванның ЭЭ-102

Веревкин Денистын ВТиПО-102

Slide 2

Ағаш балға - сабы мен басы ағаштан жасалған ұста құралы. Оның жасалуы мен қолданысына қарай қостоқпақ, ұрытоқпақ, қияңқы деген түрлерге бөлінеді.

Slide 3

Ағаш тарақ - қазақ қолөнерінде жүн өңдеу, кендірді өңдеуде қолданылатын құрал түрі. Ағаштан дүздерін қажетіне қарай алыс-жақын етіп, ортасында қолға ұстайтын сап шығарып жасайды, сабы ұзынды-қысқалы болады.

Slide 4

Ағаш шелек - ағаштан ойып жасалған, ақ тағам, сусын, су сақтауға және тасуға қолданылатын ыдыс түрі.

Slide 5

Ағаш аяқ - ағаш түрлерін ойып, жонып жасалған, көлемі шағын, сусын ішетін ыдыс түрі.

Slide 6

Астау - халқымыздың байырғы уақыттан бастап қолданып келе жатқан ас тұтынатын бұйымы болып табылады. Сонымен астаумен қатар астабақ та кеңінен қолданыста болған.

Slide 7

Сандық - киіз үйдің ағаш жиһаздарының бірі. Оған киім-кешек, асыл бұйымдар салынады. Қазақ шеберлері Сандықты қайың, қара тал ағашының сүрегінен жасаған. Сыртынан көркем етіп темір, мыс жапсырмамен, қатырма ою өрнектермен безендіріледі. Сандықтардың тұрмыста қолданылуына қарай көлемі де әр түрлі. Кіші сандықтар 30-60 сантиметр болса, үлкендері 60-120 сантиметрге дейін жетеді. Сандықтар кілттенеді не сыртынан құлып салынатын етіп жасалады.

Slide 8

Бесік

Бесік - нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталы Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған.

Slide 9

Алтыбақан - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін, оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50 см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол. Ол - ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі.

Slide 10

Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол - қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберіндежыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма - күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.


Ұқсас жұмыстар
Былғары өндірісінің технологиялық процесі және қазақтың дәстүрлі былғары бұйымдары
Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары: домбыра, қобыз және көне үрмелі, шертпелі, ұрмалы аспаптар
Домбыра: қазақтың дәстүрлі музыка аспабының тарихи-мәдени маңызы, құрылысы және акустикасы
Қазақтың ағаш пен теріден жасалған дәстүрлі үй жиһаздарының этнографиялық сипаттамасы
Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары: сипаттары мен тарихи маңызы
Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарының жіктелуі мен сипаттамасы
Қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындары: түрлері мен ережелері
Қазақтың дәстүрлі қолөнер мен кәсіптері: түрлері, материалдары және үй кәсіпшілігі
Қазақ мәдениеті: негізгі құндылықтар мен дәстүрлі мұра (киіз үй, зергерлік өнер, ұлттық киімдер, тағамдар, ойындар)
Қазақтың салт-дәстүрлері мен дәстүрлі той-жоралғылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz