Педагогикалық квалиметрия және оның білім сапасын анықтаудағы рөлі


Slide 1

Педагогикалық квалиметрия және оның білім сапасын анықтаудағы рөлі. Педагогикалық квалиметрияның негізгі компоненттеріне мысал

Дайындаған: Рахманова Тілектес

Тексерген: Сүлеймен Самал

Slide 2

Квалиметрия өнім сапасы сандық тұрғыда бағалау əдістерін зерттейтін жəне жүзеге асыратын ғылым саласы. Сапаны басқаруда жəне стандарттауда қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылады. Квалиметрия кешенді жəне интегралдық сапа көрсеткіштерінің əдістерін талдап жасайды, өнімнің жекелеген сипаттарын бағаға сəйкестендіру мүмкіндігін береді.

Квалиметрия

Квалиметрия теория жүйесімен өзара байланысты, соның ішінде кез келген объектінің сапасын бағалау теориясының ғылым саласы. Сонымен қатар, ол сапаны бағалаудың сандық жəне сандық емес əдістерін қарастырады.

Slide 3

БІЛІМ МЕН ДАҒДЫНЫ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КВАЛИМЕТРИЯ

Қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі білім мазмұнын жаңарту болып табылады. Білім беру мазмұны оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік проблемаларды өз бетімен және тиімді шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап білім, тәжірибе және қабілеттердің жиынтығын меңгертуге бағытталған.

Олай болса жеке тұлға қалыптасуында, оқушының білім сапасын арттыруда-өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық-гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқат пен ондағы өзінің іс-қимылын жүйелілікпен арттыруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін мұғалімнің ролі ерекше болмақ.

Slide 4

Оқу сапасын арттыруда ең алдымен мұғалім «Жоспарланған көрсеткішке неге толықтай жете алмадық?», «Оқыту үдерісі тиімді болу үшін не істеу керек?» - деген сұраққа жауап беруі керек. Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге талданып, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеліп, мұғалімнің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріліп, оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін іздестіру қажет.

Slide 5

Кез келген пəнге сапа жағынан қарау, не болмаса кез келген пəннің сапасын бағалау - квалиметрлік жуықтау деп айтылады. Мысалы, сапа туралы ғылым квалиномия, осы пəнге байланысты сапаны бағалау жəне өлшеумен айналысу, өнімнің сапасының сандық бағалауы квалиметрия болып табылады. “Квалиметрия” жалпы 1960 жылдың ортасына қарай қолданысқа енді. Кейін 1968 жылдан бастап профессор А. В. Гличевтың бастауымен сапаны бағалаудың ұқсастық əдісінің жалпы əдістемелік негізі қаланды жəне оның теориялық жалпылауының қажеттілігіне жол берілді.

Slide 6

Квалиметрия сапаны бағалау əдістерін зерттейтін ғылым болғандықтан, ол сапаны бағалаудың критерийлері, оларды табу əдістерін, сапаны өлшеудің сандық əдістерін жəне сапа көрсеткіші бойынша əртүрлі объективті салыстырмалы варианттардың мүмкіндіктерін алуды қамтамасыз етеді.

Жалпы квалиметрия

Арнайы

квалиметрия

Пəндік

квалиметрия

Диалектикалық көрінісі

Жалпылама

Маңызды

Бірліктік

Slide 7

Квалиметрия

Жалпы квалиметрия - мұнда жалпы теория-лық мәселелер қарастырылады: түсіну жүйесі, баға-лау теориясы, квалиметрияның аксиоматикасы, ква-лиметриялық шкалалаудың теориясы.

Арнайы квалиметрия - бағалаудың моделдері мен алгоритмдері, бағалаудың дәлдігі мен анықтылығы: экспертті квалиметрия, ықтималды статикалық квалиметрия, индексті квалиметрия, квалиметриялық таксономия, обьекттердің класси-фикациясы мен жүйеге келтіру теориясы қарас-тырылады.

Пәндік квалиметрия - бағалау пәні бойынша техника мен өнімнің квалиметриясы, еңбек пен қызмет квалиметриясы, мәселелер мен жобалардың квалиметриясы, үдерістердің квалиметриясы, субьек-тивтік квалиметриясы, сұраныс квалиметриясы, ақпарат квалиметриясы және т. б болып табылады.

Slide 8

Педагогикалық квалиметрия-психолого-педагогикалық және дидактикалық нысандарды бағалайды.

Педагогикалық квалиметрияның негізгі міндеті - негізгі педагогикалық сипаттамаларды, оның ішінде оқушы білімінің сапасын өлшеу әдісін құру. Яғни квалиметрияның басты міндеті - адамның білімін тез және сенімді бағалау.

Оқушылар білімінің сапасы оны құраушы әртүрлі параметрлердің кешенді сипаттамасы ретінде қарастырылады. Өлшеу жеке қасиеттер бойынша да олардың жиынтығы бойынша да, яғни кешенді немесе дара әдістерді қолдану арқылы жүреді.

Slide 9

Квалиметриялық тәсіл педагогикалық өлшемдер түсінігіне де өзінің мазмұндық сипатын енгізеді.

Квалиметрияда екі термин өлшеу мен баға қолданылады.

Сандық баға эталонға қатысты алғанда қаралып отырған өнімнің кейбір пайызбен есептелген қатынас функциясы.

Педагогикалық квалиметрия міндеттерін шешкенде ең күрделі міндет эталонды анықтау, яғни оқушы білімі сапасын немен салыстыру керектігін табу. Оның қандай аралықта өзгеріп қаншалықты шамаға жететінін, қандай жағдайда оқушы біліміне сай баға алатынын көрсету қиындық туғызады.

Өлшеу құралдарын әзірлеу үшін оның сенімділік дәрежесіне, сәйкестілігіне көңіл аудару қажет, өлшегіш құрал оқушының қай пәнді қалай меңгергенін объективті бағалауға мүмкіндік беруі керек.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмысшылардың қызметін сапалық бақылаудағы квалиметриялық көзқарас
Сапаны бақылау
КВАЛИМЕТРИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
ҰЙЫМДАРЫНДА МОНИТОРИНГ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БАКАЛАВРИАТ
Квалиметрия шкалалары
Оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі жүйесі
Аударма сапасын анықтаудағы адекваттың және баламаның рөлі
Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясының ықпалы
Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік міндеті сынып ұжымын қалыптастыру мен дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz