Топтағы тұлғааралық қарым - қатынас және оның құрылымы



Семей мемлекетттік Медициналық университеті Неврология жане психология кафедрасы
Тақырып: Топтағы тұлғааралық қарым - қатынас және оның құрылымы
Тексерген:Рахыпбеков Т. К
Орындаған:Рысбекова Д
Сд-101

Жоспар
Топтағы тұлғааралық қарым -қатынас туралы түсінік.
Қатынас және оның құрылымы.
Топтағы тұлғааралық қарым - қатынас және оның түрлері.

Тұлға аралық және бетпе бет қарым- қатынас- ең негізгі деңгейі қолжетімді ақпаратпен байытылу жолы және бір адам немесе бірнеше адамдардың арасындағы ақпаратпен алмасу болып табылады. Тұлға аралық қарым- қатынас тура немесе сол мезеттілік үрдіс. Тұлға аралық қарым- қатынас тәртібін өзгертуде жаңа тәжірбиелік қарым қатынаста маңызды сәт болып табылады . Тұлға аралық қарым- қатынас адамдармен қатысты барлық жерде пайдаланылады, алға қойған мақсатқа жетуде, жақсы дағдылар болып табылады. Бұл- бетпе бет, вербальді, вербальді емес ақпарат алмасу, адамдар арасындағы немесе топтағы пікір алмасу болып табылады . Тұлға аралық қарым - қатынасқа мотивация, оқыту, , кеңес беру кіреді.
Мотивация -бұл динамикалық ағым, адамды іске жетелейтін эмоцианальді жағдай . Жеке және топтық оқытылу -Оқытылып жатқан қатысушыларға керек ақпаратпен қамтамасыз ету . Алынған мәлімет тыңдаушының білімін жетілдіруіне, ал әдістері оның орындалуын, оқу үрдісі оқып жатқанның тәжірбиелік қарым қатынас орнату, мінез құлқын өзгертуге септігін тигізеді.

Кеңес беру-бұл адамдардың бетпе бет қарым қатынасы, кеңес алушыға нақты толық ақпарат беруге, клиентке қиындықтарын шешуге және қарсы тұру үшін көмектеседі . Жеке кеңес беру -бұл клиентке өміріне қатысты шешім қабылдауда немесе өмірін тәртібін өзгертуге септігін тигізетін көмек .
Егер қарым- қатынас сәтсіз болса, аяғы да сәтсіз болады. Егер ақпарат әртүрлі түсінікте болса, онда ол түсінік көптеген жағымсыздық әкеледі. Әрқашанда сізден артық білетін біреу бар. Қарым- қатынас көп болған сайын, түсінісу қиын болады. Бұл пікірлер нақты емес қағида болып табылады, бірақ әзілдеп болса да дұрыс қарым қатынастың қиындығын көрсетеді .
Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Кейде «қарым-қатынас», «әлеуметтік қарым-қатынас», «тұлғааралық қарым-қатынас», «іскерлік қарым-қатынас» және «мәдени қарым-қатынас» түсініктері өзара байланысты болғанымен, бір-біріне тең келмейді, себебі олардың өзіндік өзгешеліктері болады.

Адамдар арасындағы қатынастардың қаншалықты айқын байқалуына байланысты қарым-қатынастар бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады:
Қоғамдық қатынастар анағұрлым айқын көрінетін әлеуметтік бағдарлы қарым-қатынастар (дәріс оқу, баяндама және т. б. ) ;
Бірлескен іс-әрекеттерге байланысты қарым-қатынастар айқын байқалатын пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар (бұған еңбек ету, оқу барысында қалыптасатын қарым-қатынастар жатады) ;
Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы - қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі - тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады.

Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз- оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады.
Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің болмауы немесе төмен деңгейде болуы көп жағдайда келіспеушілік пен келеңсіз оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайды табысты әрі шебер түрде реттей білу қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты.
Оқытушы мен студент арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі моральдық нормалары бар, олар - өзінің тыңдаушыларының әрқайсысының қадір-қасиетін құрметтеу, ішкі дүниесіне ықыласпен және сеніммен қарым-қатынас жасау, қайырымдылық пен мейірбандық таныту.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz