Иммундық жауап




Презентация қосу
Иммунитет. Қанның
иммундық қасиеттері.
Орындаған:Мажит Сымбат.
Қабылдаған:Иманова Эльмира.
1.Иммундық жуйенің жалпы сипаттамасы.

2. Иммундық жуйенің негізгі элементтері.

Жоспары:
Иммундық жүйе мүшелері, Иммундық
жүйенің жасушалары, Иммундық жүйенің
ерігіш медиаторлары .

3.Иммундық жауап.

Гуморальды иммундық жауап, Жасушалық
иммундық жауап.
• 1.Иммундық жуйенің жалпы сипаттамасы.

+Иммундық жүйе ағзаның жұқпалы ауруларға және
табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы туру
қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бактерияларды,
вирустарды, сол сияқты бөлшектерді және бөтен
заттарды иммундық жүйе танып жояды да, ағзаны
дерттен сақтап қалады. Иммундық жүйенің
қызметі қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез
ұшырайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы
тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды
танып зиянсыздандыру қасиеті иммунитет деп
аталады. Адам мен жануарларда екі түрлі
иммунитет болады:
+1 - іштен туа біткен иммунитет
+2- жүре пайда болған иммунитет.
• 2. Иммундық жуйенің негізгі элементтері.

+Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы ағзада ең бірінші қорғаныш
реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің
түріне ерекшелігін көрсетпейді. Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары :
макрофагтар, моноциттер нейтрофилдер. Ағзаға бөтен зат түскенде аталған жасушалар
мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып
жұтып алады да ыдыратады. Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады:
сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б.
қосылыстар. - комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.
+Жүре пайда болған иммунитет - бөтен заттардың, аурулар қоздырғыштардың әсерінен
қалыптасады, бөтен заттардың, аурулар қоздырғыштардың түріне жоғары ерекшелігін
көрсетеді. Жүре пайда болған иммунитеттің : негізгі жасушалары лимфоциттер. қасиеттері:
- бөтен заттың түріне жоғары ерекшелігі иммунологиялық есте сақтау. Ағзаға бөтен зат
түскенде иммундық жүйе активтенеді де иммундық жауап қалыптасады. Иммундық
жауаптың түрі: - гуморалдық - жасушалық иммундық жауап. Иммундық жүйе жауабының
кезеңі: - иммундық жүйе бөтен затты таниды, ботен заты жою үшін біртізбекті көптеген
реакциялар іске асады.
+Иммундық жүйенің қызметі: - ағзаның бөгде заттар мен бөлшектерге (бактериялар, вирустар, ақуыздар,
гликолипидтер т.б.) қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді; - ағзанын генетикалық тұрақтылығын сақтайды; - ағзаны
жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды; - ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы ағзаның
жауабын қалыптастырады және басқа қызметтер атқарады; Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара
әрекеттеседі.
+Иммундық жүйенің қасиеттері: Иммундық жүйенің ерекшелігі жоғары, бөгде қосылыстар мен бөтен
микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады. 2. Иммундық жүйе ағзаның өзінің қосылысын
танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігіне ие. Өте сирек кездесетін құбылыс – иммундық жүйенің әсері ағзаның өзінің
қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады,нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.
Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады, Антигенмен организм қайта кездескенде иммундық жүйенің
реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары болады, антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды.
Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер қызмет атқарады. Лимфоциттер лимфалық
түйіндерінде орналасады.
• Иммундық жүйе мүшелері, Иммундық жүйенің жасушалары, И
ммундық жүйенің ерігіш медиаторлары .

+Иммундық жүйе мүшелері: орталық иммундық жүйе мүшелері:
тимус (айырша без), сүйек кемігі; перифериялық иммундық
жүйе мүшелері: көкбауыр, лимфа түйіндері, әр түрлі ішкі
мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары. Сүйек кемігі –
діңгек жасушалар түзілетін мүше. Діңгек жасушалар иммундық
жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі
көзі. Тимус – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі.
Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған
формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр
ретінде қызмет атқарады. Лимфа түйіндері – лимфоциттер
түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде
фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т-
және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері
қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.
+Иммундық жүйенің жасушалары : лимфоциттер, фагоциттер,
базофилдер, бағана жасушалар, тромбоциттер, басқа
жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары. Барлық
жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары.
+Лимфоциттер - жүре пайда болған иммунитетті
қалыптастырады. Иммундық жүйеде қызмет атқаратын
лимфоциттердің түрі: Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер, NK
жасушалар (лимфоциттердің 15%–ға жуығы).
+В-лимфоциттер – кішкене ядерлік жасушалар, диаметрі – 8,5
мкм, сүйек майының қызыл кемігінде дамиды да жіктеледі,
гуморалды иммундық жауаптың негізгі жасушалары, ағзаны
бактериялар мен вирустардан қорғайды. Сүтқоректелірде В-
лимфоциттер алдымен ұрық бауырында, туғаннан кейін
қызыл сүйек кемігінде жіктеледі. Құстарда В-лимфоциттер
Фабрициус қалтасында (Bursa Fabricii) жіктеледі. В-
лимфоциттердің цитоплазмалық мембранасымен
иммуноглобулиндер байланысады да, антигеннің ерекше
рецепторы ретінде қызмет атқарады.
+Т-лимфоциттер клеткалық иммундық жауапты
қалыптастырады, В-лимфоциттердің репродукциясы
(ұрпақтануы) мен оларда антиденелер түзілуіне мүмкіндік
туғызады, вируспен жұқтырылған және қатерлі ісік
жасушаларды жояды. Т-лимфоциттердің түрі: Т-киллер,
цитотоксикалық Т-жасушалар, (Т-өлтіруші), вируспен
жұқтырылған, бөтен немесе ісік жасушаларды ыдыратып
өлтіреді. Т-супрессор (Т-тежегіш), реттегіш қызмет
атқарады, ағзаға түскен бөтен зат немесе бөлшек
жойылғаннан кейін оған бағытталған иммундық жүйе
компоненттерінің белсенділігін тежейді. Т-хелпер (Т-
көмекші), бөтен затты танығаннан кейін иммундық жүйенің
компоненттерін стимулдейді.
+НК-жасушалар (NK - natural kіllers, табиғи Өлтіргіштер) – табиғи
киллер-жасушалар, цитотоксикалық Т-жасушалардан басқа киллер-
жасушаның түрі. Қан лимфоциттердің жалпы популяциясының 15%
шамасындайы НK-жасушалар болады. НK-жасушалар ағзаның
вирустарға қарсы ең бірінші реакциясына қатысады, ісік
жасушаларына қарсы қорғаныш қызмет атқарады, кейбір ісік
жасушаларды және вируспен жұқтырылған жасушаларды танып
жояды.
+В- және Т-жасушалардың активтенуі В-лимфоциттер бөтен
қосылыстарды, антигендерді, өздері таниды, делдалсыз
антигендермен әрекеттеседі. В-жасушалар нативті, яғни өзгермеген
антигендермен байланысады, бірақ белсенді түріне Т-
жасушалардың көмегімен айналады. Т-лимфоцитер бөтен
жасушаларды (антигенді) басқа жасушаларының қатысуымен
таниды. Көмекші жасушалары: - дендритті жасушалар (көкбауыр
мен лимфалық түйіндердегі ерекше жасушалар) В-лимфоциттер.
Көмекші жасушалары Т-лимфоциттерге МНС ақуыздарымен
байланысқан антигендерді өзгерген түрінде ұсынады. Т-
лимфоциттер үшін антигеннің формасы маңызды болмайды.
+Фагоциттер – іштен туа біткен иммунитетке жауапты, ағзаға түскен
антигендерді, патогенді микроорганизмдерді жұтып алады да
ыдыратады. Фагоцитозға қабілеті бар жасушаларының тобына
жатады: - мононуклеарлы фагоциттер көпядерлі нейтрофилдер. Қан
құрамындағы фагоциттер моноциттер деп аталады. Қанның
құрамынан олар ұлпаларға көшеді де ұлпалық макрофагтарға дейін
өзгереді. Ұлпалық макрофагтар бөтен затты жұтып алып
ыдыратады, 2-ші кластың МНС ақуыздарымен ассоциацияланған
өзгерген антигендерді Т-лимфоциттер таниды.
+Көмекші жасушалар: Антигенді ұсынатын жасушалар - Т- және
В-лимфоциттерге антигенді ұсынады. Т-лимфоциттер өзгерген
антигендерді ғана таниды. Антигенді ұсынатын жасушалар
антигендерді ерекше химиялық өзгерістерге ұшыратады, ұлпа
сәйкестігінің негізгі ақуыздармен, МНС ақуыздарымен
байланыстырады. Тромбоциттер қан ұю және қабыну
реакцияларына қатысады. Бағаналы жасушалар қабыну
реакциялардың бір түріне қатысады. - Эндотелиалды
жасушалар қанағымындағы лейкоциттерді таниды, олардың
адгезиясы мен тарауын қамтамасыздандырады.
+МНС ақуыздары - ұлпа сәйкестік комплекстің ақуыздары,
гендері иммундык жауаптың гені ретінде қызмет атқарады.
Антиген ағзаға енгенде иммундық жауап даму үшін Т-
лимфоцттер екі затты тану керек: өзгерген антигенді, ағзаның
жасушаларына тән «өзінің» МНС ақуызын. Антигенмен бірге
«өзінің» МНС ақуызын қажет етуі МНС-рестрикция деп аталады.
Т-жасушаларының рецепторлары антигендер мен МНС
ақуыздардың ерекшелігін таниды, МНС ақуызы мен антигеннен
құралған комплекспен байланысады. Т-лимфоциттердің осы
комплекспен байланысуы иммундық жауаптың маңызды кезеңі.
Нысана-жасушалардың сыртында орналасқан МНС ақуыздың
бір молекуласымен байланысқан антигенді ғана Т-лимфоциттер
танып әрекеттеседі. МНС-рестрикция механизмі эволюция
барысында Т- лимфоциттердің қызметіне бейімделген.
+МНС ақуыздардың І, ІІ, ІІІ (немесе 1,2,3) класы белгілі.
Иммундық жүйенің реакцияларына 1, 2- кластың МНС
ақуыздары қатысады. НК-жасушаларының рецепторлары МНС
ақуыздарына тәуелсіз.
• 3.Иммундық жауап.

+Ағзаға бөгде зат түскенде иммундық жүйе активтенеді де,
иммундық жауап қалыптасады. Иммундық жауабының қалыптасу
сатылары: - иммундық жүйе бөгде затты немесе жұқпалы аурудың
қоздырғышын таниды. біртізбекті көптеген реакциялар жүзеге
асады. Иммундық жауап қалыптасады : - цитотоксикалық Т-
жасушаларының активтендіруі нәтіжесінде; - макрофагтарды
активтендіру арқылы; антиденелердің синтезін ынталандару
арқылы. Иммундық жауаптың барлық механизмдері Т-хелпер
жасушаларымен және 1, 2- кластың МНС ақуыздарымен реттеледі.
+Иммундық жауаптың түрі: гуморалды иммундық жауап, негізгі
клеткалар – В-лимфоциттер жасушалық (клеткалық) иммундық
жауап, негізгі клеткалар – Т-лимфоциттер. Қалыптасатын
иммундық жауаптың түрі бөтен заттың түрі мен оның әсеріне, ауру
қоздырғыштың түріне және жұқпа орналасатын орнына
байланысты. Жасушалық иммундық жауап: Вирустар, кейбір
бактериялар мен паразит қарапайымдылар жасушаның ішіне
енеді. Бактериялардың көбісі және аурудың үлкен қоздырғыштары
жасушаның сыртында, ұлпаларда, ерітінділерде немесе ағзаның
қуыстарында көбейеді. Иммундық жүйе жұқтырған жасушаны,
зақымданған ұлпаны тауып, оны өлтіреді. Гуморалдық иммундық
жауап: Бөтен қосылыс (ақуыз, полисахарид, т.б. заттар) ағзаға
түскенде В-жасушалар активтенеді, олар антиденелерді көп
мөлшерде түзеді де, қан құрамына шығарады. Антиденелер бөгде
антигендермен байланысып, оларды бейтараптандырады.
• Гуморальды иммундық жауап, Жасушалық иммунды
қ жауап.
+Гуморалды иммундық жауап - бірқатар жасушалалардың және әр түрлі
қосылыстардың молекулаларының әрекеттесуі нәтижесінде денеге енген
бөгде заттарға қарсы В-лимфоциттердің қатысуымен антиденелердің түзілуі.
Ағзаға түскен бөтен затты бейтараптандыру үшін В-лимфоциттер
антиденелерінің қорын жасау міндетті. Ағзаға сырттан енген бөгет бөлшектің,
мысалы, бактерия клеткаларында, көптеген антигендер орналасады. Әр
антигенге қарсы ерекше антидене түзіледі. Бір бактерия антиденелерінің
бірнеше мың түрінің түзілуіне себеп болады. Бір В-лимфоцит бір антигенге
қарсы антидененің түзілуіне маманданған. Антигенмен контактіден кейін
антиденелері түзетін жасушалардың саны экспоненциалды өседі, нәтижесінде
антиденелердің мөлшері экспоненциалды көбейеді.- Плазмалық жасушалар
қатысуымен түзілген антиденелер антигенді байлайды, антиген-антидене
комплекс түзіледі. Антиген-антидене комплексті иммундық жүйенің басқа
компоненттері таниды да ыдыратып жібереді. Антиденелер антигенмен
байланысқан кезде: токсиндер бейтараптанады, тұнбаға шөгу арқылы немесе
басқа жолмен; антиген бөтен жасушаның сыртында орналасқан болса, онда
антигеннің антиденелермен байланысуы ерекше реакцияларға себеп болады.
Бұл реакцияларға қан сары суының комплемент жүйесінің ақуыздары
қатысады. Комплемент жүйе ақуыздарының әсерінен нысана-жасуша
мембранасында саңылау түзіледі де клетканың ішіндегісі ағып кетеді. Осы
реакциялардың нәтижесінде жасуша өлімге ұшырайды.
+Гуморалдық иммундық жауап 4 кезеңінен құрылады. Бірінші кезеңі – антиген
ағзаға енгеннен кейін иммундық жауап қалыптасады, қан сары суында
антиденелер жоқ. Екінші кезеңі - антиденелердің мөлшері экспоненциалды
өседі. Бұл екі фаза лаг фаза деп аталады. Үшінші кезеңі (плато фаза) -
антиденелердің титрі (мөлшері) максималды деңгейіде ұсталады. Төртінші
кезеңі (иммундық жауаптың сөндіру фазасы) - антиденелердің мөлшері
төмендейді, яғни иммундық жауап жойылады
+Т-жасушалық иммундық жауаптың қалыптасуы.
Ағзаға түскен бөтен зат антигенді ұсынатын
жасушаларымен, мысалы, макрофагтарымен,
жұтылады да ыдырайды. Өзгерген антигендерді
Т-хелпер жасушаларға ұсынады. Т-хелпер
жасушалар 2 кластың МНС ақуыздармен
ассоциацияланған өзгерген антигендерді таниды
да, ерекше қабылдағыштары арқылы байланысып
активтенеді. Белсенді Т-хелпер 2-интерлейкинді
синтездеп, ортаға секреттейді. 2-интерлейкин
цитотоксикалық Т-жасушаларының активтенуі
мен клондануын қамтамасыздандырады.
Цитотоксикалық Т-жасушалар вируспен
жұқтырылған жасушаларды таниды да жояды,
өлімге ұшыратады.
+Иммундық жүйенің Т-киллер, НК-клеткалар
вируспен жұқтырылған жасушаларды тауып
алады да өлтіреді. Қалыпты жасушалар Т-
киллердің әсеріне түспейді, өлімге ұшырамайды.
Пайданалынған әдебиетте + 1. «Адам физиологиясы» Сәтбаева
Х.Қ. 2басылым
р: 2. Kazmedic.com сайты
3. nsau.edu.ru сайты

Ұқсас жұмыстар
Иммундық жады
Иммунды жауаптың нейро - эндокринді жүйесі
Иммундық жауапқа қатысатын иммундық жасушалар
Иммундық жауапта иммундық мүшелердің рөлі
ИММУНДЫҚ ЖАСУШАЛАР
Табиғи киллерлер
Аутоиммунды аурулар
Антигентаныстырушы жасушалар
Гуморальдық иммунитеттің жетіспеушілігі
Иммундық жүйе жасушалары
Пәндер