Липидтердың маңыздылығы



Липидтер және олардың метаболизмі
Орындаған: Жантілесова А
Курс:1 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 113 Б
Қабылдаған: Қанағат Б

Жоспары
Липидтер туралы жалпы түсінік?
Липидтердың түрлері, классификациясы?
Липидтер және олардың метаболизмі?
Липидтердың маңыздылығы?

Липидтердің құрылысы
Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, т. б. ) ериді. Белоктармен, көмірсулармен қатар липидтер де мал, адам және өсімдіктердің барлық ұлпалар клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos - май деген сөзінен шыққан.
Липидтер деп өсімдік және жануар текті майлар немесе майға ұқсас заттарды атайды. Оларды: қарапайым липидтер - майлар және күрделі липидтер - майға ұқсас заттар деп бөледі.
Липидтерді сілті қатысында гидролизденіп, май қышқылдарының тұздарын (сабын) түзу қасиетіне қарай сабынданатын және сабынданбайтын липидтер деп те бөлінеді.

Липидтердің түрлері:
Қарапайым және күрделі липидтер.
Қарапайым липидтерге май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты триацилглицеролдар мен балауыздар құрайды. Триацилглицерол - бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.
Күрделі липидтерге фосфолипидтер жатады. Фосфолипид биологиялық мембрананың негізгі құрамдас бөлігі болып саналады. Барлық жасуша мембранасы құрамына фосфодиацилглицерин кіреді. Ол күрделі эфир, молекуласы глицерин қалдығынан, май қышқылының екі қалдығынан, фосфор қышқылының қалдығынан және азотты негіздерден тұрады.

Қарапайым липидтерге май қышқылдары мен спиирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты үшацилглицеролдар мен балауыздар құрайды.
Табиғи майлар үшацилглицеролдар қоспасынан тұрады. Үшацилглицерол - бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.
СН2−ОН СН2−СОО−R
│ │
СН −ОН + 3R−СООН → СН −СОО−R + Н2О
│ май қышқылы │
СН2−ОН СН2−СОО−R
глицерол үшглицерид (үшацилглицеролдар)
Балауыздар дегеніміз жоғары молекулалы май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері. Олар адамдар мен жануарлар организмінің жіне өсімдіктердің құрғаудан (сусызданудан) сақтайды.

Күрделі липидтерге - фосфолипидтер, сфинголипидтер және гликолипидтер жатады.
Барлық фосфолипидтер түзілетін аралық алғы зат болып фосфатид қышқылы есептеледі. Ол 1, 2-диацилглицерол, үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен этерленген.
Табиғи фосфолипидтерде С16-22 көмірсутек атомдары бар қаныққан және қанықпаған май қышқылдары болады. Бірақта көбінесе С16-С18 май қышқылдары кездеседі.
Сфинголипидтердің төрт тобы бар:
1) сфингомиелиндер,
2) цереброзидтер,
3) ганглиозидтер, сфигозин
4) сульфолипидтер.
Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде сфингозин бар. Сфингозин қанықпаған аминоспирт.
Цереброзидтер - сфинголипидтер ішіндегі ең қарапайымы, церамидтен және қанттың бір қалдығынан (галактозадан немесе глюкозадан) құралады. Құрамында галактоза бар цероброзидтер көп мөлшерде сүтқоректі жануарлардың миында және жүйке ұлпасында кездеседі.

Липидтердің физикалық қасиеттері
Майлардың физикалық және химиялық қасиеттері құрамындағы қышқылдарына байланысты. Мал майы (сиыр майы, сүт майы және басқалар) 40-60% қаныққан май қышқылдарынан (негізінен миристин, пальмитин және стеарин қышқылы), 30-35% моноқанықпаған май қышқылдарынан тұрады. Мал майында полиқанықпаған май қышқылдары аз. Сондықтан мал майы үй температурасында қатып қалады.
Өсімдік майында әдетте қаныққан май қышқылдары аз (10-20%) . Қанықпаған қышқылдар көп (80-90%) . Қанықпаған қышқылдардың құрамы өсімдік түріне байланысты. Зәйтүн майының 79% олеин қышқылынан; күнбағыс майының 75% линол қышқылынан тұрады. Өсімдік майлары сұйық күйде болады.
Әр түрлі майлардың балқу температурасы мынадай мөлшерде ауытқиды (°С есебімен) :
Сиыр сүтінің майы 28-42 Сиыр майы 42-50
Қой сүтінің майы 29-36 Шошқа майы 34-48
Ешкі сүтінің майы 27-39 Кокос майы 20-28
Адам сүтінің майы 32 Пальма майы 27-42

Липидтердің қызметтері
Липидтер барлык тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т. б.
1) Құрылымдық. Нәруызбен бірге жарғақша құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді.
2) Регуляторлық. Кейбір гормондар липидтік табиғатты болады.
3) Қорғаныштық. Жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді.
4) Жануарлар организмі үшін су көзі
5) Энергияны депонирлеу. 1 г май ыдырауының нәтижесінде 39 кДж немесе 9, 5 ккал энергия бөлінеді.

Майдың қорғаныштық қызметі.
Май жылуды нашар өткізеді. Сондықтан жануарлар тері астындағы май қабатының есебінен дене температурасын тұрақты сақтайды. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 м-ге дейін жетеді, бұл оның солтүстік теңіздердегі суық суда үнемі тіршілік етуге бейімділігін арттыра түседі. Өсімдік түқымдарында майдың көп болуы - жаңа дамып келе жатқан өсімдікке, оның тамыр жүйесінің бекініп, өзіне тиісті қызмет атқара бастағанша энергиямен қамтамасыз ету үшін қажет.

Липидтер- энергия көзі
Липидтердің ішіндегі табиғатта көп таралғаны-майлар. Майлар - организм тіршілігіндегі негізгі энергия көзі. Организмге қажетті энергияның 25-30%-ын липидтер береді. Майдың 1 грамы толық ыдырағанда, 38, 9 кДж энергия бөлінеді, ол нәруыз бен көмірсудан бөлінетін энергиядан екі есе көп.

Май - қоректік қор заты
Организмдер денедегі майды қоректік зат ретінде жинақтайды. Мысалы, бунақденелілер, сүтқоректілер және адамның тері асты қабатында, шарбыда, көптеген өсімдіктердің тұқымдарында және т. б. мүшелерінде май қоры жинакталады. Жануарлар мен өсімдіктер осы әртүрлі мүшелерде жинақталған май корын тіршілік барысында біртіндеп жұмсайды, әсіресе май қорының қысқы ұйқыға кететін организмдер үшін маңызы ерекше.

Май - су көзі.
1 кг май тотығып ыдырағанда, 1, 1 кг су түзіледі. Мұндай суды “метаболит су” деп атайды. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар (кейбір кемірушілер, бөкендер, түйелер және т. б. ) организміндегі тотығып, ыдыраған майдың суын пайдаланады.

Құрылыс қызметі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz