Мемлекет пен құқықтың дамуы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Шымкент-2021

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы

Орындаған: Сабитова Н.

Тобы: Еп-20-2к

Қабылдаған: Биболаева М.

Slide 2

Мемлекет

Белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы.

Құқық

Мемлекет дегеніміз не?

Құқық дегеніміз не?

Slide 3

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжрибесі өсіп молайды.

Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:

малшылық,

жер игеру,

өндірістік

саудагерлер тобы.

Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Бұл экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар:

қосымша өнімнің пайда болуы;

жеке меншіктің қалыптасуы;

топтар мен таптардың арасындағы кұрестің басталуы.

Осы қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

Мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері

Slide 4

Мемлекеттің дамуы

Мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдықтың тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет- жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш- қуатына ұйренетін басқару жүйесі.

Адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі, әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт- дәстүр, моральдық нормалар, діни нормалар) қоғамның даму процесіне бірте-бірте құқық нормаларына айналуы.

Құқықтың дамуы

Мемлекет пен құқықтың дамуы

Slide 5

Мемлекеттің пайда болуы мен дамуының бірнеше түрлері бар:

1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі қүрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдар мен императорлар болды. Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалып тасу себептеріне:

Мемлекеттің пайда болуы мен дамуы

ірі ирригациялық жүйелерді жасау;

оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;

барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.

Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді (Қытай, Иран т. б. ) .

Slide 6

2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.

Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық кұшті топтар мен таптар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бір- лестік болып қалыптасты.

Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты.

Slide 7

Құқық екі жолмен дамыды.

Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сұйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сұйенді, ал мұсылман елдерінде - Құран заңы.

Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сұріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан « Мемлекет пен құқық қашан пайда болды? Қалай дамып келеді? » - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

Құқықтың пайда болуы мен дамуы

Slide 8

Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялар

Теологиялық теория

Табиғи теория

Тарихи теория

Патриархалдық теория

Психологиялық теория

Slide 9

Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұны

Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.

Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.


Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
Құқықтың пайда болуы және қалыптасу жолдары туралы
Құқықтық мемлекет және оның негізгі белгі – нысандары
МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ КОУЗ ТЕОРЕМАСЫ
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, мемлекеттің шығу туралы теориялары, тарихи типтері және мәні
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық ғылым ретінде
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ
Құқықтың пайда болуы және қалыптасу жолдары
Сот практикасының қорытындылары
Мемлекет және құқық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz