ҚАЗІРГІ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ СӘУЛЕТ - ЖОСПАРЛАУ КОМПОЗИЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ




Презентация қосу
ҚАЗІРГІ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ СӘУЛЕТ-ЖОСПАРЛАУ
КОМПОЗИЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ
ОРЫНДАҒАН: ТАЛАПТЫ НҰРЗАТ
ЕЛДІ МЕКЕННІҢ СӘУЛЕТ-
ЖОСПАРЛАУ КОМПОЗИЦИ
ЯСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Композиция сөзі латыннан
аударғанда жасау, біріктіру,
байланыс дегенді білдіреді.
Елді мекен құрылысында
композиция деп, адамның
пайдалану сұраныстарын (ең аз
қаржы шығынындағы еңбек,
тұрмыс және демалыстың ең үздік
жағдайлары) қанағаттандыра
отырып, елді мекеннің тұтастығы
мен көркемдік бірлігін
айқындайтын оның барлық
бөліктерінің гармониялық
үйлестігі мен келесімдігін айтады.
Композицияның ең маңызд
ы құралдары болып:
Біртұтастығы;
Бағыныңқылығы;
Пропорционалдығы;
Масштабтылығы;
ырғақтылығы және т.б.
саналады.
Біртұтастық деп, белгілі бір мақсатқа жету үшін оның
барлық компоненттерін органикалық бүтінге біріктіру
айтылады. Біртұтастылық композицияның негізгі заңы
және міндетті шарты болып табылады. Сәулеттік
композицияның біртұтастығы – бұл нысаны (формасы)
мен құрамының бірігуі.

Бағыныңқылық бұл, композицияның тұтастығы басты
және бағыныңқыларын анықтай отырып, оның кейбір
бөліктерінің келісімділігі арқылы болатын күрделі
бірлік. Композицияның барлық компоненттерінің мәні
тең болған жағдайда қарапайым тұтастық қана
құралады. Мысалы, елді мекенді тегіс бетте қатаң
тікбұрышты жүйеде жоспарлап, бірдей үйлер салып
тастаса, онда оған қарапайым кеңістіктік тұтастық тән
болады. Ал егер бұл елді мекенде қарама қарсы
элемент (ғимараттар тобы, саябақ, көл және т.б.)
белгіленсе, онда қатар бағыныңқылыққа, яғни
неғұрлым жоғары тәртіптегі тұтастыққа жетуге
болады.
Композициядағы пропорционалдылық - бұл бөліктердің
белгіленген өзара және бүтінмен арақатысы,
шамаластығы. Ғимараттың барлық бөліктерінің немесе
бірқатар ғимараттардың арақатысы сол арқылы көрінетін
үндестікке (гармонияға) келтіріледі. Пропорция, барлық
ғимаратты немесе ансамблді қамти отырып, өз бірлігінде
бірліктердің белгіленген өзара қатынасын құрады.
Пропорцияның көмегімен монументтілік, салтанаттылық
немесе, керісінше салмақтылық, қарапйымдылық
бейнеленуі мүмкін.
Масштабтық - бұл сәулеттік құрылыс нысандары
( формалары ) шамаларының адам өлшеміне
салыстырмалы түрде сәйкес келуi немесе шамаластығы .
Ғимараттың немесе ансамблдiн арналуынын , олардың іс
жүзiндегi шамасымен , қоғамдық маңызымен , сондай - ақ
табиғи және жоспарлы түрдегі қоршаған ортасымен
сәйкестігі маңызды орын алады .
Сәулеттегі ырғақтылық - белгiлi бiр өзара байланысты
құратын бөлек элеметтер мен нысандардын
(формалардын) занды түрде кезектесуімен айқындалады .
Ырғақтылыққа композициялық сапа ретiнде сәулет
нысандарынын (формаларының) белгiленген интервалдар
сайын қайталануы , ал қайталанатын нысандар - ырғақты
екпіндер (акценттер) арқылы жетуге болады . Сәулет
элементтерiнiң немесе объектiлерiнiн белгiлi бiр
үйлестiктегi қайталануы , ұлғаюы , азаюы - ырғақтылық
заңдылықтары болып саналады .
Практикада қайталанудың екі түрі кездеседi - метрикалық
және ырғақтық . Метрикалык араларындағы
интервалдары тен болатын бiрдей элементтердін
кезектесуiне негізделген . Ырғақтық - бұл қайталанудың
неғұрлым күрделi түрi және ол нысандар (формалар) мен
интервалдардың заңдылықты өзгеруіне (олардын
санының , өлшемдерінің нышандарының және т.б. өсуі
немесе кемуі) негізделген .
Көзбен көріп қабылдауды күшейту немесе азайту ушiн ,
композицияның қарастырылған негізгі құралдарынан
басқа , өзге түрлері де пайдаланылады : симметрия және
ассиметрия қарама қарсылық және нюанс , фактура , тус ,
жарық .
Сәулеттік - жоспарлау
композициясының құрамдас
бөліктері (компоненттері) .
Ауылдық елді мекеннің
сәулеттік жоспарлау
композициясының құрамдас
бөлiктерiне : көшелер , алаңдар
, тұрғын үйлер мен қоғамдық
ғимараттар, олардың
маңындағы учаскелер , ашық
және көгалдандырылған
кеңiстiктер , көркейту
жөніндегі құрылыстар ,
ендiрiстiк кешендер , бедер , су
қоймалары мен қоршаған орта
ландшафты жатады .
Табиғи жағдайлардың сәулеттік
- жоспарлау композициясындағы
маңызы. Бедер , жасыл екпелер,
өзендер, суаттар , көлдер сияқты
табиғи жағдайлар елді мекеннің
сәулеттік - жоспарлау
құрылымының құралуында
ерекше рөл атқарады. Елді
мекенді жоспарлау және салудың
композициялық құрылуы
аумақтың табиғи жағдайларын
пайдаланбай және жан жакты
есептемей ұтымды бола алмайды.
Сәулеттік - жоспарлау
композициясына жергiлiктi
жердің бедері ерекше әсер етедi.

Ұқсас жұмыстар
Маршруттың нөмірі
КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫ
Көп көлемде суды және жуғыш заттарды пайдаланып тазалау
ЕЖЕЛГІ ИРАН СӘУЛЕТ ӨНЕРІ
Солтүстiк Қазақстан облысының көрiктi жерлерi
ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Практика меңгерушісі
Педагогикалық басқару жүйесі
Қазақстанның сәулет өнері
Індет ошағы
Пәндер