Алғашқы адамдардың тас құралдары
Презентация қосу
Қазақстандағы Тас
Ғасыры
Орындаған: «Тарих» 1-курс Бақытжанова Айдана Ғалижанқызы
Мазмұны
• Тас Дәуірі(Кіріспе)
• Палеолит
• Мезолит
• Неолит
• Алғашқы адамдардың тас құралдары
• Тас дәуіріндегі қоғамдық ұйымдардың қалыптасуы
• Тас ғасырын Әлкей Марғұлан зерттеуі
• «Қаратау отряды»зерттеуі
• «Ғылым ордасы» мұражайы
Тас дәуірі
Адамзаттың 1,5-2 млн. жылдық даму тарихындағы ең ұзаққа созылған тарихи
кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі өз кезегінде бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
ежелгі көне тас ғасыры (палеолит ), орта тас ғасыры (мезолит ) және жаңа тас
ғасыры (неолит ).
Ғылымдағы классификация бойынша ежелгі тас ғасыры ұзақ — ұзақ үш
хронологиялық кезеңді – ежелгі , орта және соңғы (жоғарғы) палеолитті қамтиды.
Батыс Европаның материялдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша
ежелгі палеолит үш кезеңге – дошелль, шелль, ашель, орта палеолит – соңғы
ашель, мустье ; соңғы палеолит – ориньяк , селютре, мадлен болып бөлінеді [1].
Бірақ ежелгі тас дәуірінің Қазақстандық археологиясында дәстүрше палеолит
дәуірін ежелгі, орта және соңғы палеолит деп бөлерліктей критерилер әзірше
жоқ.Сондықтан, Қазақстанның ежелгі тарихының ескерткіштері жөніндегі
сипаттама екі дәуір – төменгі палеолит пен соңғы палеолит жайында берілген.
Палеолит
Палеолит (палео... және грек. lіthos – тас) – ежелгі тас
дәуірі. Адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының
бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін
дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды
аулаған.Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы
күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапкы кезеңі
алғашқы тобыр — бірлесіп корғану және шабуыл жасау, аң
аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік
құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық катынастардың
жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке
байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болды. Алғашқы
тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі —
ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа
әлеуметтік организм — алғашқы қауымның алғышарттары
бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы
мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның
бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан
алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен —
алғашқы кауымның толысқан нысандарының
қалыптасуымен сипатталады
Мезолит
Мезолит (мезо… және грек. lіthos – тас) — орта тас ғасыры, палеолит пен неолит
аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл терминді 19 ғасырдың 70-жылдарының аяқ
кезінде швед ғалымы О.М. Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9 — 5-
мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б. 10 — 7-мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар
арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар.
Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып
табылады, бірақ бұл дәуірде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз
кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар
археологтар бұл термин орнына эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке
протонеолит сөзін қолданып келді. Кейбіреулері жоғары палеолит пен мезолитті қосып
миолит деп те атады. Мамандардың көпшілігі тас өңдеу техникасындағы ерекшеліктер
арқылы мезолитті басқа дәуірлерден ажыратуға болады деген пікірді ұстанды. Тас құралдарын
дайындау мезолитте одан әрі жетіле түсті. Сегмент, трапеция, үшбұрыш түріндегі ұзындығы 1
— 2 сантиметр геометриялық шақпақтас құралдары шыға бастады (Микролит). Палеолиттен
мезолитке көшу ауа райындағы өзгерістерге, ең алдымен, бірнеше мыңжылдықтарға созылған
мұз дәуірінің аяқталуына байланысты. Б.з.б. 10-мыңжылдықтар шамасында қазіргіге жақын
гидрографиялық торап, фауна мен флора пайда болды
Неолит
Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) –
шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең
соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр
түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Еуропа, Азия мен
Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен
Неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6 – 4-мыңжылдықтардан
басталып, б.з.б. 3-мыңжылдықта аяқталды.[1] Қазіргі мәліметтерге
қарағанда Таяу Шығыстағы ең ежелгі егінші-малшылар мәдениеті
б.з.б. 8 – 7-мыңжылдықтарға жатады. Қытайда б.з.б. 4 – 3-
мыңжылдықта (Яншао), Еуропада (Солтүстік Македония) б.з.б. 7-
мыңжылдықтың соңында пайда болды. Қазіргі уақытта Қазақстан
аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш
мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай — бұлақтык,
өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте
өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір
көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты
немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді.
Алғашқы адамдардың тас құралдары
Алғашқы адамдардың даму дәрежесі жануарлардан шамалы-ақ жоғары болды. Сондықтан, олар
табиғат күштерінің алдында дәрменсіз еді.Бірақ, жылдар өте келе ол тастың қасиетін біле
бастады.Олар тастарды бір-біріне соғу арқылы әртүрлі қарулар жасауды үйренді.Қолына қару ұстаған
соң жануарларға аңға шыға бастады.Олардың мекендеген үңгірлерін өз мекендеріне
айналдырды.Сондықтан, тас дәуірінің алғашқы адамдары туралы басты ақпаратты сол кездің кең
тараған материялы – тастан жасалған еңбек құралдары береді [4]. Тас құралдарды зерттей отырып
адам санасының дамуын көруге болады. Алғашқы кезде жасалған тас құралдар салмақты ,үлкен
домбарлап жасалған қарапайым құралдар болып келеді.Жылдар өткен сайын қару жасау техникасы
жетіле түседі. Оның көлемі кішірейеді, есесіне қолдану аясы кеңейеді. Олар алғаш кездегідей тек аңға
шығуға ғана емес,күнделікті тұрмыста пайдаланылады (әртүрлі қырғыш, кескіштер).Тас қару жасауда
от пайдаланыла бастады.
Тас дәуірінің алғашқы кезеңіндегі тас қарулардың басты түрлері қол шапқылар, чопперлар,үшкір
кесек тастар болса [5], одан кейінгі кезеңнің басты қарулары сүңгір ұштар мен қырғыштар болды [6].
Соңғы палеолит дәуірінде еңбек және аң аулау құралдары әртүрлі бола бастады (қырнауыш, кескіш,
найза ұштары ).Өңдеу материалы ретінде сүйек пайдаланылды (сүйектен жасалған тескіштер,
қырнауыштар, найза ұштары, саптар)
Тас дәуіріндегі қоғамдық ұйымдар
Тас дәуірінде тек еңбек және аң аулау құралдары ғана емес, сонымен қатар адамдардың
қоғамдық ұйымында күрделі де ұзақ даму жолынан өтті.Оның бастапқы кезеңі алғашқы
тобыр – бірлесіп қорғау және шабуыл жасау , аң аулау және жиын- терін үшін бірлесу
болды.Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық қатынастардың
жетілмегендігімен ерекшеленеді.Сонымен қатар оған неке қатыныстарының біршама
реттелгендігі тән болды.
Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезеңдерінің бірі – ашель дәуіріне сәйкес
келеді.Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғышарттары
бірте-бірте толыса бастайды.Ал, мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи
еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік
жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен – алғашқы қауымның
толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады.Көптеген зерттеушілердің
топшалауынша , бұл сапалық секіріс неандертальдың осы заманғыдай дене бітімі бар
адамға айналуы мен тұтас келеді
Тас ғасырын Әлкей Марғұлан зерттеуі
Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде
айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан
болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан
экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше
жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты
бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ
тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен
қатар Ә.Х.Марғұлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген
қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған.
«Қаратау Отрядының» зерттеу
жұмыстары
Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші
жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы
тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас
дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған
«Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам
мерзімнің ішінде ғалым тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы
кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың
нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» атты монография болып
жарыққа шықты. Сөйтіп, Қазақстандағы алғашқы адамдардың ескерткіштері
біршама зерттеліп, игілікті жұмыс жолға қойылды.
«Ғылым Ордасы» мұражайы
Тас ғасыры кезеңіне жататын көптеген мол қазба материалдары еліміздің
барлық аймақтарындағы археологтардан қабылдап, қор жинақтау жұмыстарын
жүргізіп жатқан мұражайлардың бірі және бірегейі — «Ғылым ордасы» РМК
археология мұражайы. Мұражай қорындағы және жаңадан қабылданған
материалдар негізінде тас ғасырынан бастап, орта ғасырларға дейінгі
Қазақстанның ежелгі тарихының барлық кезеңдерін бейнелейтін жаңа ғылыми
экспозиция құрылды.
Мұражайдың негізгі мақсаты – Қазақстан территориясындағы көне және соңғы
орта ғасыр уақытындағы адам қоғамының дамуын көрсету болып табылады.
Республикамыздың аумағында мекен еткен тайпалар мен халықтар өздерінен
кейін көптеген ескерткіштердің түрлерін қалдырып кеткен, сол ескерткіштер
мәдениеттің және жалпы өркениеттің дамуына өз үлесін қосқанын көре аламыз.
Бірінші бөлімдегі көрме — Тас дәуіріне
жатады. Витриналарда кремниден жасалған
еңбек құралдары, шапқыш қарулар,
қысқыштар, өзекті қару түрлері ұсынылып
отыр. Олардың табылған жері — Оңтүстік
Қазақстандағы Бөріқазған мен Тәңірқазған
ескерткіштері болып есептелінеді.
Орта палеолит (мустье) кезеңдерін
қамтитын ескерткіштер — Оңтүстік
Қазақстан, Сарыарқа мен Солтүстік Балқаш
жерлерінен табылған болатын. Оңтүстік
Қазақстаннан табылған қарулар түрі:
қысқаштар, өткірұштар, қашаулар.
Жоғарғы палеолит заттары жер бетінен және қазба
барысында табылған кремниден жасалған қарулар екені
байқалады, үлкен қызығушылықты, әсіресе, Қаратаудағы
Ш.Ш. Уалиханов тұрағынан табылған материалдар
береді. Олардың ішінде, табылған ең үлкен олжасы
өткірұштардың, қашаулардың, нуклеустердің және
қысқаштардың жиынтығы болып есептелінеді.
Неолит және энеолит ескерткіштері кездейсоқ және Орал
облысындағы жерлеу орындарында табылған заттармен
ұсынылады. Бірден ықыласқа бөленетіні — тастан
жасалған кертпеленірілген орамалар, тас ұршықтар,
тегісте-балтабалықтар,найзаның сүңгілері. Бірегей зат
ретінде сүйектен кескінделіп жасалған, аяғы жағында
реалистік көзқараспен жасалған үйрек басты таяқ
саналады.
Неолит тұрақтарына археологтардың қазба жұмыстары
Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында және шығыс
жақтарында жүргізілген болатын. Қазбадан табылған
материалдар жиынтығына шағын инелер, біздер, бұлғары
тері секілді материалдар жатады. Оңтүтік Қазақстандағы
Қараүңгір тұрағынан табылған микролиттік қарулардың
терімі — осы көрменің сәнін келтіруде.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Қазақ ССР тарихы.Көне заманнан бүгінге дейін.Т.1.А.,1980.-54б.
• Қазақ ССР тарихы.Көне заманнан бүгінге дейін.Т.1.А.,1980.-57 б.
• Қазақ ССР тарихы.Көне заманнан бүгінге дейін.Т.1.А.,1980.-53 б.
• Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін .Т.1.А., 1996.-68 б.
• Шелль мәдениеті// Қазақ совет энциклопедиясы.Т.12,А., 1978.-238 б.
• Қазақ ССР тарихы.1980. 67 б.
• Қазақ ССР тарихы. 83 б; Свод памятников истории и культуры Казахстана .Южно-Казахстанская
область.Т.1,А., 1994. -12 б.
• Қазақстан тарихы . 1996. 68б.
• Казахстан – северная ойкумена // Казахстанская правда .27.06. 1997.-21б.
• Таймагамбетов Ж.К. Хасан Алпысбаевич Алпысбаев // Каменый век Казахстана и сопредельных
территорий (Материялы междн. конф., посвященной 70-летию Х.А.Алпысбаев). Туркестан, 1998. -7 б.
• Қазақстан тарихы. 1996.73 б.
• Таймагамбетов Ж.К. Хасан Алпысбаевич Алпысбаев // Каменый век Казахстан 9-10 б.
• Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. 1979.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz