Қазақ тілінің мәдени лексикасының түркі тілдер жүйесінде зерттелуі




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Қазақ филологиясы» кафедрасы

7M01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы (2 курс, магистратура)

Қазіргі тіл білімінің лингвомәдени
аспектілері
Тақырып: Қазақ тіліндегі мәдени лексика

Мұратбек Бағила Құрманбекқызы
Филология ғылымдарының кандидаты,
доцент, (қауымдастырылған профессор)

Ақтөбе - 2021
Жоспары:
1. Қазақ тілінің мәдени лексикасының түркі тілдер
жүйесінде зерттелуі
2. Қазақ тіліндегі этнолексиканы зерттеудің тарихи
көздері
3. Қыпшақ ескерткіштерін қазақ тілімен сабақтастыра
зерттеу
4. Қазақ тіліндегі мəдени лексика жүйесінің қыпшақтық
қабатын тіл аралық салыстыру арқылы анықтау.
Орта ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ тілінің жай-күйіне, тілдік ерекшеліктеріне тілші
ғалымдар, мəдениет, қоғам қайраткерлері үнемі назар салып, түрлі жанрларда орындалған
ізденіс жұмыстарына арқау етіп келеді. Осы бағытта зерттеулер жүргізіп, келелі пікірлерін,
тұжырымдарын ұсынған Ш.Уəлихановтың, А.Байтұрсынұлының, М.Тынышпаевтың,
Қ.Жұбановтың, Н.Сауранбаевтың, Ə.Марғұланның, Б.Кенжебаевтың,
С.Аманжоловтың, Р.Сыздықованың, Ə.Қайдардың, Ə.Құрышжанұлының,
Б.Əбілқасымовтың, Ə.Ибатовтың, М.Сабырдың, Е.Өмірбаевтың, т.б. еңбектерін атап
өтуге болады.

Жеке тілдердің даму кезеңінің келесі саты сайын өзіндік ерекшеліктері күшейіп
отыратынына қарамастан, түркі тілдері өзінің ұзақ даму барысында ортақ лексика қорын
сақтап қалды. Өзіндік дамудың күшейе түскен ішкі жəне сыртқы заңдылықтарының əсерінен
əрбір түркітілі бірте-бірте өзіне ғана тəн сипатқа ие бола бастайды. Ол қасиеттердің
кейбіреуі тілдердің бір тобына ортақ болса, екінші бір топ тілдерден осы қасиеттерімен
ерекшеленеді. Қазақ тілінің қалыптасуына қатысты ұзақ уақыт бойы қыпшақтардың
бірігуінен туған лексикалық ортақтық пен айырмашылықтарды анықтаудың мəні ерекше.
2. Қазақ тіліндегі этнолексиканы зерттеудің тарихи
көздері

Этникалық топтардың құрамына кірген тайпалар құрамының үнемі өзгеріп отыруы,
сондай-ақ мейлінше əртүрлі тайпалық диалектілердің үнемі араласып, өзара ықпал
етуі салдарынан ол топтардың айқындаушы тілдік белгілерінің тым араласып жатқан
сипатта болғанын тіл тарихын зерттеушілер атап көрсетеді. Дегенмен, тарихшы-
ғалымдардың көрсетуінше, VIIІ-Х ғасырларда, алғашында Ертіс өңірінде көне түрік
тілдес көлемді топ – қимақ-қыпшақ тобы қалыптасса, ХІ ғасырдың басынан бастап,
бұрынғы қимақ-қыпшақ жəне куман тайпалары қоныстанған аумақта əскери-саяси
үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшкен. Яғни, қыпшақтар билігінің Арал
өңірімен Сырдария бойындағы аймақтарына таралуына байланысты этникалық саяси
жағдайдың өзгеруіне қарай ХІ ғасырдың ІІ ширегінің басында «Оғыздар даласы»
деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (ДештҚыпшақ) деген атаупайда болған.
Тарихи зерттеулер қыпшақтар конфедерациясы тайпалық құрамының ХІ-ХІІ
ғасырларға қатысты құрылымы өте күрделі жəне əртекті болғанын барынша айқын
көрсетеді. Онда қыпшақ тайпаларымен қоса, түркі тілдес қимақ, куман, печенег,
ертедегі башқұрт, оғыз тайпалары, сондай-ақ иран тілдес этникалық жіктердің түркі
тілдес элементтері жинақталған. Осымен байланысты «Қазақстан тарихында»:
«Тегінде топтасу мен бірігу негізінде туыстас қыпшақ тайпалары одағынан халық
болып ұйысу үрдісі жүріп жатқан болса керек. Қыпшақ мемлекетіне ұйымдасқан
қыпшақтар халықтың қалыптасу сатысында бірқатар жағдайларда өздерінің
қоластындағы халықты сіңістіре отырып, кең-байтақ аймаққа таралуға қабілетті болып
шықты», – деп тұжырымдалады. Сонымен, Қазақстан аумағында қыпшақ халқының
қалыптасуын этникалық аумақ, шаруашылықты жүргізу түрлерінің біртектестігі,
қоғамдық қатынастар жүйесімен тіл бірлігі жəрдемдескен этникалық-мəдени
белгілердің жымдасу үрдісі жеделдете түсті. Қыпшақтардың əр түрлі этникалық топтар
мен өзара тығыз іс-қимылы этникалық қауымдастыққа əсер етті. Осыған орай
«қыпшақтардың саяси салмағының барған сайын өсе түсуіне байланысты көптеген
тайпалар мен этникалық топтар өздерінің біртұтас этносқа жататындығын ұғынып,
қыпшақ этнонимін қабылдады жəне өзін-өзі қыпшақтар деп атай бастады»
Түркітануда қазіргі мына тілдер түркі тілдерінің қыпшақ тобын құрайды деп
көрсетіледі: қарайым, құмық, қарашай-балқар, қырымтатары, татар, башқұрт, қазақ,
қарақалпақ, ноғай тілдері. Түркітануда қыпшақтілдері үш топқа жіктеліп
қарастырылады:

1)Половец
тік:
қарайым, 3) Ноғай:
құмық, 2) Бұлғар: ноғай,
қарашай- татар, қазақ,
балқар, башқұрт. қарақалпа
қырым қ.
татарлар
ының тілі.
Қазақ тілін диахрондық тұрғыдан зерттеуші ғалымдар атап өткендей, қазақ тілі
лексикасының қалыптасу, жіктелу барысын түсіну үшін қыпшақ тілімен текстерін
көрсететін еңбектерді аттап өту мүмкін емес. Қазақ тілі тарихи грамматикасының
негізін салушы зерттеушілердің бірі профессор М.Томановсолардың ішінен ең
негізгілері деп мына шығармаларды атап көрсетеді:
1. Диван-луғат ат-түрік – Махмұт Қашқари
2. Құдатқу білік – Юсуф Баласұғын
3. Терджуман туркий уа ғараби
4. Китаб əл-идрак лилисан əл-атрак – Абу Хайиан
5. Китаб ад-дурра ал-мудия филлуғат ат-туркия
6. Китабу ат тухфати аз-закийя фи-л-луғати ат-туркия
7. Джамал-ад-Дин Абу Мухаммед Абдуллахат-турки. Китаб-булгату алмуштак
фил луғати ат-турки ва-л кыфчак
8. Ибн Муханна сөздігі. Китабу Хулийат уль-инсан вахулват ул-лисан т.б.
Сонымен бірге осы еңбектерді зерттеушілердің бəрі де олардың таза қыпшақ тілінде
жазылмағандығын атап өтеді. Атап айтқанда, қыпшақ тілдері ежелгі түркі тілінің қойнауында
дамығандықтан, ол еңбектер негізінен аралас оғыз-қыпшақ тілінде жазылған деп есептеледі. Оған,
мысалы, 1069 жылы Жүсіп Баласағұн жазып бітірген түркі тіліндегі ең ескі əдеби ескерткіш
«Құдатқу білік» дəлел бола алады. Осындай ескерткіштерді зерттеуші белгілі маман Э.Наджиптің
пікірінше, «Құдатқу біліктің» пайда болуының алдында ұзаққа созылған дайындық кезеңі болған. Сол
кезеңде ұйғыр, қарлұқ жəне басқа тайпалармен ұлыстардың (олардың ішінде оғыздар маңызды орын
алған) тілдерінің негізінде жазба түркі тілі қалыптасқан. Бұл поэманың пайда болуы жəне
қараханидтердің мемлекетінен де тыс кең таралуы жазба түркі тілінің қалыптасуына жағдай жасады.
Сондықтан да 1074 жылы түркі тілдерінің атақты сөздігі М.Қашқаридың «Дивану луғат ит-түрктің»
жазылып бітуі əбден заңды. Егер «Құдатқу біліктің» тілі түркі тілдерінің d ~ z тобына жатса,
«Диванда» d ~ j тобына да қатысты лексикалық материалдар келтірілген. Сондықтан да аталмыш
сөздіктің баға жетпес деректері түркітануда түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи лексикологиясы
салды деп бағаланса, «Этнолингвистиканың негіздерін» түсіндіруге арналған еңбегінде профессор
М.М.Копы-ленко: «Өзінің айқын этнолингвистикалық бағыты тұрғысынан М.Қашқаридың сөздігін
Шығыс пен Батыстың еш лингвистикалық еңбегі қайталай алмайды», – деп атап көрсеткен. Қазіргі
күнге жеткен келесі еңбек – түркі əдебиетінің белгілі түркі дəруіші Ахмет Яссауидің өлеңдері. А.К.
Боровковтың пікірінше, «қарлұқ-ұйғыр тобына(d ~ z) жататын «Құдатқу біліктен» «Хикметтің»
айырмашылығы: оның тілінің негізі – қыпшақ тілі(-j). Бірақ ол оған оғыз тайпаларымен
«Құдатқубілік» заманының əдеби дəстүрлерінің əсері тиген жоқ деген сөз емес. Бірақ бұл қарлұқ-
ұйғыр тіліне қарама-қарсы басқа оғыз-қыпшақ тілінің құралуына кедергі келтіре алмады».
Осы дəуір ескерткіштерін зерттеген арнаулы зерттеулер, жоғарыда көрсетілгендей, шолу
түркі əдеби ескерткіштері тілі қалыптасуының алғашқы кезеңінің əр түрлі тайпалар тілінің
араласып жатуымен сипатталатынын көрсетеді. ХІV ғасырдан бастап жазба түркі тілдерінің
даму тарихында жаңа кезең басталып, ол алтын орда-мысыр жəне алтын орда-хорезм екі
бұтағына бөлінеді. Мысыр жерімен Алтын Орда территориясында, атап айтқанда, Сырдарияның
төменгі ағысында қыпшақ-оғыз тілінде туған ескерткіштерді салыстыра келіп, Э.Н.Наджип:
«Бұл ескерткіштердің тілінің негізі – оғыз тобына кірген бір тілдің, анығырақ айтқанда,
диалектілердің əсеріне ұшыраған қыпшақ тілі. Осылайша, ХІV ғасырда Алтын Орда мен
Мысырға ортақ «j» тобындағы қыпшақ-оғыз тілі қалыптасқан», – деген тұжырым жасайды.
Бұл уақыттың ескерткіштері – Хорезмидің «Мухаббатнамесі», Құтыптың «Хұсрау мен
Шырыны», Сараидің «Гулистаны» жəне т.б. Көрсетілген шығармалардың тілдік деректерін
тəптіштеп зерттеу əдеби тілдердің қалыптасу тарихын, олардың бір-біріне ұқсастығы мен
айырмашылығын түсінуге, түркі тілдерінің тарихи жəне ғылыми грамматикасын жазуға, тарихи
жəне түсіндірме сөздіктерін құрауға, тарихи лексикологиямен этнолингвистиканың негізін
жасауға көмектеседі.
Осы саладағы А. Зайончковскийдің, А.К. Боровковтың, А.Н. Кононовтың,
А.М.Щербактың, Э.Н. Наджиптің, Э.И. Фазыловтың, Ə. Құрышжановтың, М. Томановтың, Ə.
Ибатовтың, Б. Сағындық-ұлының, Ə. Керімовтің, М. Сабыровтың, А. Салқынбайдың, Ж.
Тектіғұлдың, т.б. еңбектері түркітануда лайықты орындарын алды. Қыпшақ тобының
лексикасын салыстыра қарастырған академик К.Мусаевтың, түркі тілдерінің тарихи
фонетикасын, грамматикасын салыстыра шолып зерттеген профессор М.Томановтың
зерттеулерінде түркі тілдерін салыстыра зерттеудің негізі жасалды деуге болады. Осымен
байланысты қазақ тілі лексикасының қыпшақтық қабатын ажырату жəне анықтау, тектес
материалдарды теңестіру, инварианттарды салыстыру, т.с.с. Əртүрлі мəселеге қатысты
ғалымдардың істеп жатқан жұмыстары қазақ тілі лексикасын жəне оның қалпына келтіріліп
отырған ежелгі мəдени атауларын даму үстіндегі өлшем ретінде қарастыруға болады деп
топшылауға мүмкіндік береді. Себебі, жалпықыпшақтық тілдік модельдердің сипаты тілдің
барлық деңгейлерінде де көріне береді. Бірақ тілдің дамуының сенімді теориясын жасау үшін
нақты тілдік деректер белгілі бір жүйеге негізделген кең түрдегі зерттеулерді талап етеді. Тек
соның негізінде ғана қыпшақ лексикасының жалпы түркілік қордан бөлініп шығып
қалыптасуы жəне одан əрі қарай жеке тілдерге ыдырауын айқындай аламыз. Осы тұрғыдан
алғанда қазақ жұртының этногенездік тарихи көздерімен түркі тілдері жүйесіндегі орнын
айқындауға байланысты қыпшақтық негізін тарихшылар белгілеп бергенін жоғарыда атап
көрсеттік. Дегенмен, қазіргі тіл білімінде тілді зерттеудің кешенді, біртұтастық
(концептуалдық) үрдісі ерекше қарқыналып жатқан кезеңде тарихи деректермен тіл арқылы
сақталған этномəдениет атаулары дəйекті қызмет атқарып, зерттеу нəтижелерін жаңа деңгейге
көтермек.
Атап айтқанда, қазіргі таңдағы зерттеу үрдісі осы уақыттың ескерткіштері –
Хорезмидің «Мухаббатнамесі», Құтыптың «Хұс-рау мен Шырыны», Сараидің
«Гулистаны», Махмудбин Əлидің«Нахджəл-Фарадисі» жазба жəдігерліктерін тұтас бір
жүйе ретінде қазақ тілімен сабақтастыра зерттеуімен ерекшеленеді. Мысалы, зерттеуші
М.Сабыров «қыпшақ тілінің мұрагері, жалғасы» деген ұғымдарды, идеяны дəлелдеу
үшін Алтын Орда дəуірі жəдігерліктерінің қазіргі қазақ тіліне қатысы қаншалықты
дəрежеде екенін, ортағасыр жазба ескерткіштерінің лексикасының тұтас жүйесін
қазіргі қазақ тілі лексикасымен салыстыра зерттеп, ұқсастықтар мен айырмашылықтар
шегін, ортақтастығының арасалмағын, инновациялық сипатын кең көлемде анықтау
арқылы байыпты, ғылыми тұрғыдан анықтауды мақсат еткен. Бұл жолда автордың
сүйенгені – терең де жан-жақты теориялық-əдістанымдық негіздер жəне тұтас жүйе
ретінде қарастырылған, салыстырылған бай көлемді нақты тілдік деректер.
3.Қыпшақ ескерткіштерін қазақ тілімен сабақтастыра зерттеу

Қазақ тілінің тарихи дамуымен қалыптасуын, сонымен сабақтас мəдениетін анықтау барысында
қыпшақтық жəне ежелгі элементтердің көздері ретінде қыпшақ ескерткіштерін қазақ тілі мен
сабақтастыра зерттеудің мəні ерекше. Осыған байланысты ғалымның мына тұжырымы осы тектес
зерттеулердің мəнін ашып береді деп ойлаймыз: «Қазіргі қазақ тілі бастауын сонау ежелгі түркі
заманынан алатын, тарихи сан салалы қат-қабаттардан тұратын байырғы түркі тілдерінің бірі екені
даусыз. Оның əр дəуіріндегі сөз қабаттары халықтың өмір тіршілігін (ерекшелегенбіз – Ж.М.)
көрсететін тілдік айшықтар болғандықтан, олардың даму кезеңдерін анықтау, қалыптасу, өзгеру, даму
үрдістерін зерттеу тілдің қазіргі сипатын анықтай түсуге сара жол ашады. Қазақ тілінің сондай бір
қабаты – орта түркі тілі, яғни ХІV ғасыр жазба ескерткіштері. Сондықтан қазақ тілі лексикасының
даму жолдарын мұрағаттар тілінен оқшау қарастыруға болмайды». Қазақ тілінің тарихи мəнімен
қалыптасу арналарын айқындауға жол ашатын бұл тектес зерттеулер Қазақстан Республикасының
мемлекеттік «Мəдени мұра» бағдарламаларымен тығыз байланысты нақты нəтижелер деп бағалануы
тиіс. Сонымен бірге зерттеушінің: «Бұл кезеңдегі мұралардың тілінде оғыз, қыпшақ, ұйғыр
элементтері мидай араласып жатыр жəне олар диалектілік белгілер ғана. Олардың лексикасындағы
ортақтықтармен ұқсастықтар деңгейі 60-70 пайыз болса, айырмашылықтар көлемі 20-30 пайыздан
аспайды. Осындай сəл-пəл ерекшеліктерге бола тұтас тілді жоғарыдағыдай бірнеше тілге жіктеген
Э.Н. Наджиптің тұжырымы, біздің ойымызша, құптарлық іс емес. Белгілі ғалымның осындай пікірі
кейінгі зерттеулерге əсер еткені соншалық, түркітануда жазба жəдігерліктерді жеке өз ұлтына телу,
иемдену əрекеті өршіді.
Мəселен, Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметін» бір ғалымдар түркімен тілінде
жазылған десе, енді біреулері өзбек тілі тарихымен тікелей байланыстыра қарайды»
деген жəне ХІV ғасырда жазылған жазба ескерткіштердің қазақ тіліне нақты қатысын
тарихи сабақтастық негізінде айқындауға қатысты: «Бұған дейін қазақ тілінің жазба
мұрағаттар тіліне қатысы туралы жалпылама, сипаттама пікірлер айтылған, ендігі кезекте
жазба ескерткіштер тілін тұтасалып, қазақ тілімен салыстыру, нақты тілдік
материалдарды сөйлету, сөздердің қолдану өрісіне, мағынасына, дыбыстық ерекшелігіне
баса көңіл аудара отырып зерттеу қажет», – деген тұжырымдарын тіл тарихы, мəдени
қазына ретіндегі мұраларымызға қатысты жаңаша сипаттағы көзқарас деп бағалауға
болады. Бұл мəселеге қатысты жоғарыда аталған тұжырымдарын зерттеуші
Ə.Құрышжанов, Ə. Қайдар, Б. Сағындықұлы, Б. Əбілқасымов, Ə. Керімов, т.б.
ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып негіздейді де, ортағасыр ескерткіштерінің
дереккөздерінен жинақталған нақты да мол тілдік деректерді қазақ тілі мен сабақтастыра
салыстыру мен дəйектейді.
Осыған байланысты М. Сабырдың еңбегінде тұжырымдалған «орта түркі тілі» терминін ХІV ғасыр
жазба мұраларының тілін тұтас тілдік жүйе ретінде қазақ тілі лексикасымен сабақтастыра зерттеудің
нəтижесі дейміз. Себебі ғалым академик Н. Сауранбаевтың: «Қазіргі қазақ тілі көне қыпшақ тілінің
жаңа (соңғы) заман кезіндегі жаңа жағдайға байланысты өсіп, өркендеген түрі», – деген жалпы
жорамал сипатта айтылған пікірін М.Сабыр өзінің зерттеу нысанына сəйкес нақты тарқатып, мынадай
қорғау тұжырымын ұсынады: «ХІV ғасыр жазба ескерткіштерінің (НФ, ХШ, Мн, Г) жазылу уақыты
қазақ тілінің ұлт тілі ретінде қалыптасу кезеңімен сай келеді. Алаталмыш ескерткіштер лексикасының
өзара айырмашылықтарынан гөрі ұқсастықтары мол, бір жазба дəстүрге негізделген, сондықтан
біртұтас (монолитті) жүйе ретінде қазақ тілі мен салыстыра зерттеу көптеген тың тұжырымдарға
жетелейді». Бұл тектес жұмысты əрі қарай дамыту мəселесі қазақ тіл білімінде күн тəртібінен алынған
жоқ. Қазақ сөздеріндегі (соның ішінде мəдени лексиканың) қыпшақтық жəне ежелгі элементтерді
зерттеудің қазақ тілінің тарихи лексикологиясын дамыту үшін қажеттілігі дау тудырмайды. Оны қазақ
тілінің тарихи дамуымен қалыптасуындағы аса құнды материал жəне көздерінің бірі ретінде қарап,
қазақ тіл білімінің ғалымдары бұл бағытта елеулі істер атқаруда. Бұл еңбектердің ғылыми
тұжырымдары мен талданып келтірілген тілдік деректері қазақтың мəдениетін бейнелейтін
лексиканың да ұлттық болмысын тануға, этнолингвистикалық табиғатын анықтауға қызмет ететіні
сөзсіз.
Бұл тектес жұмысты əрі қарай дамыту мəселесі қазақ тіл білімінде күн
тəртібінен алынған жоқ. Қазақ сөздеріндегі (соның ішінде мəдени
лексиканың) қыпшақтық жəне ежелгі элементтерді зерттеудің қазақ тілінің
тарихи лексикологиясын дамыту үшін қажеттілігі дау тудырмайды. Оны
қазақ тілінің тарихи дамуы мен қалыптасуындағы аса құнды материал жəне
көздерінің бірі ретінде қарап, қазақ тіл білімінің ғалымдары бұл бағытта
елеулі істер атқаруда. Бұл еңбектердің ғылыми тұжырымдарымен талданып
келтірілген тілдік деректері қазақтың мəдениетін бейнелейтін лексиканың да
ұлттық болмысын тануға, этнолингвистикалық табиғатын анықтауға қызмет
ететіні сөзсіз. Олардың тұжырымдары мен нəтижелерін пайдалана отырып,
жоғарыда көрсетілген мақсат жолындағы қазақ лексикасының тақырыптық
топтары мен тілдің шегіндегі лексиканы (периферий-ная лексика)
салыстырмалы-тарихи жолмен талдап, олардың жалпы түркілік жəне
қыпшақтық қабаттарын анықтауға, этномəдени мазмұнын сипаттауға болады.
Қазақ тіл біліміндегі этнолексика этнографиялық, тарихи, лексика- семантикалық, этимологиялық,
танымдық тұрғыдан қарастырылып келеді. Қолданыстағы сөздің этноқызметі, мағынасы оның тілдік
қатынастағы жұмсалу ерекшеліктерін айқындаумен маңыздырақ. Мәтін құрамындағы сөздің, сөз
тіркесінің этнолингвистикалық қолданылу ерекшеліктерінің айқындалуы тілдің әлеуметтік ортадағы
қызметі туралы жан- жақты хабар беруге бағытталады. Тіліміздегі сөздердің мәтін ішіндегі қолданысы
этнолексика арқылы көрініс беріп, тұтастай бір ұлттың этномәдени, тарихи, ұлттық бітім-болмысын
таныта түседі.
«Этнолексикалық қолданыстар тек атауыштық қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен қатар
олардың қарым-қатынастық ролі де айқын көрінеді. Этнолексика арқылы қазақ халқының
дүниетанымы, ұлттық ерекшелігі көрініс беріп, этнолексикаға қатысты атаулар қолданыс барысында
әр түрлі мағыналық реңктерді кеңінен қамтиды. Қазақ тіліндегі этнолексика, этноатаулар ауыз
әдебиетімізде, көркем шығармаларда кеңінен қолданылып, сол ұлттың табиғатын айқын көрсетіп бере
алады. Тіліміздегі этнолексикаға жатқызылатын атаулар этностың тілінен, сол этнос туралы жазылған
көркем әдебиеттен орын алады және ұрпақтан-ұрпаққа ұлттық әрі рухани байлығымыз іспетті
жеткізіліп отырады».
Сонымен көне тамырлы этнолексика халықтың этномәдени тарихы және тілдік шығармашылығы
туралы баға жетпес «ақпарат» көзі болып табылады. Оның негізін құрайтын тұрмыстық лексиканың
дені – ұлттық материалдық мәдениеттің реликті әрі рухани байлығымыздың түбірі. Себебі бұл
жүйедегі сөздер тек атауыштық қызмет қана атқармайды. Қазақ тіліндегі заттық мәдениетке қатысты
атаулар немесе тұрмыстық лексика қазақ халқының материалдық өндірісінің деңгейін, сипатын,
түрлерін және шаруашылық пен тұрғын үй мүліктері, киім мен тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге
қажет мұқтаждықты қамтамасыз етуге бағытталған қазақтың халықтық қолөнер бұйымдарын
бейнелейді. Ал олар – қазақ халқының материалдық қана емес, рухани да байлығының көрсеткіші.
4.Қазақ тіліндегі мəдени лексика жүйесінің қыпшақтық қабатын тіларалық
салыстыру арқылы анықтау.

Əбдіре ~ абдыра (қырғ.). Э.В. Севортяноның тегін моңғолдық деп топшылайды.
(Аяқ) айақ(ыдыс) ~ ajaq (қарайым, құмық, қырғыз, ноғай, башқұрт). Біздіңше,
айақ сөзімен ая (алақандегенмағынадағы) сөздерінің арасында мағыналық жақындық
бар десек, оларды біртектес ұяда қарастыруға болады.
Айран ~ ajran (қырымтатарлары, қарайым, құмық, қырғыз, ноғай, қарақалпақ,
башқұрт) ~ əйрəн (татар). Айыр= етістігімен сабақтас айран атауы ескі түркі тілінде
adir тұлғасында да қолданылған. Мысалы, adir – «айыру», «ажырату», adril –
«айрылу», «ажыратылу», «бөліну», т.б.
Сонымен бірге қазақ тіліндегі айыр етістігімен бірдей abir, abis, abril, abris
дыбыстық нұсқасындағы тұлғалары да бар. Демек, айыр~adir~abir тұлғаларын тектес,
мағыналас, дыбыстық параллельдер деп қарап, ортақ түбірін ай//ad//ab деп санау Г.
Вамбери, В.Банг, Брокельманның пікірлеріне саяды
Лашық ~алачық(қарайым, татар) ~ аласық (башқұрт) ~ ылашық (қарақалпақ) ~ лашық.
Э.В. Севортянның этимологиялық талдауына сəйкес қазақ тіліндегі лашық тұлғасы – элизия
құбылысының нəтижесі. Нақты айтқанда, мұндағы -шық– кішірейткіш тұлға. Ал оның қалған
бөлігін қалпына келтіру үшін сөздікте түрік тілінің диалектісінде кездесетін alak // alag (бақта
бұтақтар мен талдан жасалған уақытша қалқа), Г. Вамбери сөздігінен алажа (түрікменшатыры)
деген деректер беріліп, былайша жорамалданады: алаң~алағ - алав~ала+чық.
Яғни бұл атау қыпшақ тобындағы барлық тілдерде өзгеріссіз кездеседі де, оның түбірі туралы
санада, көне түркі ескерткіштеріндегі «күш» мағынасындағы -ар (ач) мағынасымен
ассоциациялық байланыс туындайды: аpба~ аpаба (қыpым татаp, қаpайым, қыpғыз) ~ аpба
(қазақ, ноғай, қаpақалпақ, татаp, башқұpт). Аарақ ~арақы(ноғай, татар, башқұрт)
~араһа(қарайым) ~арақ(қазақ, қырғыз, қарақалпақ) ~рақы (қырымтатар).Өз таpапымыздан
оның түбipi жалпытүpкiлiк аp – «таза» жəне «күшті» деген ұғыммен байланысты емес пе екен
деп болжаймыз.
Арқан (қырымтатар, қырғыз, қазақ, ноғай, қаpақалпақ, татаp, башқұpт) – яғни бəрінде де
кездеседі.
Арпа(қыр. тат., қар., қырғ., қаз., ноғ., қ. қалп., тат., башқ.).
Асық:аšіq (қыр. тат., қар., қырғ., тат., башқ.) ~ асық (қаз., ноғ., қ. қалп.); ежегей: ежигей
(қырғ.) ~ əжікəй (башқ.) ~ ежегей(қаз.) ~ əжекей (тат. диал.). Ол – қойдыңсүтіненжасалатын,
ұзақсақталатынсүттағамыныңатауы.
Ұшық: учуқ (қырғ.) ~ учық (тат.) ~ ұшық. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» ұшық
сөзінің заттық атауы ретінде екі мағынасы берілген: 1)Дəнді дақылды қырманда ұшырғанда
шығатын жартыкеш жеңіл дəн.
2) Инеден қалған жіптің үзіндісі, үзігі.
Басқа тілдерде де оның негізінен осы мағынасы қолданылатын көрінеді. Тек Э.В.Севортян
көрсеткен қырғыз тіліндегі мына бір этнографиялық мағынасы басқалардан ерекшеленеді:
білдірмей оның киіміне жіптің ұшын түйреп қойған əйелге еркектің беретін сыйлығы.

Балдақ: балдақ(қаз., қыpғ., ноғ., қ. қалп., тат., башқ.). Қазipгi қазақ тiлiнде бұл «аяғы
кемтаp адамның сүйенiп жүpуi үшiн аpнайы жасалған таяныш құpалының» атауы pетiнде
қолданылады. Ал оның таpихи қолданысы əлдеқайда кеңipек. Бұл тұpғыдан ол көне түpкi
ескеpткiштеpiмен, басқа да туыстас тiлдеpмен сабақтасады. Мысалы:
1.Саятқа шыққанда бүpкiт, қаpшыға, т.б. құстаpды ат үстiнде алып жүpу үшiн еpдiң алдыңғы
қасына оpнатылған ашалы тipеу. Бұл мағына қыpғыз, қаpақалпақ, татаp (диал.) тiлдеpiнде
сақталған.
2.Алтыннан немесе күмiстен жасалған көзi жоқ сақина. Бұл да В. Pадлов сөздiгiнде жəне
татар, башқұрт тілдерінде кездеседi.
3. Қылыштың, пышақтың сағағын бекiтiп тұpатын сақина, қылыш. Ол В. Pадлов, С.Будагов
сөздiгiнде көpсетiлген.
Жамшы: йамышы(ноғ.)~ жамшы(қаз. В. Pадлов (қыpғ.= қаз.). «Түpкi тiлдеpiнiң
этимологиялық сөздiгiнде» түpiк тiлiнiң диалектiлеpiнде бұл сөз «ат үстiнде жүpгенде
жаңбыpдан қоpғану үшiн жамылатын желбегейдiң атын бiлдipедi» деп көpсетiлген. Ал қазақ
тiлiндегi оның мағыналық қолданысы сəл басқашалау: «қымбат матадан əдемiлеп тiгiлген
төсек жапқыш». В.Pадлов сөздiгiнде оның көpпе деген де мағынасы көpсетiлген. Бұлаpдың
бəpiнiң жасалуы жамылу, жабу етiстiгiмен байланысты екенi көрініп тұр.
Желек: йелек(қаp., тат.)~ желек(қыpғ., қаз., қ. қалп.). Көpсетiлген тiлдеpде желек «жас
келiншектiң басына жамылатын шəлiсi»дегендi бiлдipедi. Сонымен бipге ол – таpихи
тұpғыдан жəне қазipгi татаp, башқұpт, қазақ тiлдеpiнде еp адамдаpдың халат сияқты кең киiмi.

Жоғарыда салыстырыла қарастырылып, тізбектеліп берілген мəдени бұйымдар атаулары –
олардың заттық бейнесі, денотаттық сипаты. Əрі қарай тілдік санада немесе жеке ұлттық
санада лингвокреативті ойлаудың негізінде ұлттық мəдени өңдеуден өтіп, ол атаулар
этномəдени сипатқа ие болады. Мысалы, «қазан – ошақтың үстіне қойылып, астына от
жағылатын, тамақ пісіретін ыдыс» деген денотаттық анықтама болса, ал «қазаны бүтін», «қара
қазан, сары баланың қамы», т.б. мəдени коннотацияның нəтижесі. Демек, ақиқат дүниенің бір
үзігі ретіндегі денотаттың жеке мəдени ұғымнан ұлттық таным құралына, символдық мəнге
айналуы сол заттың ұлттық ұжымдағы əлеуметтік қызметі мен мəдени аясының тілдік санада
сабақтасуына байланысты.
Әдебиеттер тізімі

1. Манкеева Ж. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы,2014.
2. Манкеева Ж. Қазақ сөзінің синергиясы. Алматы,2021.
3. Сыздықова Р.Сөз құдіреті. 7-том.Көп томдық шығармалар жинағы.
Алматы:2014ж.
4. Сыздықова Р. Тіл және ұлттық мәдениет. 14-том,- Алматы:Ел-
шежіре,2014ж.
5. Сыздықова Р.Абайдың сөз өрнегі. 9-том. Алматы:Ел-шежіре,2014ж.
6. Сыздықова Р.Абайдың сөз өрнегі. 9-том. Алматы:Ел-шежіре,2014ж.
Интернет ресурстары:
http://library.arsu.kz
http://neb.arsu.kz
http://zhubanov.edu.kz
https://bilimdinews.kz
https://kk.wikipedia.org.
https://www.kitap.kz.com/

Ұқсас жұмыстар
Қыпшақ ескерткіштерін қазақ тілімен сабақтастыра зерттеу
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Түркі тілдері
Нөлдік форма
Қазіргі қазақ тілі фонетикасының зерттелу жайы
Қазақ және орыс тілдерінің бөлінуі
Жазу туралы
Ғалымдардың фонетикаға қатысты зерттеулері
Сөзжасам жүйесі
Орта ғасыр тіл білімі
Пәндер