Жобалап оқыту технологиясы



Жобалап оқыту технологиясы


Жобалап оқыту технологиясының тарихы
Қазіргі таңда Қазақстан мектептері бірнеше технологиялармен жұмыс істеп келеді Жобалап оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Жобалау технологиясы - оқушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жобалау - «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған - Джон Дьюи атты психолог жəне педагог, философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы- Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі" - деп тұжырымдайды Хилпатрик.

Жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мəселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Яғни, жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.
«Педагогикалық технология>> - барлық жағынан ойластырылған, жобалау, ұйымдастыру және оқу процесін жүзеге асыру барысында оқушы мен мұғалім үшін барлық жағдайды жасауды көздейтін педагогикалық қызметтің моделі. Технологияны дұрыс жүзеге асыру үшін ең алдымен төмендегі әдістемелік принциптерді сақтау қажет:
1. мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне сену керек;
2. оқу үдерісінің кез-келген кезеңінде оқушылардың білім-білік, дағдыларына кепілдік беру;
3. оқу үдерісін тақырып жағынан жобалау;
4. баланың дұрыс дамуы;
5. кертартпа іс -әрекеттер мен шектеулерді жоя отырып, дәстүрлі мектеп қорын дұрыс пайдалана білу
6. оқу үдерісінде оқушы мен мұғалімнің бірлескен жұмысын дамыту;
7. мұғалімнің өзін жайлы сезінуі және оқушының өзін жайлы сезінуі;
8. оқыту технологиясын жобалауда мазмұны мен жүйелілігінің бірлігінің болуы;
9. әрбір оқушының жалпы білім беру стандартының базалық деңгейін міндетті түрде меңгеруі;
10. Оқу технологиясын жобалауда міндетті нормалардың сақталуы ( Бұл принцип бірінші рет мұғалімдерге бала денсаулығы мен дамуына нұқсан келмейтіндей етіп оқытуға шек жасайды.

Оқу процесін жобалау технологиясы бойынша мұғалім жұмысының кезеңдері:
1. Оқу процесін технологиялық карта атласы түрінде жобалау;
2. Жобаны шынай оқу процесінде жүзеге асыру, оқу процесінің сапасы жөнінде ақпарат жинау;
3. Жинақталған ақпаратқа талдау жасау;
4. Жүргізілген талдау негізінде жобаға өзгерістер енгізу.
Жобалап оқыту технологиясы жобалау кезінде де және оны жүзеге асыру кезеңінде де қолданылатын мынадай бес түрлі сатылардан тұрады:

Мұғалімнің міндеті- оқушылардың шығармашылықпен ойлауына дұрыс бағыт-бағдар беру, шығармашылықпен ізденуге мүмкіндік беру, жағдай туғызу, оны шешу жолын жүйелі түрде зерттеп, талдау жасау, жаңалық ашу немесе мәселені өзбетімен шеше білуге, істеген ісіне тұжырым жасауға үйрету.
Жобалап оқыту технологиясына мысалдар келтіретін болсақ; Физикада біз Ньютонның екінші заңы, Архимед заңын т. б мысалдарды жатқызуға болады. Жәнеде бұл технологияны кез-келген заңдылықтарға қолдана алмаймыз.

Мұғалім мен оқушының іс-әрекет жүйесі




Жоба жеке немесе топтық болады . Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Оқыту жобаларының жаңашыл классификациясы оқушылардың жетік іс-әрекетіне негізделіп жасалған:
Практикалық-бағдарланған жоба (оқулықтардан бастап оқыту үрдісінің ұсынбаларына дейін) ;
Зерттеушілік жобасы - ғылыми зерттеу жұмысының барлық талабы бойынша қандайда бір проблеманы зерттеу;
Ақпараттық жоба - қажет мәселе бойынша ақпаратты жинақтау және өңдеу аудиторияға, көпшілікке тұсау кесер өткізген жағдайда ( БАҚ берілген статья, Интернетке берілетін ақпарат) ;
Шығармашылық жоба -проблеманы шешуде жоғары шығармашылық авторлық қызығушылық таныту. Өнімдер: альманахтар, видеофильмдер, театрализациялау, өнер бұйымдары т. с. с.
Рөлдік жобалар - іскерлік ролдік ойындар, нәтижелер.
Ғылыми жоба.
Оқыту жобаларының классификациясы

Жобаны презентациялаудың түрлері:
- Баяндама, презентация;
- Іскерлік ойындар;
- Видеофильмді демонстрациялау;
- Экскурсия;
- Телебағдарлама;
- Конференция;
- Инсценировка;
- Театрализация;
-Тыңдаушылармен ойындар;
- Диалог
- Спорттық ойындар;
- Спектакль;
- Жарнама;
- Прессконференция.

Құрылымы бойынша жобалар моножоба және пәнаралық болып келеді. .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz