Кеңестік идеология мен академиялық репрессия: Ермұқан Бекмахановтың Кенесары Қасымовты зерттеуі


Slide 1

Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е. Б. Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша «әділетсіз» айыпталу

Орындаған: Сайдикаримова С

Қабылдаған: Өтен Г

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

ІІ. Саяси партиялар

2. 1 Бір тараудың мәселесі

2. 2 Кітап пен тұлға тарихы

2. 3 Сүрініп қайта тұру: пайдалы немесе зиян?!

Slide 3

Қоғамдық-саяси жүйеде 20- жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты.

Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады.

Slide 4

Москва мен Ленинградта “Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы “Бекмахановтың ісі” ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов соғыс жылдары А. П. Кучкин, А. М. Панкратова, Б. Д. Греков, Н. М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді.

Slide 5

Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е. Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген “Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында” деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е. Бекмаханов еңбегі айыпталды.

1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды.

Slide 6

Е. Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Шалабаев, Б. Сүлейменов, Е. Смайлов, жазушы Ю. Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә. Марғұлан, Ә. Әбішев, С. Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.

Slide 7

Аталған кітаптағы тарауды әрі қарай жетілдіріп, іргелі ғылыми еңбекке айналдырған Бекмаханов 1943 жылғы маусымның 28-і кандидаттық диссертациясын қорғады. Бір жылдан соң «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1946 жылы күзде «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деп аталатын монографиясын аяқтап, СССР ҒА ғылыми кеңесіне ұсынды. Сөйтіп қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы 1947 жылы аталған еңбегін жеке монография етіп шығарды. Осы сәттен бастап «тұңғыш доктордың» жолына түрлі тосқауылдар қойылып, «кітапта идеялық қате кеткен», «басқа ғалымның еңбегінен көшірілген» деген қисынсыз айып тағыла бастады.

Slide 8

Бекмахановтың еңбегіне байланысты кереғар пікірлерден кейін 1948 жылғы ақпанның 28-і СССР ҒА тарих институты бұл кітапты мәскеулік мүйізі қарағайдай ғалымдардың талқылауына қайта салды. Ең әуелі қазақстандық тарихшылар Т. Шойынбаев пен М. Ақынжановтың арнайы жіберген айыптау пікірлері оқылды. Содан соң Қазақстаннан барған тарихшы ғалым Х. Айдароваға сөз берілді. «Бекмаханов алдына қойған міндетті орындай алмады, әдіснамалық тұрғыдан елеулі қателіктерге ұрынды, сөйтіп көтеріліске де, Кенесары Қасымовтың өзіне де мүлде дұрыс баға бермеді. Оның себебі автордың буржуазиялық және буржуазиялық-ұлтшылдық тұжырымдаманың шылауында кеткенінде, ал марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерінен берілген үзінділерді көз алдау үшін ғана қолданды. «Материал жетіспеді немесе автор бұл кезеңді жете зерттемеді» деуге негіз жоқ» деген ауыр айыптаудан бастаған Айдарова «Бекмаханов барлығын әдейі, қасақана жазып отыр» деп көсілді.

Slide 9

Сталин өлгеннен кейінгі жылымықта Бекмаханов ісі де қайта қаралып, 1954 жылғы ақпанның 16-ы толық ақталып шықты. Бұған Хрущевтің қабылдауына барып, мән-жайды түсіндірген Панкратова да үлес қосқан еді. Сот шешіммен ақталып келгеніне қарамастан Ермұқан Бекмахановтың қоғамға қайта сіңуі оңай болмады. Бірінші хатшы Пантелеймон Пономаренконың араласуынан кейін ғана санатқа іліне бастады. Осындай қиын кезеңдерде Бауыржан Момышұлының Бекмахановқа қалай ашық қолдау көрсеткені «Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер» (А., 2005) кітабында баяндалады.

Slide 10

Астанада Кенесары Ханға қойылған ескерткіш.


Ұқсас жұмыстар
Ермұқан Бекмаханов ісі: Кенесары дауы, академиялық талқылаулар және репрессиядан ақталуы (1943-1954)
Партиялық бақылаудың күшеюі мен адам құқықтарын шектеу: Е.Б. Бекмахановтың Кенесары Қасымұлы көтерілісін зерттеуіне қатысты айыптаулардың тарихи талдауы
Кеңес дәуіріндегі қазақ мәдениеті: идеология, репрессия және бейімделу
Ермұхан Бекмахановтың өмірі, ғылыми мұрасы және қайта ақталуы
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті: жетістіктер мен қайшылықтар
Академиялық жазылым: кіріспе мен қорытынды жазудың әдістемесі
Саяси сана мен саяси идеология: тұжырымдамалары, деңгейлері және функциялары
Саяси сана мен саяси идеология: құрылымы, деңгейлері және функциялары
Ұлттық идеология және қазақстандық отансүйгіштік тәрбиесі
Діни экстремизм мен ұлттық идеология: діни ілімдердің моральдық қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz