Конусты ұсақтағыштар


Slide 1

Қатты материалдарды ұсақтау және онда қолданылатын аппараттар

Орындаған:ТФП-008-1к

Тексерген

Slide 2

Ұсақтау

Slide 3

Қатты материалдардың ұсақталуы энергияны тұтынады, оны қатты бөлшектерге бөлу үшін қолданады. Бөлшектік энергияны мыналар бойынша бағалауға болады:

Риттингер заңы, тұтынылатын энергия жаңадан пайда болған беткейге пропорционалды деп болжайды;

Кик заңы, бұл энергияны қоректік бөлшектер мен өнімнің бөлшектерінің өлшемдерімен байланыстырды;

Облигация заңы, үзілісте пайдалы жалпы жұмыс өнімнің бөлшектерінің диаметрінің квадрат түбіріне кері пропорционалды болады деп болжайды, бұл теориялық тұрғыдан жұмыс кірісі сынған кезде пайда болған жаңа жарықшақтардың ұзындығына байланысты өзгереді.

Холмс заңы, бұл материалға тәуелді көрсеткішті квадрат түбірмен алмастыру арқылы Бонд заңын өзгертеді

Slide 4

Әдетте бөлшектерді ұсақтауға әсер ететін үш күш бар

Slide 5

Ұсақтау жұмыстарына вибрация, ультрадыбысты толқындар, сонымен қатар жарылыс және электр гидравликалық эффекттерді қолдану мақсатында зерттеулер жұмысы жүргізілуде. Ұсақтағышқа түсетін материал алғашқы материал немесе азық деп аталынады. Ұсақталған материал, ұсақталу өнімі немесе дайын өнім деп аталынады. Ұсақтаудың ірі, орташа, кіші және жіңішке түрлерін ажыратады. Ірі ұсақтау кезінде бөлшек өлшемдері 70-300 мм; орташа ұсақтау-20-70 мм; кіші -1-20 мм және жіңішке (талқандау) - өлшемдері 1 милиметрге дейін.

Slide 6

Ұсақтау машиналарының схемалары: а - қарапайым жақты ұсақтағыш; б - күрделі жақты ұсақтағыш; в - тік конусты ұсақтағыш; г - жайылма конусты ұсақтағыш; д - шарнирлі бекітілген балғалары бар балғалық ұсақтағыш; е - валикті ұсақтағыш; ж - шарлы диірмен; з - жүгіртпелер; и - вибрациялы диірмен

Slide 7

Ұсатқыш машина - қатты материалдарды (әсіресе минералдық заттарды) ұсақтауға арналған машина. Ұсатқыш машинаның негізгі жұмыстық тетігі - ұсатқыш. Ұсатқышының пішініне қарай ұсатқыш машина 5 түрге ажыратылады. Жақ тәрізді ұсатқышы бар ұсатқыш машинада материал екі тік бұрышты плитаның арасындағы сына тәрізді кеңістікте қысыла отырып ұсатылады. Конус тәрізді ұсатқышы бар ұсатқыш машинада материал екі конус арасындағы кеңістікте ұсатылады. Білік тәрізді ұсатқышы бар машинада бір-біріне қарама-қарсы бағытта бірдей жылдамдықпен айналатын екі параллель цилиндр біліктің арасында ұсатылады. Морт және жұмсақ материалдар (мысалы, көмір, тұз) үшін тісті білік тәрізді ұсатқышы бар ұсатқыш машина қолданылады. Балғалы ұсатқышы бар ұсатқыш машинада материал шапшаң айналатын роторға топса арқылы бекітілген балғамен соққылау нәтижесінде ұсатылады. Ұсатқыш машинаның өзек тәрізді ұсатқышы бар түрі (қараңыз Дезинтегратор) 1859 ж. Англияда жасалды. Ұсатқыш машинаның алдыңғы үш түрі қатты материалдарды (кентас, құрылыс тастары, т. б. ), ал балғалы ұсатқыш машина морт және жұмсақ материалдарды (көмір, әктас, боксит, т. б. ) ұсақтау үшін пайдаланылады.

Slide 8

Беттік ұсақтағыштар

Беттік ұсақтағыштарда материалдарды ұсақтау процесі жылжымайтын және шайқалып тұрған беттерге бекітілген екі жаншығыш тақталар арасында өтеді. Материалдың сынуы шайқалып тұрған беттің оны периодты түрде сығымдауы кезінде болады. Әсер ету принципіне қарай беттік ұсақтағыштар жылжымалы бетінің қарапайым, аралас және күрделілігіне қарай ажыратылады. Алғашқысы материалды көбіне сығымдау және арасында майыстыру әдісімен ұсақтайды; оларды бастапқы ірі ұсақтау жұмыстарында пайдаланады. Бет қозғалысы күрделі ұсақтағыштар материалды сығымдай отырып, қажау және сындыру әдісімен ұсақтайды; оларды көбіне орташа және уақтап ұсақтау кезінде қолданады. Бірінші беттік ұсақтағыш өткен жүзжылдықтың бірінші жартысында ойлап табылды. Бет қозғалысы қарапайым рычагты ұсақтағыштың принциптік схемасы қазіргі уақытқа дейін беттік ұсақтағыштарды конструкциялау кезінде пайдаланылып келеді. Бұл типті беттік ұсақтағыштардың конструкциясының қарапайымдылығы мен жоғары сенімділігі оны кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Slide 9

Конусты ұсақтағыштар

Конусты ұсақтағыштарда тасты ұсақтау сыртқы қозғалмайтын және ішкі қозғалмалы қиылған конустық беттермен шектелген кеңістікте өтеді. Жылжымалы конустың айналуы ұсақтағыштың геометриялық осіне қатысты 2-4° бұрышты жылжымалы конустың білігі орналастырылған арнайы эксцентрикті подшипниктер көмегімен жүзеге асырылады. Эксцентрик ұсақтағыш жетегі есебінен айналады. Бұл жерде конус түзушілер бір-біріне жақындап және алыстап отырады. Клнустар жақындаған кезде материал кесектері қысым күші әсерінен майыстырылып, үйкеліп ұсақталады да, конустар бір-бірінен алыстаған кезде ұсақталған материал өзіндік салмақ күшінен төмен түседі. Ұсақтау процесі мен дайын өнімді түсіру процесі үздіксіз жүріп отырады. Конусты ұсақтағыштар ұсақтау процесінің сипаттамасына және атқаратын қызметіне қарай ірі және орташа өлшемде ұсақтайтын тік конусты (конустылық бұрышы кіші болып келетін) ұсақтағыштар деп, сонымен қатар орташа және өте кіші өлшемде ұсақтайтын жазық конусты ұсақтағыштар деп ажыратылады

Slide 10

Білікшелі ұсақтағыштар

Білікшелі ұсақтағыштарда ұсақтау процесі бір-біріне қарай айналып тұрған екі параллель біліктер арасында өтеді. Материал ұсақтағышқа жоғарыдан біліктер арасындағы кеңістікке түседі және қирату немесе ысқылау арқылы ұсақталады. Білікті ұсақтағыш (сурет 9) марганецті болаттан құйылған ауыстырымды ұсақтағыш білікшелер орналастырылған екі жұмысшы роликподшипникті біліктер монтаждалған рамадан және жетекші біліктен тұрады. Айналу жетекші біліктен бірінші жұмысшы білікшеге тісті дөңгелектер жұбы арқылы беріледі Екінші білікшеге айналу бірінші білікшеден жұмысшы біліктерге орнатылған екінші тісті дөңгелектер жұбы арқылы беріледі.

Slide 11

Балғалы ұсақтағыштар


Ұқсас жұмыстар
Машиналар үшін өте ұсақ ұнтақтау
Ұсақтау процесі
КАРДАНДЫ БЕРІЛІС БАСТЫ БЕРІЛІС ДИФФЕРЕНЦИАЛ
ҰСАТУДЫ СОЛ САТЫДА ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН ЗАТ МӨЛШЕРІ
Бункерлі бағдарлау – қоректендіруші және қалталы бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылары
Бункерлі бағдарлау-қоректендіруші құрылғылар
Бұрандасы трапеция профильді ОТТМ шегендеуші құбырлар
Фрикционды және бұрамалы берілістер
Симплекстік әдіс
Сүзу центрифугалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz