Компьютерлік графика негіздері


Slide 1

Компьютерлік графика негіздері

Тексерген: Есентаев К. У.

Орындаған: Копжасарова А. Ж.

Slide 2

*

Компьютерлік графика - бұл ЭЕМ көмегімен модельдерді және олардың кескіндерін құруға, сақтауға және өңдеуге арналған информатиканың бір бөлімі.

Компьютерлік графиканы қолданатын аймақтар:

Ғылыми графика, зерттеу нәтижелері; - Іс жүргізудегі графика, жоспарлық көрсеткіштер; - Конструкторлық графика, жұмыс сызбалары;

Компьютерлік графика

Slide 3

- Видеосабақтар, Мультимедиялық презентациялар;

- Компьютерлік анимация; - Компьютерлік ойындар; - Жарнамалық графика; - Интернет, WEB-парақты дайындау;

- Медицинада, Компьютерлік томография;

- Сән аймағында, Маталар мен киім үлгілерін модельдеу.

Slide 4

*

Компьютерлік графиканың түрлері

Векторлық

Растрлік графика дайын бейнелерді өңдеу үшін және Интернетте қолданылады.

Векторлық графика көбінесе жаңа бейнелерді жасау үшін, ал кейбір жағдайларда оларды өңдеу үшін қолданылады.

Фрактальдік графика математикалық есептеулер жолымен бағдарламала құрудан тұрады.

Растрлік

Фрактальдік

Slide 5

Растрлік графиканың негізгі элементі нүкте болып табылады.

Нүктелерден тұратын растрлік бейнелер үшін оның рұқсаттылығы аса маңызды.

Рұқсаттылық дегеніміз ұзындық бірлігіндегі нүктелер саны.

1) Түпнұсқаның рұқсаттылығы. Ол дюймдегі нүктелер санымен (dpi) өлшенеді.

Slide 6

2) Экрандық бейненің рұқсаттылығы. Бейненің экрандық көшірмесі үшін растрдің қарапайым нүктесін пиксель деп атаймыз. Пиксель өлшемі экрандық рұқсаттылыққа, түпнұсқа рұқсаттылығына және бейнелеу масштабына байланысты өзгереді.

3) Баспалық бейнелердің рұқсаттылығы. Растрлік бейненің нүктелер саны қолданылған әдіске және түпнұсқаны растрлеу параметріне тәуелді болады.

Slide 7

*

Растрлік графиканың артықшылықтары:

Сурет салу қарапайымдылығы және айқындылығы.

Масштабтау қажет болмаған жағдайда күрделі бейнені жылдам өңдеу мүмкіндігі.

Бейнені құру қарапайымдылығы - кез келген ұнаған бейнені сканерден өткізсе болғаны.

Бейнені оңай баспадан шығаруға болады.

Slide 8

Растрлік графиканың кемшіліктері:

Бейнені айналдырудағы және басқа да түрлендірудегі қиындықтар, себебі растрлік бейне бір тұтас объект түрінде беріледі.

Масштабтаудағы, яғни пикселдеудегі қиындықтар, яғни бейнені үлкейткенде бейненің бұзылуы.

Растрлік бейне сақталған файлдың көлемінің үлкен болуы.

Slide 9

*

Пикселдену

Егер растрлік бейненің масштабын үлкейтсе, онда оның айқындылығы жоғалады және онда пиксельдер пайда болады. Оны пикселдену деп атайды.

Slide 10

*

Векторлық графика

Векторлық графиканың негізгі элементі түзу болып табылады.

Ондағы бейне геометриялық фигуралардың жиынтығы түрінде беріледі. Әдетте нүктелер, түзулер, тіктөртбұрыштар, шеңберлер және т. б. фигуралар алынады.

Slide 11

Барлық бейнелер түзулерден құралады.

Түзудің алатын жадыдағы көлемі түзудің өлшемінен тәуелді болмайды, себебі түзу формула түрінде беріледі.

Растрлік бейне

Векторлық бейне

Slide 12

Векторлық графиканың артықшылықтары:

Көлемінің шағын болуы;

Оңай масштабтауға болады;

Оңай түзетуге болады.

Векторлық графиканың кемшіліктері:

Шынайы бейнелерді құрудағы қиындықтар;

Тұтас аймақты бейнелеу мүмкіндігінің болмауы, себебі объектілер «сым» қаңқа түрінде ұсынылады;

Суреттеу алдында алдын ала өңдеуді қажет етеді;

Slide 13

*

Фрактальдік графика

Фрактальдік графиканың негізгі элементі математикалық формула болып табылады. Ондағы бейнелер теңдеулердің көмегімен құрылады. Сондықтан компьютер жадысына тек бағдарламаны ғана сақтаса жеткілікті.

Фрактальдік үшбұрыш.

Slide 14

*

Графикалық редакторлар

- Paint

- Adobe Photoshop

- Word

- CorelDraw

- Adobe Illustrator

Векторлық

Растрлік

Графикалық редактор - компьютердің көмегімен бейнелерді құру және өңдеу мүмкіндігін беретін бағдарлама.

- Art Dabbler

- Ultra Fractal

- Fractal Explorer

Фрактальдік

Slide 15

Үш өлшемді графика

Үш өлшемді графика (3D Graphics) - көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі.

Үш өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар:

- 3D Studio MAX 5; - AutoCAD; - Компас;

Қолданылу саласы: - физикалық объектілерді компьютерлік модельдеуде;

- машина жасаудағы бұйымдарда; - ғылыми есептеулерде; - инженерлік жобалауда;

- видеороликтерде;

- архитектурада.

Slide 16

Инженерлік графика - жобалау жұмыстарымен айналысатын барлық салада қолданылады. Қарапайым киім үлгілерінен бастап, ракета үлгілерін жасауға дейін қолданатын күрелі бағдарламалық кешен болып табылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың (систем автоматизации проектирования - жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады.

Slide 17

Айырмашылықтары қандай?

Компьютерлік графика - программалық-аппаратты есептеу комплекстері көмегімен бейнелерді құру және өндеу негізгі әдістерін зерттейтін информатиканың арнайы саласы

Инженерлік графика - конструкторлық құжаттаманы орындау және ресімдеу ережелеріне үйрететін бастапқы білімнің сатысы болып табылады. Инженерлік графика мақсаты бұйым сызбалар әзірлеуде және оқуда теориялық білім, практикалық дағдылар мен ептілік алу. Инженерлік графика міндеттері: сызбаның көмегімен жаңашыл идеяларды бере білуге, болашақ өндірістік қызметтің бөлінбес атрибуты ретінде конструкторлық құжаттамаларды қабылдай, жасай және жұмыс істей білуге үйрету. Инженерлік графика саласын зерделеу үшін келесі пәндерді меңгеру қажет: геометрия (планиметрия, стереометрия, тригонометрия), сызу (геометриялық сызу, проекциялық сызу) .

Slide 18

Компьютерлік графиканың бағыттары?

Slide 19

Ғылыми графика Іскерлік графика Конструкторлық графика Безендірмелік графика. Көркемдік және жарнамалық графика

Іскерлік графика - компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған

Ғылыми графика - бұл ең бірінші пайда болған бағыт. Оның міндеті - объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін, және олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т. с. с. түрінде қолданылады.

Web графика - web беттің дизайны мен оны құратын графикалық элементтерді тиімді пайдалану, графикалық элементтерің көмегімен бетті бөліктерге бөлу, түстік модельерді тиімді пайдалану және тағы да мәслелерді қарастыра отырып шешеді.

Slide 20

Көркемдік графика - графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады.

Инженерлік графика және Конструкторлық графика - жобалау жұмыстарымен айналысатын барлық салада қолданылады. Қарапайым киім үлгілерінен бастап, ракета үлгілерін жасауға дейін қолданатын күрелі бағдарламалық кешен болып табылады

Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.

Жарнамалық графика - теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады.

Slide 21

*

Графиктік файлдардың форматтары

Графиктік формат - бейнені кодтау тәсілі.

ВМР-форматы (ағылш. тіл. Bit Map - «биттік карта») . ВМР - графиктік файлдың стандартты форматы.

Индекстелген түстерді (256-ға дейінгі) және RGB-моделіндегі толық түсті бейнелерді қолдайды.

Кемшілігі - файл өлшемінің үлкендігі.

Slide 22

*

PSD-форматы

PSD - Adobe PhotoShop пакетінің стандартты форматы, көп қабатты бейнелерді сақтайды. Бейненің сапасын жоғалтпай файлды сығады.

Тек PhotoShop-қа тән

арнайы элементтерді

қолдайды.

Slide 23

CDR-форматы

CDR форматы Corel Draw бағдарламасының форматы және ол векторлық бейнемен қоса, растрлік графиканы және мәтінді сақтау мүмкіндігін береді.

Slide 24

*

GIF-форматы

(ағылш. т. Graphics Interchange Format - «графиканы алмастыруға арналған формат») .

GIF форматы 256 түстен артық жұмыс істей алмайды, бірақ бір файлдың ішінде бірнеше бейнелерді сақтай алады.

Түстерді бірден ауыстыратын аз түсті бейнелерге тән. Анимациялық бейнелерді құру үшін қолданылады.

Slide 25

*

(ағылш. т. Portable Network Graphic Format - «желі бойынша графиканы жіберу форматы», «пинг» деп оқылады) .

Бұл формат анимацияланған бейнелерді құру мүмкіндігін береді, GIF форматынан айырмашылығы тегін, сондықтан бұл форматты Интернетте қолданады.

РNG-форматы

Slide 26

*

JPEG-форматы

Фотобейнелерді сығып сақтауға арналған аса әйгілі формат. Сығу файл өлшемін 5-15 есеге дейін азайтады, бірақ сапасын жоғалтады.


Ұқсас жұмыстар
Macromedia Flash - ортасында векторлық графика мен жұмыс
ВЕКТОРЛЫҚ ГРАФИКА
Графикалық бейнелерді сақтау форматтары
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
Компьютерлік графика
Векторлы графика программалары
Растрлық графика
Компьютерлік графика түрлер
Растрлық графика Векторлық графика
Компьютерлік графика. Компьютерлік графиканың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz