Құстар жаұсы естиді
Презентация қосу
КеАҚ «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ»
Хордалылар типі.
Құстар класы.
Микробиология және биотехнология
каферасы
Орындаған:Окасова Айымжан 083-20-03 топ
студенті
Жалпы сипаттама
Құстар омыртқалы жануарлардың ішіндегі жоғарғы сатыда дамығандардың
бірі. Денесі қауырсынмен жабылып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған.
Құстардың ұшуы эволюциялық дамудың жемісі, юра дәуірінің басында
бауырымен жорғалаушылардан құстар келіп шыққан. Эволюцияның ұзақ
жылдар дамуының нәтижесінде олар ағаштан ағашқа қалықтап барып қонады.
Дамудың келесі сатысында құстардың ұшу қабілеті жетіле түсті. Құстардың ұшу
қабілеті дүниежүзіне кең таралуына мүмкіндік берді. Сөйтіп құстар генетикалық
жағынан бауырымен жорғалаушыларға жақын, оның прогрессивті бір бұтағы.
Құстардың ұшуы оның денесіне көптеген өзгерістер тудырады. Қазақстанда
құстардың 488 түрі тіршілік етеді. Соның ішінде 388 түрі (79,5 процент)
Қазақстан жерінде ұя жасап көбейеді, 138 түрі қысты күні кездеседі. Республика
жеріне 14 түрі қыстауға ұшып келеді, ал 47 түрі Қазақстан жері арқылы ұшып
өтеді. Дүниежүзінде құстардың 8500 түрі тіршілік етеді.
Сыртқы құрылысы
Құстардың денесі бас, дене қозғалмалы мойын, қанатқа айналған аяқтары және жақсы
дамыған аяқтардан тұрады. Кеудесінің алдыңғы жағы жұмыр келіп, ауада ұшуға жақсы
икемделген. Құстардың ұшу кезінде салмағын жеңілдетуге себепші болатын бірқатар
бейімделушіліктер бар. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектері (қаңқасы) ішіне ауа
толған қуыс болады, өкпелерімен байланысты ауа қапшығы болады, қысқа тоқ ішегінде
қорытылмаған тамақ қалдықтары тоқталмайды, қуығы болмайды, тісі жоқ. Осы
ерекшеліктер құстардың ұшуына және жерде жүруіне толық мүмкіндік береді. Терісі жұқа,
оның сыртқы эпидермис қабаты нашар жетілген. Терісінде ешқандай тері бездері болмайды,
тек қана құйрық түбінің үстіңгі жағында құйымшақ безі болады. Оның шығарған секрет
заттары қауырсындарды майлап, оған су жұққызбайды сынбайтын майысқақтық қасиет
береді, құйымшақ безі барлық құстарда бірдей дамымаған, ал құрлықта тіршілік ететін
құстарда нашар дамыған, әйтпесе болмайды. Мысалы, түйеқұстарда, дуадақ пен безгелдекте,
көгершіндерде т.б. құйымшақ безі жоқ.
Жүйке жүйесі
Құстардың нерв жүйесі бауырымен жорғалаушылармен
салыстырғанда біршама жақсы дамыған. Алдыңғы миы мен
мишығы айрықша үлкен. Алдыңғы миы үлкен және ол екі жарты
шарға бөлінген . Сондықтан ол аралық ми мен отра мидың
біразын үстінен жауып тұрады. Құстардың көп қозғалғыштығына
және ұшу кезінде алуан түрлі күрделі қозғалыстар жасауына
байланысты мишық та әжептеуір көлемді. Сопақша миы, басқа
омыртқалылардағыдай жұлынға айналады. Алдыңғы мидың
жақсы жетілген себебі құстардың барлық тіршілік процесін осы
миы басқарады. Құстардың тіршілігі, жүріс тұрысы
қосмекенділерді қойып, бауырымен жорғалаушылардікімен
салыстырғанда әлдеқайда күрделі . Құстар ұя салатын жер іздеп
табады,оны жасауға керекті құрылыс материалды жинайды. Тек
ұя салып қана қоймай, жұмыртқа басады, оны қорғайды,
балапандарын қоректендіреді. Құстардың бас нервтері он екі жұп
болады.
Жұлыны иық және бел маңайында бауырымен
жорғалаушылардікі сияқты кеңіп жалпаяды.
Тыныс алу жүйесі.
Ол өзіндік ерекшелігі бар және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа
мүшелерге қарағанда анағұрлым күрделі. Құстардың өкпесі бауырымен
жорғалаушылардың өкпесі сияқты қапшық емес, тығыз көпіршекті дене,
көкірек қуысының арқа жақ қабырғасына бекиді. Ауа танау тесіктері
арқылы ауыз қуысына , одан әрі көмекей арқылы кеңірдекке барады. Дене
қуысына кіре берісте кеңірдек екі бронхыға тармақталып, оң және сол
өкпеге енеді. Бронхылары бірнеше ұсақ тарамдарға бөлініп, олардың
кейбіреулері өкпені тесіп өтіп, ауа қапшықтарымен жалғасады.
Ауа қапшықтары түрлі ішкі мүшелердің аралығына орналасады. Олар
еттердің араларына, тері астына және сүйектердің қуыстарына да енеді. Ауа
қапшықтары мойында, 1 жұп , бұғана аралығында- біреу, кеуде де 3 жұп,
құрсағында 1 жұп болады. Ауа қапшықтарынығ ең басты маңызы құстар
ұшқанда, олардың тыныс алуын реттейді. Құстар қанаттарын көтергенде,
ауа қапшықтарының көлемі үлкейіп, ішіне өкпе арқылы ауа толады,ал
қанаттарын төмен түсіргенде ауа қапшықтарының көлемі кішірейіп, ауа
өкпе арқылы сыртқа шығады. Демек, құстар денесіне ауа ендіргенде де
және шығарғанда да қанда ұдайы тотығу жүріп отырады. Бұл құбылыс қос
тыныс деп аталады.
Ас қорыту жүйесі.
Құстардың күнделікті жұмсаған күш қуатын азықтық ассимиляциялау арқылы ғана қалпына келтіріледі. Сол күш-
қуаатты келтіру үшін олар шамадан тыс көп тамақ жейді. Олардың ас қорыту жүйесі тамақтарды тез қорытады. Қазіргі
тіршілік ететін құстардың тісі болиайды, олардың қызметін қоректерін қармап ұстайтын, сыртқы мүйізді затпен
қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбір құстың қоректену тәсіліне қарай,азықтың түріне қарай тұмсықтары түрліше
болады. Сүтқоректілердікі сияқты қоректік зат ауыз қуысында ұсақталып қорытылу басталмағаннан кейін, құстардың ас
қорытуы асқазаның басқа бөліктерінде жүреді. Ауыз қуысына тамақты шылаулайтан сілекей бездерінен сілекейі
құйылады. Ауыз қуысынан қоректік зат жұтқыншаққа түседі, содан өңешке барады. Көптеген құстар (тауық,
көгершіндердің т.б.) өңешінде қоректік заттарды уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын жемсау болады.
Жемсаудың өңешінің төменгі бөлімі арқылы бездіқарынға барып, одан ас қорыту сілекейлерімен араласып, қабырғасы
қалың етті қарынға барады. Қарынның қуаты бұлшық еттері, оның бұдырлы қатты ішкі беті, сол сияқты жұтылған
ұсақ тастар әртүрлі қоректік заттарды үгеді, сол жерде химиялық өзгерістерге ұшырайды. Ал негізгі өзгеріс және
қорытылу аш ішегінде өтеді.
Бауырымен жорғалаушыларға қарағанда құстардың аш ішегі әлде қайда жақсы дамыған және денесінен 2-4 есе ұзын.
Аш ішекте қоректік заттардың қорытылуына ұйқы безінен бөлінген сілекейлердің әсері бар. Асқорыту жүйесінде екі
бөлімнен тұратын бауырдың маңызы зор. Кейбір құстарда өт болмайды (мыс көгершіндерде). Өт жолы он екі елі
ішекке келіп ашылады. Қорытылған тамақ аш ішігінің ішкі бетіндегі бүршіктері жақсы жнтілгендіктен тез сіңіріледі.
Тоқ ішек өте қысқа, ол клоакаға жалғасады. Ал клоакаға бауырымен жорғалаушылардікі сияқты зәршығару түтіктері
мен жыныс мүшелерінің шығу жолдары ашылады. Ас қорыту құстарда өте тез жүреді, сондықтан іште артық қалдық
заттар сақталмай тез сыртқа шығады, ал ол құстардың салмағының артуына жол бермейді.
Қан айналу жүйесі.
Құстардың жұрегі төрт (камера) бөлімнен: олар екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Оң жақ қарынша мен жүрекше
сол жақ бөлімдерінен толық бөлінген. Сондықтан жүректің оң жақ жартысындағы вена қаны, сол жақ жартысындағы артерия
қанымен араласпайды. Құстарда артерия және вена қан тамырларының өз алдына жіктелуінің нәтижесінде барлық мүшелері
артерия қанымен қымтамасыз етіліп отырады. Осы жағдайға байланысты зат алмасу жеделдейді де құстардың денесінің
температурасы жоғары болады (420). Құстардың қан айналу жүйесі екі айналым шеңберінен тұрады: кіші және үлкен қан айналым
шеңбері.
Кіші қан айналым шеңбері. Оң қарыншадан бір ғана қан тамыр- өкпе артериясы жүректе бірден бөлініп , оң және сол өкпеге вена
қанын апарады. Өкпеден шыққан артерия қаны өкпе венасы арқылы сол жақ құлақшаға құяды.
Үлкен қан айналым шеңбері. Дененің алдыңғы бөлім (басы мен қанаты) қанды оң жақ доғасының тармақтары болып табылатын
ұйқы артериясының ,бұғана асты қанат алады. Сонымен қатар, қолқа доғасы алдыңғы жағынан дененің арқа бөліміне қарай оң
жақтағы бронханы айналып өтіп,арқа қалқасы сияқты омыртқа жотасының бойымен артқа кетеді. Дененің артқы бөлімі
қарынға ,бүйректерге кететін арқа қолқасы тарамдарынығ қандарымен жабдықталады. Сонымен қатар, арқа қолқасы аяқтар мен
дененің құірық бөліміне қан жеткізуші жұп мықын артериясы мен тақ құйрық артерияларына да тармақталады.
Зәр шығару жүйесі.
Зат алмасу процесінің күштілігінен құстарда бөлініп
шығатан заттың мөлшері шамадан тыс көп болады
(диссимиляция қалдықтары). Үздіксіз жүріп жатқан
осы қызметті бүйрек атқарады. Ересек құстардың
қуығы болмайды, әр бүйректен шыққан несеп түтігі
клоакасының орта бөліміне ашылып несеп клоакадан
сыртқа шығады. Ұрықтарында бауырымен
жорғалаушылардың ұрығында болатын – аллонтоис
сияқты қуық болады. Денесімен салыстырғанда
құстардың бүйрегінің көлемі, бауырымен
жорғалаушылар мен сүтқоректілердің бүйрегінен
үлкен. Өйткені құстардың денесінде зат алмасу
процесі өте шаршаң жүреді.
Сезім мүшелері
Олардың сезім мүшелері жақсы жетілген. Құстардың көру мүшелері жақсы дамыған. Ол
ауада ұшып жүргенде жақсы қызмет атқарады. Мысалы, құстың көзінің қырағылығын
аспанда ұшып жүрген қарақұстың шөптің арасындағы тышқандарды көруінен аңғаруға
болады. Жылдам ұшып бара жатқан қарлығаш ұшып бара жатқан насекомдарды байқап
қалуы соның айғағы. Түн құстарының көз алмалары үлкен болады, соның нәтижесіде түнде
жақсы көреді. Құстардың есту мүшелері ішкі және ортаңғы қүһұлақтан тұрады. Есту сүйегі
біреу болады. Құстар жаұсы естиді. Олардың құлағы көзімен бірге негізгі сезім мүшелері
болып есептеледі. Құстар өздеріне төнген қауіпті ең алдымен құлақтары арқылы сезеді. Есту
сүйегі жақсы жетілгеннің нәтижесінде дыбыс ырғағын құлақ қуысына жібергенде дыбыс
шығарады. Дыбыстың шығуы құстар өмірінде алуан түрлі қызмет атқарады. Құстардың
балапандарымен қатынас жасауы,еркектері ұрғашыларымен түсініседі, түр арасындағы
қатынастары т.б. осы дыбыс арқылы орындалады. Иіс мүшелері басқа омыртқалы
жануарлармен салыстырғанда нашар дамыған , бірақ өлексемен қоректенетін құстарда (таз
қара), кейбір түрлерінде де жақсы дамыған (үйректер, жылқышылар). Дәм сезу ауыз
қуысында және тілде орналасқан дәм тітіркендігіштерін сезінетін арнайы жинақталған
клеткалар қабылдайды. Әрине бұл сүтқоректілермен салыстырғанда құстар тіршілігінде онша
маңызды бола қоймайды.
Қауырсындардың қызметі – құстың
ұшуына ,денесіндегі жылуды реттейді.
Қаңқасы жеңіл әрі берік.
Қаңқасының
Назарларынызға рахмет!!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz