ДІН ТАРИХЫ ДІН



ДІНТАНУ
Дәріс жазбалары

Дінтану пәні
Дінтану ХІХ ғ. ғылым ретінде қалыптаса бастады. Ол жалпы және әлеуметтік философия, философия тарихы, әлеуметтану, антропология, психология, лингвистика, жалпы тарих, этнология, арх е о л о г и я жөне басқа да ғылымдардың тоғысында айқындалды.
Зерттеу объектісі - дін болып табылады. Яғни, діннің пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтарын, оның құрылымы мен компоненттерін, оның әр алуан феномендерін, феномендердің қоғам тарихында қалай көрініс бергенін, дін мен мәдениеттің басқа салаларының өзара байланысы мен әрекеттерін зерттейді.


Зерттеу әдістері
Каузальды талдау (себеп-салдарлық) “Неге?”
Тарихилық
Типологиялық
Герменевтикалық
Құрылымдық-функционалдық талдау.

Дін дегеніміз не?
Этимологиялық анықтама
Философиялық анықтама
Социологиялық анықтама
Мәдениеттанулық анықтама

Дін дегеніміз не?
Дін - Құдайдың жаратуымен пайда болып оған қатыстының барлығы
Дін адамзаттың табиғат күштерінен қорқыныш/үрейлерінің фантастикалық көрінісі
Дін - табиғат үсті бір күшке байланысқан, жеке адам өмірі мен мен қоғамға қатысты адамгершілік ережелер ұсынатын және үкім беретін құбылыс.
Дін - барлық адами міндеттерді Құдайылық парыздар ретінде танып білу. (И. Кант)
Інжіл, Құран секілді Алладан келген киелі кітаптарға негізделген адам мен Құдайды байланыстырушы феномен.

Этимологиялық анықтама
Дін - араб тілінде Исламнан бұрын билік, бағыну, әдет-ғұрыптар дегенді білдірсе, Исламның пайда болуымен бағыну, Аллаға шексіз бағыну, діни бұйрықтарды орындау, сенімнің шынайылығын жетілдіру;
Religio - латынша қайта оралу, қорқу. Ежелгі Римде Құдай культін құрметтеуге қатысы бар әрекеттер жиынын атаған. Ал Христиандықта ”religio” қайтадан жинау, бастапқы түрге келтіру, яғни адамның Құдайға оралуын білдіреді.
Dharma - индустерде ілім, әділеттілік, тәртіп, әлем тәртібі деген ұғымдарды білдіреді.

Дінтанудағы негізгі бағыттар
Тарихи-салыстырмалы зерттеулер
1830 ж. Ж. Ф. Шампольон үнді мифтері мен ежелгі грек, рим және інжілдік жазбалардағы ұқсастықтар;
Ф. М. Мюллер (1823-1900) «Кім бір дінді ғана білсе, ол дін туралы ештеңе білмейді». Дінді түсіну үшін салыстырмалы әдісті қолдану қажет, діннің ежелгі формасын анықтап, өзге діндермен салыстыру керек.
Ф. Х. Баур (1792 - 1860), Э. Ренан (1823- 1892) .
Христиандық тарихи тұрғыдан зерттеле бастады: Інжіл, Христос өмірі, шіркеу мен христиандық догматика тарихы.

Тарихи-салыстырмалы зерттеулер
Ежелгі Месопотамия мәдениеті мен өркениетін зерттеу нәтижесінде інжілдегі мифтер мен ритуалдар алдымен Вавилонда пайда болып, содан кейін антика заманы, кейіннен ежелгі Израилде таралғаны анықталды. Бұл зерттеулер Ескі Өсиеттегі әлем жаратылысы, күнә және т. б. Туралы түсініктердің вавилон мәдениетінен бастау алғанын көрсетіп берді.
Ескі Өсиетпен қатар, Жаңа Өсиет кітабы да тарихи-салыстырмалы сыни талдауға ұшырады. Ерте христиандық кезеңге эллиндік мәдениеттің әсері анықталды.
ХХ ғ. бастарында Христиандық қасиетті кітаптардың Құдай тарапынан түсірілгені немесе адамдар тарапынан жазылғандығы мәселе ретінде талқылана бастады.

Антропология мен этнология
1859 ж. Ч. Дарвиннің «Түрлердің пайда болуы» еңбегі.
Б. Тайлор(1832-1917) «Алғашқы қауымдық мәдениет». Австралия аборигендерінің тұрмыс салтын зерттеу арқылы жан туралы алғашқы ұғымның пайда болуы зерттелді.
Дж. Дж. Фрэзер (1854-1941 «Золотая ветвь». Магия мен дін.

Әлеуметтану
К. Маркс (1818-1883) . Дін әлеуметтік құбылыс ретінде. Дін қоғамда нақты қызметтер атқарады. Әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамдағы кез келген интститут секілді адамдарға мәжбүрлеу ретінде әсер етеді. Маркс бойынша, дін қоғамдағы әділетсіз қатынастарға әсер етуден бұрын олардың әсерінде қалады. Дін қоғамда қалыптасқан жағдайды түсіндіруге тырысады, жайлы жағдай жасамайды деп сынайды. Дін, христиандық IVғ. Рим Империясының мемлекеттік діні болып жарияланғаннан бері ең бірінші идеология ретінде қызмет етіп келеді, «дін халық үшін апиын» деп атаған. Яғни, қоғамдағы адамның адамды қанауына, теңсіздіктерге төзімді болуға шақырады, ал өтеуі ретінде о дүниедегі «жәннатқа» үміттендірді.
«жүрексіз әлемнің жүргегі» деу арқылы діннің компенсаторлық қызметіне назар аударды.

Әлеуметтану
Э. Дюркгейм (1858-1917) . (“Элементарные формы религиозной жизни”, 1912 . Австралиялық аборегендердегі тотемді зерттей отырып діннің басты қызметі біріктірушілік функциясын дәлелдейді. Яғни, тайпаның бастауы, қасиетті болып саналатын бір жануар тотемі осы тайпаны басқа тайпалардан ерекшелейді. Тотем адамның нақты бір қоғамның мүшесі екенін көрсететін белгі. Тотемге құдайылық қасиет беру өз тайпасына құрмет көрсету.
Макс Вебер (1864-1920) . “Протестантская этика и дух капитализма” (1904-1905) . Ж. Кальвиннің «тағдыр, яғни адам жанының құтқарылуы немесе тозақтық болуы ол дүниеге келмей тұрып анықталып қояды. Шіркеу көмегі мен адамның талпыныстары ештеңе өзгерте алмайды, бұл Құдайдың шешімі» деген ілімі адамдарды өмірдегі аскеза мен ішкі күдіктерден арылу және құтқарылғандығын білдіретін белгілер іздеуге итермеледі. Адам барлық игіліктен бас тартып өз кәсібіне беріле жұмыс жасайды, жұмыстағы табыс Құдайдан белгі ретінде қабылданады. Мұндай ұстаным капитализмнің қалыптасуы үшін қажетті басты шарт еді, еңбек үшін еңбектену, міндеткерлікті орындау.

Психологиялық талдау
У. Джемс (1842-1910) . “Многообразие религиозного опыта”. Жеке тұлғаның діни тәжірибесі. Амери- канский психолог У. Джемс считал, что религиозный опыт является одним для всех верующих, хотя эмоционально-волевые особенно- сти людей могут во многом отличатся: есть религиозные гении, остро ощущающие сверхчувственную реальность; есть обычные верующие и есть безразличные к вопросам религии.
3. Фрейд (1856-1939) “Тотем и табу” (1913) и “Будущее одной иллюзии” (1927) .

Дін элементтері және құрылымы
Діни сенім
Діни тәжірибе, әрекеттер
Діни нормалар, ережелер
Діни ұйымдар, бірлестіктер

Діннің қоғамдағы қызметі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz