Қоршаған орта топырағын гельминт жұмыртқаларына, балаңқұрттарына зерттеу



Қоршаған орта топырағын гельминт жұмыртқаларына, балаңқұрттарына зерттеу 4- тәжірибелік сабақ
Орындаған: Тастанбекова Ж.
Тұрғынбек С.
ВМ-508

Кіріспе
Қоршаған ортаның санитариялық гельминтологиялық жағдайын анықтау үшін, мал қорасындағы, ауладағы, жайылымдардағы топырақты зерттеу арқылы кейбір гельминтоздардың аймақтық эпизоотологиясын анықтайды. Қоршаған ортада құрт жұмырткаларымен ең көп зақымданатын топырақ. Топырақтың құрт жұмыртқаларымен зақымдануы ауылдық мекендердің, мал фермаларының ветеринарлық және санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Топырақта құрт жұмырткаларының кездесуі жыл маусымына да байланысты. Көптеген ғалымдардың дерегі бойынша құрт жұмыртқалары көктем, күз айларында топырақта көп мөлшерде кездеседі, ал жаз айларында олардың саны күрт азаяды. Гельминт жұмыртқаларынан топырақтың өзін-өзі тазарту динамикасын, ішек проотоз цисталарын зерттеу кезінде сынамаларды іріктеу бақылаудың бірінші айында апта сайын, содан кейін вегетациялық кезеңде ай сайын өзін-өзі тазартудың белсенді кезеңі аяқталғанға дейін жүргізіледі. Сонымен, емдеу-профилактикалық мекемелерінің, жайылым алаңдарының, шұңқырлардың, қоқыс жәшіктерінің және басқа да шағын аудандарды алып жатқан объектілердің аумағында сынақ алаңының мөлшері 5×5 м - ден аспауы керек.

Топырақ сынамаларын алу
Топырак сынамасын топырак бетінен (1-см) және 10-60 см тереңдіктен алады. Топырақ бетінен сынаманы қасықпен немесе күрекшемен, ал тереңдіктегісін күрекпен алады. Мал фермаларының ветеринариялық-санитариялық жағдайын білу үшін, қора маңынан 25 м2 аула бөлініп алынады. Аула диагналының әр жерінен 10-20 г. 5-10 сынама алады. Оларды араластырады, сонан соң пакетке сап, зерттегенге дейін тоңазытқышта немесе Барбагалло сұйығында сақтауға болады.

Топырақ сынамаларын тасымалдау және сақтау
Заттаңбада міндетті түрде сынаманы алушының және аумағында сынамалар алынған мекеме өкілінің тегі мен лауазымы анық көрсетіледі. Барлық біріктірілген сынамалар журналда тіркелуі, нөмірленуі тиіс. Топырақ сынамаларын тасымалдау және сақтау процесінде олардың ластану мүмкіндігін болдырмау жөнінде шаралар қабылдануы тиіс. Топырақ сынамаларына паразитологиялық талдау оларды зертханаға жеткізген күні жүргізіледі. Дереу зерттеу жүргізу мүмкін болмаған жағдайда топырақ сынамаларын тоңазытқышта шамамен 5 °C температурада сақтайды, ішек патогенді қарапайымдылардың цисталарына зерттеу үшін топырақты өңдеусіз 2 тәуліктен асырмай; биогельминт жұмыртқаларына - 7 тәулікке дейін, ал геогельминт жұмыртқаларына - 1 айдан асырмай сақтайды.

Топырақ сынамаларын тасымалдау және сақтау
Геогельминттердің жұмыртқаларында личинкалардың кебуіне және дамуына жол бермеу үшін топырақ аптасына бір рет ылғалдандырылып, газдалған, ол үшін сынамалар тоңазытқыштан алынып, бөлме температурасында 3 сағатқа қалдырылады, ылғал жоғалған кезде сумен ылғалдандырылады және қайтадан сақтау үшін тоңазытқышқа орналастырылады. Топырақ сынамаларын бір айдан астам уақыт сақтау қажет болса, консерванттар қолданылады: топырақ кристаллизаторға құйылады, Барбагалло сұйықтығымен немесе тұз қышқылының 3% ерітіндісімен құйылады, содан кейін тоңазытқышқа қойылады.

Гельминттердің жұмыртқалары зерттеледі
Гельминтоздардың қоздырғыштары анықталған кезде:

Зерттеу әдістері
Топырақты құрт жұмыртқаларына Романенко Н. А., Гуджабидзе әдісімен зерттейді. Ол үшін 25 г топырақты центрифугалық көлемі 250 мл пробиркаға салып, үстіне 1:1 катнаста 3% натрий немесе калий сілтісін кұяды. (15 г топыракты 100-80 мл көлемде ерітуге болады) .

Н. А. Романенко, Гуджабидзе әдісі
Топырақты сілтімен мұқият араластырып, 20-30 минут тұндырады. Онан соң 5 мин 800 айналым/мин жылдамдықта центрифугада айлан-дырып, тұнба бетін топырақ түріне байланысты 1-5 рет төгіп, тұнба бетіндегі сұйық мөлдір болғанша шаяды. Онан соң тұнбаға 150 мл каныққан натрий нитраты ертіндісін құйып, араластырып, қайта центрифугамен айналдырады. Онан соң пробиркаларды штативке орналастырып, тұз ерітіндісімен пробирка бетінен 2-3 мм төмен етіп толтырады. содан бетін жапкыш шынымен жауып, бір шетінен пипетка арқылы қаныққан тұз ерітіндісін, жапқыш шыныға тигенше құяды. Пән шынысын ары-бері жылжытып, 20-25 мин. соң алып, аударады. Бетіне бірнеше тамшы 50% глицерин ертіндісін тамызып, бетін жапқыш шынымен жауып, микроскоптың кіші (об 8х 0, 2, ок. 10) көрсеткішімен зерттейді. Қажет болса, дайындалған препараттарды кептіруге жол бермей, тоңазытқышта 5-7 күнге дейін сақтауға болады. Препараттарды кептіру кезінде 30% глицерин ерітіндісінің бірнеше тамшысын пробирка шетіне қосыңыз.

Нәтижелерді бағалау

Топырақты гельминт балаңқұртына Берман әдісімен зерттеу.
Диаметрі 10-15 см резеңке түтікпен және пробиркамен жалғасқан шыны воронкасын штативке бекітіп, 45-50 ° жылылықтағы сумен толтырады. Онан соң 20-40 г топырақты марлыға орап, оның төменгі жағы воронкадағы суға тиетіндей етіп орналастырады. Бетіне топырақ салған воронканы 37° С жылылықтағы термостатқа салып қояды. Балаңқұрттар бірте-бірте топырактан суға шығып, пробирка түбіне тұнба түзеді, 3-4 сағат өткен соң пробирканы воронкадан ажыратып, жоғарғы қабатындағы сұйықты төгіп тастайды. Тұнбасын пән шынысына тамызып, микроскоппен зерттейді.

Василькова және Гефтер әдісі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz