XX ғасыр басындағы қазақ мерзімдік баспасөзінің дамуы және оның саяси-әлеуметтік және мәдени рөлі


Slide 1

ХХ ғасырдың басында жарық көрген газет-журналдар

Slide 2

XX ғасырдың басы - қазақ мерзімдік басылымдарының даму кезеңі. XIX ғасырдың аяғында екі ғана басылым болса - «Түркiстан уалаятының газетi» (1870-1883) және «Дала уалаятының газетi» (1888-1902), 1905ж. кейін бір қатар жаңа-жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907ж. Петербургте бір топ қазақ интеллигенциясы «Серке» газетін шығара бастады, ол газеттің редакторы Абдурашид Ибрагимұлы болды. Сол газеттің екінші нөмірінде М. Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» мақаласы жарық көрді. Патша карауылшылары оны қазақ жұртының үкімет органдары мен олардың өкілдеріне қарсы қоятын үндеу ретінде санап, газетті жапты. Сол жылдың көктемінде Троицкте «Казақ» газетi шықты, бұл газетке бірінші нөмірінен кейін тыйым салынды. «Казақ» газетінің қөзқарасына Ақмолада жарияланған «Tipшiлiк» газеті жақын тұрды.

Slide 3

1911 ж. Троицк қаласында «Айқап» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен рух берушісі көрнекті қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералыұлы. Журнал сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің ресімделуіне, әдебиеттің дамуы зор үлес қосты, тарих, этнография, ауыз әдебиеті бойынша зерттеулерді жария етті; «Айқап» Исмаил бей Гаспралы шығармашылығына көңіл бөлді, қазақ даласында жаңа мектептер мен медреселер салынсын, ескілері жаңартылсын деп пікір айтты. Журнал беттерінде түрік және парсы тілдерінен аударылған жарияланымдар, мысалы Фирдоусидың «Шахнаме» жыры, басылып шықты. 1911ж. Сағынкерей Бөкей «Қазақстан» газетін шығара бастады, бұл газетте саяси мақалалардан басқа, қазақ пен ноғай елдерінің халық ауыз әдебиеттері бойынша зерттеулер жарық көрді. Ұлттық баспасөзінің даму жолында 1913-1918жж. Орынбор мен Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен шыққан «Қазақ» газетінің орны ерекше. Газеттің негізгі қамы қазақ халқының мәдени өркендеуі, қазақ әдеби тілі мен әдебиетінің дамуы болды. Газет А. Бөкейханұлының фольклорға және А. Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне арналған еңбектеріне көп көңіл аударды.

Slide 4

Петропавл қаласында 1913ж. қыркүйегінде қазақ және татар екі қос тілдерінде «Есіл даласы» газеті жариялана бастады, бірақ сол жылдың аяғында оған «революциялық ойларды таратқаны үшін» тыйым салынды. бастап 1917ж. аяғына дейін Ташкентте Күлбай Тоғысов апта сайын «Алаш» газетін бастырып шығарды. Газет социалистік бағытта болса да, оның панисламдық және орыстыққа қарсы көңілі басым болды.

Slide 5

Қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірінің шиеленісуіне байланысты алғашқы марксистік басылымдар пайда болды. Лениндік «Искра», «Вперед», «Пролетарии», «Социал-демократ» және тағы да басқа басылымдар қазақ жұртшылығының саяси-әлеуметтік өмірінің жаңа бағытының жаршысы болды. Ел арасында айқын антиколониалдық көңіл-күйдегі үгіт-қағаздар таратылды. Қазақ интеллигенциясының жоғары саяси белсенділігін «Қазақ» (1907), «Серке» (1907), «Орал» (1907) газеттері көрсетеді. Осы басылымдар Ресейдің орталық аймақтарында 1905-1907 жж. болған көтерілістерге үн қосты.

Slide 6

Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан. 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т. б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты

Slide 7

“Сарыарқа” - газет. 1917 - 1918 ж. Семей қаласында шыққан. Газетте негізінен алаш қайраткерлерінің (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов, т. б. ) мақалалары жарияланды. “Алаш” партиясының органы ретінде сол кездегі саяси-қоғамдық мәселелерді көтерді.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
XIX-XX ғасыр басындағы қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы мен дамуы
XX ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ой және Алаш қозғалысының рөлі
XX ғасыр басындағы Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси әсері
XX ғасыр басындағы қазақ саяси партиялары мен мұсылман ұйымдарының құрылуы және тарихи рөлі
XX ғасыр басындағы әдебиет, мәдениет және өркениет: қоғамдық-саяси және экономикалық өзгерістер
XX ғасырдың басындағы Қазақстан: әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері (1900-1930 жж.)
1917 жылғы кезеңдегі Қазақстандағы саяси партиялар, ХХ ғ. басындағы қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы және саяси элитаның тарих пен мәдениетті зерттеудегі үлесі
XX ғасыр басындағы қазақ ұлттық-демократиялық қозғалысы: реакцияның күшеюі, тіл саясаты және зиялылардың рөлі
Қазақстандағы саяси ойдың дамуы: ортағасырлық ойшылдардан ХХ ғасыр басындағы зиялыларға дейін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz