Ежелгі грек этикасы
Презентация қосу
ЭТИКА.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
ФИЛОСОФИЯСЫ
◦ Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль,
адамның мінезқұлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің
бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын
Аристотель еңбектерінен алады.
◦ « Этизм» термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш
шығармасының («Никомах этикасы», «Евдем этикасы», «Үлкен этика»)
атауына кірген. Этикалық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары
мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады.
11/10/2021
◦ Платон адам жанжақты ұйымдастырыл-
ған мемлекетте өмір сүріп, оның
басшылығын дана-философтар
атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық
кемелдігіне жете алады деп білді.
Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін
жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғары
мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі
болып табылатын саясатқа, экономикаға
этикалық нормалармен жетекшілік
жасайды.
11/10/2021
◦ Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді
зерттейтін ғылымды айтады.
◦ Аристотель бойынша, адам бойындағы ізгіліктер
екі негізгі түрден тұрады: этикалық және
дианэтикалық. Егер этикалық ізгіліктер адамның
мінез-құлқына, темпераментіне жататын болса,
дианэтикалық ізгіліктер адамның ақыл-
парасатына тиеселі дүниеле.
◦ Сөйтіп, Аристотель этикалық ізгіліктер
құрамына: жомарттық, батылдық, шыншылдық, ал
дианэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты
жатқызады.
11/10/2021
◦ Этиканың құрылымына келетін болсақ, ол 3 бөліктен тұрады:
1. Теоретикалық этика;
2. Нормативті этика;
3. Эмпирикалық этика.
◦ Теоретикалық этика этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде
даму тарихын зерттейді.
◦ Нормативті этика негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік, ізгілік, ар-ождан, ұят,
абырой, парыз және т.б. қарастырады.
◦ Эмпирикалық этика белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты
адамгершілік келбеті жайында түсінік береді.
11/10/2021
Ежелгі грек этикасы
◦ Көне гректер адамгершілік қасиеттерін, мейірімділікті сұлулықпен тікелей
байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде
«каллокагатия» идеалы дүниеге келген болатын. «Каллокагатия» көне грек
тілінен «каллос» (Әсем, сұлу, әдемі) және «агатос» (мейірімді, жақсы) деген
екі сөзінің қосындысынан тұрады. Ол ізгі сұлулықты, яки жан сұлулығы мен
тән сұлулығының ішкі бірлестігін дәріптейді.
11/10/2021
◦ Гедонизм – грек тілінің ләззат іздеу, қызыққұмарлық деген мағынадағы сөзінен туындаған
ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендегі ең
басты мақсаты өмірдің қызығына бату, ләззат алу.
◦ Эвдемонизм – көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын
алып қарамасаңыз да оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны – адамның бақытқа
(эвдемонаға) жетуі.
◦ Стоицизм – грек этикасының бұл бағытына өмірден тек ләззат алу мүмкін емес, өйткені
қуаныш соңынан жүретін қайғы-қасірет көп, сондықтанда өмірде ең бастысы – мойынға
түскен ауыртпашылыққа мойымай, қарсы ала білу деген түсінік тән.
11/10/2021
Құндылық ұғымы
◦ Адамның өмірімен, оның бағдарымен тығыз байланысты болып келетін құндылықтар –
«құнды», «игілікті», «бағалы» болып табылатын материалдық, эстетикалық, рухани,
мәдени қажеттіліктердің нысаны және олардың өзі. Адам осы құндылықтар әлемінде
өмір сүреді және оны өзі жасауы арқылы ол бағалылыққа өтеді. «Құндылық»
философиялық және әлеуметтанулық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының
адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын
түсінік. «Заттық құндылықтарға» адам әрекетінің қорытындысы ретінде пайда болған
заттардың басым көпшілігі және солардың қатарына адамның практикалық
әрекеттеріне тартылған табиғи құбылыстар да енгізілсе, оның тұтас рухани өміріндегі
қажеттіліктер рухани құндылықтарды құрайды. Сондықтан құндылықты тек
материалдылықпен немесе руханилықпен шектеуге болмайды. Құндылық теориялық
тұрғыдан алғанда да жалпы ұғым, оған құнды болып табылатын игіліктіліктердің
барлығы, адамдар жасаған заттар мен руханияттық әлем тұтасымен енеді.
11/10/2021
◦ Құндылық табиғатын тұтасымен зерттейтін ілім – құндылықтар философиясы немесе
аксиология (Лотце) деп аталады.
◦ Құндылық мәселесі барлық нәрсенің жаппай шешімінің сипатына ие болады және ғылыми
зерттеуден тыс, дүниеге көзқарастың ерекше тәсілі болып шығады деп түсінілген.
Сондықтан құндылықтарды үш түрде қарастыру бар:
1. Объективтік-идеалистік теориялар (неокантшылдық, Шелер, Гартман, неотомизм,
интуитивизм) – құндылық уақыт пен кеңістіктен тыс идеалдылық. Бұнда құндылықтар
шынайы, мәңгі өмір сүре отырып, өз алдына тәуелсіз құндылықтар патшалығын құрайда
дегенге келіп саятын ұстанымдар жинақталған.
2. Субъективті-идеалистік теория (логикалық позитивизм, эмотивизм, этикадағы
лингвоанализ, У.Эрбан, Д.Пролл және т.б.) – адамның немесе табиғат заңдарының табиғи
қажеттіліктерінің көрінісі ретінде сипаттайды;
3. Натуралистік теория (мүдде теориясы, эволюциялық этика, Спенсер, Дж.Хаксли, Теяйр де
Шарден және т.б.) – адам мінез-құлқы ортаға бейімделу, адамгершілік өлшемі – эволюция
деп түсінеді.
11/10/2021
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz