Жазу туралы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Педагогика факультеті

Тақырып:Қазақ жеріндегі жазулар

Тапсырған:Амангелдіқызы Аружан МДОжТ 11 студенті
Тексерген:Жуынтаева Зәмзәгүл Нағашыбайқызы

Қарағанды 2021
Жоспар:
1.Жазу туралы
2.Жазудың алғашқы түрлері
3.Қазақстандағы жазу түрлері
Жазу-адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына
жататын,өркениет дамуының құрамдас бөлігі.Адамзат
мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типінің
пайда болуынан басталса,өркениеттің әлеуметке ұласуы жазба
коммуникацияның,жазба тілдің жоғары даму сатысына
жеткенінен хабар береді.Бүгінде жазу кеңістігі ұлғайғаны
соншалық оны жазу және мәдениет,жазу-өркениет,жазу-
қоғам,жазу мен ойлау,жазу мен тіл, жазу және коммуникация
сияқты іргелі ұғымдар оппозициясында қарауға болады.
Жазу–адамның жазба есі, жады болу қызметін атқарады.Бұл
оқу-ағарту (мектеп) саласында ауызша үйретумен қатар
жаздырып, түсіндіруден көрінсе, кейін жоғары оқу орнында
(ЖОО) тек жаздыру арқылы (лекция) түсіндіру немесе
ауызша түсіндірілгенді студент, аспиранттың өзі қағазға
“түртіп” отыруынан байқалады. Жазудың жадылық қызметі
қоғамның бұдан басқа да салаларында кеңінен қолданылады.
Жазу-адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген
сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін
белгілер жүйесі. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда
жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер
мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға
жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы,
кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы
мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы
білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік
қарым-қатынастарда да пайдаланылған. Үндістер соғысатынын
хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. Елші оны
әкеліп жерге қояды, егер жау жақ оны көтерсе-соғысуды
мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар
бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы жазу
пайда болған. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз
балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б.
пайдаланған.
2.Алғашқы жазу түрлері.
Адамның қоғамдағы мәні өз ойын сыртқа білдіру қабілеті
және өзгелермен қатынас жасай алу қасиеті арқылы өлшенеді.
Мұның біріншісі-жеке-дара қасиет болса, екіншісі-әлеуметтік
қасиет.Адам өз сезімін күлу, айқайлау, жылау, бақыру, өлең
айту сияқты табиғи жолмен білдіре алады. Сондай-ақ, өлең
шығару, сурет салу, әуендету, мүсін жасау сияқты қоғамдық
ортақ шартты құбылыстар арқылы да шығарады. Тарих
доңғалағы айналған сайын адам қоғамсыз өмір сүре
алмағандықтан ортақ, қоғам болып бірлесіп қабылдаған
бейнелер арқылы өз ойын сыртқа шығарудың жолдары
көбейді.
Жазу түрлері

Сурет жазуы
(пиктография- Буын жазуы
лық)

Идеография-
Әріп жазуы
лық
Сурет жазу.
Сурет өнерінен бөлініп шыққан жазу да қоғамдық ортақ
келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы
болды.Адам өзінің көрген-білгенін, басынан кешкен
оқиғаларын немесе сезіміне әсер еткен заттар мен
құбылыстарды, сондай- ақ шаруашылық есеп, мал, адам
санағын тау, тас, ағаш, еңбек,тұрмыс құралдарына қашап,
кертіп салды (towrite – “жазу”,көне скандинавиялық rita –
“керту”, “тырнау” деген мағынаны береді).Алғашында адам
айналасындағыларды ескермей, тек өз басындағы ой, сезімді
табиғат құралдарына белгілеп, сыртқа шығарып, қанағат
тапты.
Бара-бара оның “туындыларын” өзгелер де қарап, бірді-екілі
оқиға, құбылыстарды түсінетін болды.Әрине, жазудың
канондық сипаты сол дәуірлерде-ақ айқындалған болатын.
Себебі қолынан сурет салу келетін қасиеті бар және өз ойын
сыртқа көркемдеп жеткізе білетін адамдар бірді екілі болды
да, ол “жоғарыдан түскен”, “құдай жіберген” адамдай көрінді.
Бұл жазу тарихын зерттеушілердің көбі жазу түріне
жатқызбайтын пиктографиялық, сурет жазу еді. Ғалымдар
оны көбіне өнер, магия тарихына апарады.
Пиктографиялық жазу-жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер
жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді.
Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті
салынады. Пиктограммалық жазу суреттерге негізделген жазу.
Сондықтан оны кейде суретті жазу деп те атайды.
Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әртүрлі суреттердің
жиынтығынан құралған. Бұл жазудың ерекшелігі ол әртүрлі
суреттерден құралады. Әр сурет бүтіндей бір хабар бере алады.
Бұл хабар графикалық жағынан жеке бөлшек сөзге бөлінбейді.
Осыған орай пиктограммалар тілдік форманы емес, оның
мазмұнын бейнелейді. Бұл жазуды әртүрлі тілде сөйлейтін
адамдар түсіне алады. Себебі бұл тіл басқа тілдерден гөрі
поллисинкретикалық тілге біртабан жанасымды.
Пиктограммалық жазудың таңбалары питроглифтер немесе
пиктограммалар деп аталады.
Идеографиялық жазу-жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет
немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің
тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы
болады. Идеографиялық жазудың мысалдары: иероглиф жазу,
цифр(сан). Идеографиялық жазудың таңбалары қазіргі
дыбыстық жазуда қолданылады. Мысалы, цифрлар,
математикалық, химиялық, т.б. ғылыми-техникалық шартты
таңбалар. Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында
идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың
таңбалары идеогрммалар деп аталады.
Буын жазуы.
Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың
буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі
шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан
бірнеше түрге бөлінеді. Таңбалардың фонетикалық мағынасы
жағынан буын жазуын негізгі үш топқа бөліп қарауға болады.
Бірінші түріне ассиро-вавилон , элам, урарт, сына жазулары , майя
жазуы, лигатуралы дыбыстық дыбыстық корей жазуы жатады.
Буын жазуының екінші түріне крит-микен буын жазуы , кипр,
эфиопия және жапон буын жазулары жатады.
Буын жазуының үшінші түріне үнді, жазуының әр түрлі жүйелері
( кхарошти, брахми, жәнет.б.) енеді. Жазудың бұл жүйесінде негізгі
таңбалар жеке –дара дауыстыларды (“а”) және дауысыз бен
дауыстының (“ ка”) қосындысын белгілейді. Жазудың буын жүйесі
шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді.
Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді.

Логографиялық Эфиопия, индия Жапон буын жазуы
жазудың даму (брахма, мен
барысында кхарошти және дигатуралы-
жасалған крит, осылардан дыбыстық
майя, кипр буын жасалған жазу жүйесі
жазулары. жазулар) (корейлік кун-мун).
буын жазулары.
Әріп жазуы.
Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды. Таза
күйінде консонантты-дыбыстық жазу ІІ мың жылдықтың
екінші жартысында пайда болса , вокалданған-дыбыстық жазу
біздің дәуіріміздің І мың жылдығының басында пайда
болды.Әріп жазуының пайда болуының дүние жүзілік
мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды.Жазу
жүйелерінің ішінде әріп жазуы-ең қолайлы жазу. Әр түрлі
тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны
әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін,әдетте,
20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп
жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды
меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы-
сөздерді ғана емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық жағы
мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін
өте-мөте қолайлы жазу.
Финикий жазуы.
Финик жазуы - өлі семит тілдерінің бірі (ханааней-аморей тобы).
Квазиалфавиттік желілік консонантты жазу. Шамамен б.з.д. ІІ-ғ.
Финикияда пайда болған. Финик жазуы шығу тегі жағынан
иероглифтік буындық жазу болуы да мүмкін деген жорамал бар,
алайда аталмыш жазу әлі құпия түрінде қалып отыр. Финик жазуы
финикиялықтармен көршілес Сирия-Палестина аймағын
мекендеген халықтар да пайдаланған; Финик жазуы арамей жүйесі
арқылы араб жазуының арғы тегіне жатқызады. Ол Орталық Азия
мен Үнді халықтары жазуларының шығу тегі болып саналады.
Гректер финик жазуын өздерінше өзгертіп пайдаланған, одан соң
римдіктер де қолданған. Барлық еуропалық жазу жүйесінің (латын,
грек, кирилл, кельт жазулары) және қазір өлі тілдер қатарына
жататын Кіші Азия əліпбилерінің арғы тегі - Финик жазуы.
Қазақ жеріндегі жазу түрлері.
Қазақ халқының пайдаланған дыбыстық жазу түріне көне түркі
жазуы (КТЖ) ұйғыр,араб жазуы және А.Байтұрсынұлының төте
жазу (ТЖ) үлгісі, латын графикасына ннегізделген қазақ жазуы
(ЛГнҚЖ), орыс графикасына негізделген қазақ жазуы (ОГнҚЖ)
жатады.
Сурет жазуы алғашқы қауымдық дәуірде пайда болып, сол
заманның бейнелеу өнерімен түп тамыры бір бұтақта
мәуеледі.Ежелгі ғасырларда тау-тасыт мекендеген үңгір адамдары
петроглифтерде бейнеленген әртүрлі нақыштар арқылы өздерінің
күнделікті тұрмыс-тіршіліктерінде,жалпы дүниетанымда орын
алған алуан түрлі қызметтері мен ойларын жеткізіп отырды.
Түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған,
кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты белгілеген. Әріптер
жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратқан. Әріптер белгілі
жүйеде қолданылған. Түркі халықтары, оның ішінде қазақ
халқы кейін мұсылман дінінің таралуымен бірге келген араб
әліпбиін ұзақ уақыт қолданды. 1926 ж. Ахмет Байтұрсынұлы
араб әліпбиін қазақ тілінің ерекшеліктеріне сәйкес жеңілдетіп,
“төте жазу” әліпбиін жасады. 1929 жылдан бастап 1940 жылға
дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, кейін
кириллицаға көшті. Қазіргі түркі мемлекеттерінің
көпшілігінде латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі
қайтадан бел алып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Р.Сыздықова «Қазақ тілінің анықтағышы»
2.Қ.Күдеринова «Қазақ жазуының теориялық негіздері»
3.Интернет желісі

Ұқсас жұмыстар
Әдемі, көркем жазу - өнер
Екі жақты жазу және бухгалтерлік есеп
Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар
Академиялық жазылым туралы түсінік
Сауат ашу пәнінің маңыздылығы
Сабақтың типі
Мәдениет семиотикасының сипаты
О. Бодықов "Аққұс туралы аңыз" Әдебиеттік оқу. 3 сынып
Бей үндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану
Пәндер