Медициналық қалдықтар
Презентация қосу
Болашақ жоғары медициналық колледжі
СӨЖ
Тақырыбы:Медициналық қалдықтар туралы
Орындаған: ЖарылқағановаАқмарал
Тобы:МБ-11-19
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрінің 2017 жылғы 31
мамырдағы 357 бұйрығында
медициналық қалдықтар туралы
мәлімет берілген.
Медициналық қалдықтарды қауіпсіз
жинауға және кәдеге жаратуға арналған
контейнер ( ҚЖКЖК)- өткір және үшкір
медициналық қалдықтарды жинауға және
қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған су
өткізбейтін және тесілмейтін, бір рет
қолданылатын сыйымдылықтар.
Медициналық қалдықтар: қалдық кластары Медициналық манипуляцияларды жүргізу кезінде ЕПМ-де әртүрлі медициналық
қалдықтар пайда болады, олар жұқпалы және жұқтырылуы ықтимал болуы мүмкін. Оларға биологиялық материалдар (қан,
сілекей, жыныс мүшелерінің шырышты секрециялары, зәр, патологиялық-анатомиялық қалдықтар, органикалық операциялық
қалдықтар: ағзалар, тіндер, инфекциялық бөлімшелерден алынған тамақ қалдықтары, патогендігі 3-4 топтағы
микроорганизмдермен жұмыс істейтін микробиологиялық, клиникалық-диагностикалық зертханалардан, фармацевтикалық,
иммунобиологиялық өндірістерден алынған қалдықтар, виварийлердің биологиялық қалдықтары, пайдалануға жарамсыз тірі
вакциналар, сондай-ақ бір рет қолданылатын шприцтер мен инфузиялық жүйелер, пайдаланылған таңу материалдары мен
жеке қорғаныс құралдары (халаттар, бас киімдер, қолғаптар және т.б.) жатады.Медициналық қалдықтарды жіктеу "Денсаулық
сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "санитариялық қағидаларын бекіту туралы" ҚР
Денсаулық сақтау министрлігінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен регламенттеледі. Медициналық қалдықтармен
жұмыс жасау бағдарламасы Медициналық қалдықтармен жұмыс жасау бағдарламасын жүктеп алу Медициналық қалдықтар
кластары: 1. А класының медициналық қалдықтары – бұл адам өміріне қауіпті емес медициналық қалдықтар, оларды құрамы
бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар деп санауға болады. Қалдықтарды жинауға арналған ыдыстар мен арбалар
"Медициналық қалдықтар. А класы". Қара түсті медициналық қалдықтарға арналған пакеттер қолданылады. 2. Б класының
медициналық қалдықтары – қоршаған ортаға эпидемиологиялық қауіп төндіретін медициналық қалдықтар. Сары түсті қаптар
қолданылады. 3. В класының қалдықтары – бұл төтенше эпидемиологиялық қауіптілігі бар медициналық ұйымдардың
қалдықтары. Қызыл түсті қаптар қолданылады (халықаралық тәжірибеде басқа түсті қаптар пайдаланылуы мүмкін). Қаперіңізге
алыңыз (КБУ класы) класындағы медициналық қалдықтарды жинау ерекшеліктері Б класындағы медициналық қалдықтарға
эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар – жұқтырылған және жұқтырылуы ықтимал қалдықтар жатады: қанмен және басқа да
биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар мен құралдар, заттар; патологиялық-анатомиялық қалдықтар;
органикалық операциялық қалдықтар-органдар, тіндер; жұқпалы аурулар бөлімшелерінен тамақ қалдықтары. 4. Г класының
медициналық ұйымдарындағы қалдықтар уыттану қаупі бар (қауіптілігі 1-4 класс) қалдықтарға жатады. Г класының
медициналық қалдықтары бөлімшенің атауы, күні, қалдықтарды жинауға жауапты тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіліп, «Медициналық
қалдықтар. Г класы» деген тиісті жазуларымен таңбаланып, ақ түсті ыдысқа жиналады. 5. Д класының қалдықтарының
құрамында радиоактивті элементтер болады. Д класының радиоактивті медициналық қалдықтарымен жұмыс істеу нормалау
құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Медициналық ұйымның жауапты адамы пайда болған медициналық қалдықтардың
күнделікті есебін осы журналда Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
Медициналық қалдықтарды жою.
Медициналық қалдықтарды жою өткен ғасырдың ортасынан бастап
маңызды мәселе болып келеді және әлі де өзекті болып қала
береді. Соңғы уақытта қауіпсіздік талаптары бір реттік
медициналық құралдар мен бұйымдарды пайдалану қажеттілігін
туындату арқылы медициналық қалдықтар көлемінің өсу қарқынын
арттырып отыр. Соңғы деректер бойынша, ҚР-да тәулігіне бір
аурухана төсегіне шамамен 500 г медициналық қалдықтар келеді,
олардың төртінші бөлігі аса қауіпті (Б) класына жатады. Қазақстан
бойынша орташа есеппен тәулігіне 70 тоннаға жуық медициналық
қалдықтар жиналады. Медициналық қалдықтарды жоюдың басым
аспектілерінің бірі оларды жинау және сақтау процесін дұрыс
ұйымдастыру болып табылады.
• Қалдықтардың әрбір сыныбын жинау үшін
қаптардың, пакеттердің, сыйымдылықтардың түсі
әртүрлі болып келеді:
А сыныбы – қара
Б сыныбы – сары
В сыныбы – қызыл
Г сыныбы – ақ
Д сыныбы - түссіз
Медициналық қалдықтарды сақтау.
Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
қуаты ауысымына 50 келушіден астам стационарлық көмек және амбулаториялық-
емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде «Б», «В», «Г» медициналық
қалдықтарды сақтау үшін механикалық іске қосылатын сору желдеткішімен, биологиялық
қалдықтарды (олар болған кезде) сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығымен,
стеллаждармен, таразылармен, медициналық қалдықтары бар пакеттерді жинауға арналған
контейнерлермен, ыстық және суық су келтірілген раковинамен, ауаны зарарсыздандыруға
арналған қондырғылармен, қолға арналған антисептикпен жабдықталған жеке үй-жай
бөлінетіндігін белгілеп отыр.
24 сағаттан астам тамақ қалдықтарын, «Б» класының залалсыздандырылмаған
медициналық қалдықтарын сақтау тоңазытқыштар мен мұздатқыш камераларда, бірақ үш
тәуліктен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. «Б» класындағы биологиялық
медициналық қалдықтарды +5⁰С-тан аспайтын температурада сақтау регламенттелген.
Арнайы қондырғыларды пайдалана отырып, медициналық қалдықтарды
залалсыздандыруды ұйымдастыру кезінде «Б» класының медициналық қалдықтарын жинау
және сақтау эпидемиологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда пайда болған
жерлерде алдын ала залалсыздандырусыз жүргізіледі.
Емдеу процесі мен ауруханаішілік инфекцияның
(медициналық көмекке байланысты инфекциялар – МКБИ)
алдын алу барысында табысты жұмыс істеу үшін негізгі
талаптарды, стандарттар мен алгоритмдерді орындау өте
маңызды. Қазақстандағы медициналық қалдықтардың
барлық түрлері МҚ жинауға жауапты тұлғада сапалық және
сандық есепке (журналдағы нысан бойынша) жатады.
Ережелер клиникалық бөлімшелердің медициналық
персоналына таралады. Жиыстырып-тазалауды жүргізетін
персонал медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинау мен
кәдеге жарату бойынша білікті құжатталған тренингтен
өткізілуі тиіс
А сыныбының медициналық қалдықтарын жинау
сыйымдылықтарда немесе бір реттік
қолданылатын пакеттерде жүзеге асырылады. Бір
реттік қолданылатын пакеттер арнайы арбаларда
немесе сыйымдылықтың ішінде орналасуы тиіс.
Толтырылған сыйымдылықтар немесе бір реттік
қолданылатын пакеттер контейнерлер орнатылған
жерге жеткізіледі және аталған кластың
қалдықтарын жинауға арналған контейнерлерге
тиеледі яғни қауіпті қасиеттері жоқ қалдықтар
болып табылады.
Б сыныбындағы медициналық қалдықтар –
эпидемиялогиялық қауіпті медициналық қалдықтар.
Қанмен және басқада биологиялық сұйықтықтармен
ластанған материалдар және аспаптар, заттар.
Мысалы: инфекциялық бөлімшелердің тамақ
қалдықтары жатады.
Б класына жататын медициналық қалдықтармен бір
реттік қолданылатын пакеттің үштен екі бөлігі
толтырылғаннан кейін, осы медициналық
бөлімшедегі медициналық қалдықтарды жинауға
жауапты қызметкер оларды байлайды. Пакетпен
жүргізілетін барлық жұмыстар дәкелік бетперде және
резеңке қолғап киіп жүргізіледі.
В сыныбындағы медициналық
қалдықтар – төтенше эпидемиялогиялық
қауіпті медициналық қалдықтар. Аса
қауіпті және каратиндік инфекциялық
аурулармен ауыратын науқастармен
жанасқан қалдықтар. Мысалы :
Туберкулезбен ауыратын науқастардың
қалдықтары жатады.
Г сыныбындағы медициналық
қалдықтар – токсикологиялық
қауіптіі медициналық қалдықтар.
Құрамаында сынап бар заттар ,
аспаптар мен жабдықтар.
Д сыныбындағы медициналық қалдықтар – Радиоактивті медициналық
қалдықтар. Құрамында
Радиоактивті заттар бар.
Д класына, мынадай нысандарда:
1) диагностикалық зертханаларда (бөлімшелерде);
2) радиоизотоптық зертханаларда;
3) рентген кабинеттерінде түзілетін медициналық қалдықтар жатады.
Медициналық қалдықтарды жою алгоритмі
1. Медициналық қалдықтарды жинау мен тасымалдауды күн сайын әрбір
операциядан/ауысымнан кейін санитар жүргізеді. 2. Жинаудан бұрын медбике
қалпақ, маска және қолғап киеді. 3. «А» класының медициналық қалдықтары
ақ түсті полиэтилен пакеттерге жиналады және ұйым аумағына медициналық
қалдықтарға арналған арнайы контейнерге шығарылады. 4. Бірінші топтағы
«Б» класының бір реттік медициналық бұйымдарын, «шанышатын/кесетін»
(шприцтер, инелер, көктамыр ішіне құюға арналған жүйелер, қауырсындар,
скальпельдер, катетерлер, қалақшалар) жинау бір рет тесілмейтін сары түсті
контейнерлерге жиналады – қауіпсіз жинау және жою қораптары (бұдан әрі –
ҚЖЖҚ) көлемнің төрттен үш бөлігінен аспайтындай етіп толтырылады.
Қалдықтарға тағайындалған жауапты тұлға (мысалы, шаруашылық бикесі):
салмағын, бөлімшесін медициналық қалдықтарды жинау күнін, жауапты
тұлғаның Т.А.Ә. жазып, қолын қояды. Уақытша сақтау бөлмесіне шығарылады.
5. Екінші топтағы «Б» класының медициналық қалдықтарын – «жұмсақ»
бір реттік медициналық бұйымдарды (қолғаптар, майлықтар, тігіс
материалдары, маскалар, халаттар, қалпақтар, бас киімдер,
алжапқыштар, медперсоналдың бахилалары), пайдаланылған таңу
материалдарын (бинттер, мақта, дәке, тампондар, турундтар, шариктер,
білікшелер және т.б.) сары түсті полиэтилен пакеттерге жинайды. 6.
Үшінші топтағы «Б» класының медициналық қалдықтарын (қан және
оның компоненттері, сілекей, зәр, нәжіс, вакциналар, микробиологиялық
дақылдар, штаммдар, вирусологиялық материалдар) жинау жұмыс
орнында (жинау орны) экспозицияны сақтай отырып дезинфекциялау
құралымен дезинфекцияланады және кәрізге ағызып жойылады. 7.
Медициналық қалдықтарды жинау және жою аяқталғаннан кейін,
санитар алжапқышты дезинфекциялық ерітіндімен сүртеді, қалпағын,
қолғапты шешіп, «Б» класына арналған контейнерге тастайды,
қолдарын жақсылап жуады.
Операциядан кейін медициналық қалдықтарды жою алгоритмі
1. Операция бөлмесінде микроорганизмдердің таралуы мен өсуінің алдын алу үшін
операция аяқталғаннан кейін пациент ояту палатасына шығарылады. 2.
Пайдаланылған киім-кешек «лас киім-кешек үшін» деген таңбасы бар қаптарға
тасталады. 3. Пайдаланылған құралдар таңбаланған контейнерлерге салынып, ОЗБ-
ге тасымалданады. 4. Пайдаланылған таңу материалы қол қойылған «Б» класындағы
сары түсті қаптарға оралады. Кесу материалы, инелер, скарификаторлар, ампулалар
және т.б. ҚЖЖҚ-ға оралып, онда бөлімше, жойылған күні, салмағы көрсетіледі.
Қалдықтар қалдықтарды уақытша сақтауға арналған жеке тұрған үй-жайға
шығарылады. 5. Операциялық бөлмеде түпкілікті тазалау жүргізіледі. Жабдық,
аппаратура залдың ортасына шығарылады, операция жасау бөлмесіне дезинфекция
жүргізіледі. Қабырғалары қолды созу арқылы жуылады. Алмалы-салмалы бөліктері
(шлангілер, түтіктер, банкалар, контейнерлер) бар аппаратураны бөлшектеліп,
арнайы дайындалған ыдыстарға салынады. Экспозиция аяқталғаннан кейін
(дезинфектанттың концентрациясына байланысты) дезқұралдар таза шүберекпен
жылы сумен жуылады. 6. Ауаны кварцтау шамдардың санына сәйкес жүргізіледі. 7.
Жинау журналына тіркеу жасалады.
Медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, сақтау және
денсаулық сақтау обьектілерінен шығару денсаулық сақтау
обьектісінің басшысы бекіткен қалдықтармен жұмыс істеу
бағдарламасына сәйкес орындалады, ол:
• Сыныптарды бойынша пайда болатын қалдықтардың құрамын
• Медициналық қалдықтардың жинау тәртібін
• Қалдықтардың зарарсыздандырудың және жоюдың қолданылатын
тәсілдерін
• Қалдықтармен жұмыс істеу схемасын
• Персоналды қалдықтармен жұмыс істеу кезінде эпидемиялық
қауіпсіздік қағидаларына оқытуды көздейді;
Жинау көп рет қолданылатын сыйымдылықтарда немесе бір рет
қолданылатын пакеттерде жүзеге асырылады.
Бір рет қолданылатын пакеттер арнайы – арбаларда немесе көп рет
қолданылатын сыйымдылықтардың ішінде орналасады.
Қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар мен арбаларда
“Медициналық қалдықтар А – сыныбы ” деген тиісті жазумен таңбаланады.
Түсі сары немесе сары түсті таңбалануы бар бір рет қолданылатын
жұмсақ және қатты тесілмейтін қаптамаға жиналады. Қаптаманы
қалдықтардың морфологиялық құрамына байланысты болады.
Шанышпалы және үшкір заттар алдын ала бөлшектелмей және
дезинфекцияланбай, тесілмейтін және суға төзімді ЖҚКЖҚ – ға
жиналады.
Б сыныбындағы органикалық, сұйық медициналық қалдықтарын жинау
үшін олардың герметикалығын қамтамасыз ететін қақпағы бар суға
төзімді контейнерлер пайдаланылады.
Қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар мен арбаларда
“Медициналық қалдықтар Б, В – сыныбы ” деген тиісті жазумен
таңбаланады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz