Берілетін тапсырма Блум таксономиясы бойынша сол ойлау деңгейінен асып кетпеуі шарт




Презентация қосу
Тақырыбы: География пәні бойынша қазіргі білім беру
үрдісінде оқу жетістіктері сапасын бағалау әдістері ме н
әдіснамасы

Орындаған: Тоқшылықова Г.Ә.
Тексерген: Нуркеев Е.С.
Тобы: 6В01511, География-тарих
• География пәніндегі жаңартылған білім бағдарламасы пәннің
негізгі ерекшеліктеріне байланысты берілген. Егер бұрын география
жаңа жерлерді, елдерді, оларды зерттеуге қатысты мәліметтерді
оқытса, қазір адамдардың қоршаған ортаны тиімді пайдалануы,
экожүйенің тұтастығы, адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін
кері әсерін азайту, пайдалы қазбаларды сақтау жолдарын табу,
табиғатта болып жатырған процестерді, әлемдегі саяси,
демографиялық, экономикалық өзгерістерді зерттеуге бағытталған.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының
ерекшелігі: спиральды түрде берілуі. Спиралды құрылым
білім мен дағдылардың сыныптан сыныпқа ілгерлемелі
дамуын қамтамасыз етеді. Бұл білімнің қарапайым
деңгейден күрделі деңгейге көшуі болып табылады. Оқу
мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын қарапайым
бақылауға, тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған
білімін өмірде қолдана білуіне бағытталған.
География сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың
дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған
мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой
толғауына және бағалауына көмектесетінін айта кеткен
жөн. Блум таксономиясының мақсаты-оқытудың неғұрлым
тұтас нысанын құру. Берілетін тапсырма Блум таксономиясы
бойынша сол ойлау деңгейінен асып кетпеуі шарт.
•Бағалау критерийі де оқу мақсатымен тығыз
байланысты. Бағалау критерийі дегеніміз — білім
алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі,
өлшем, негіздеме. Одан кейін тапсырма құрастырамыз.
Бағалау критерийінен дескрипторлар беріледі, яғни
критерийді қадам бойынша ашамыз. Дескриптор –
оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын
бағалайтын тұжырым. Тапсырманы әр оқушы
дескрипторларға қарай отырып, өз деңгейінде орындайтын
болады. Тапсырманы орындаған соң оқушылар оның
сапасы туралы өз ойларын ортаға салып, жағымды
жақтарына тоқталады және оны жақсарту туралы
ұсыныстар жасайды. Кері байланыс жауап берген
оқушыларға пайдалы болып, оларды ынталандыруы және
қанаттандыруы керек.
География пәні көбіне ауызша жауаптары талап ететін
болғандықтан жұптық, топтық, жеке жұмыстар арқылы
табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын сабақ
барысында зерделеуге, зерттеуге жұмысын жүргізуге,
болжамдар жасауға, өз пікірін дәлелдеуге, гипотеза
ұсынуына, тіпті өзіндік кішігірім жаңалық ашуына
мүмкіндіктер береді. География ғылымы- өте қызықты да
күрделі ғылым.
Жаңартылған білім мазмұнын география пәнінде жүзеге
асыру - мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен
техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық
технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап
етеді. География пәні басқа пәндермен салыстырғанда,
картамен жұмысты талап етеді, оқушылардың деректерді
жинауы, оларды сараптау, салыстыру, маңыздылығын бағалау,
басқа пәндермен байланыстыру оқушы үшін ерекше қызық.
Қорытынды
Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық
әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер, ғаламтор ақпараттарын
пайдалану арқылы бір-бірімен білім алмасып бір-бірінің оқуының
ілгерлеуіне ықпал етеді. Педагог-жазушы Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ
беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны
табатын өнер» дегендей, сабақты өткізуде белсенді оқыту түрлерін
қолдану арқылы оқушы уәжін арттыруды; мұғалім мен білім алушы
арасындағы кері байланыс орнатуды; оқу жетістігін критериалды жүйе
арқылы бағалауды да ескеруі қажет.

Ұқсас жұмыстар
Оқушы әрекеті
Блум таксономиясы оқыту нәтижелілігін бағалау әдістемесі ретінде
Блум таксономиясының танымдық деңгейлері
Ойлау деңгейі Сұрақтар үлгілері
Ғылымда білімді
Оқыту үрдісінде Блум таксономиясын қолдану жолдары
БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ КЕСТЕСІ
Бағалау таксономиясы (Б.Блум)белгілері, сатылары
Тапсырмалар түрі
Психология бойынша оқу міндеттерінің таксономиясы
Пәндер