Білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбиені қалыптастырудың инновациялық әдістері


Slide 1

Білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбие қалыптастырудың инновациялық әдістері

Дайындаған:

Slide 2

Өзектілігі:

ҚР-ның үздік білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі болып патриоттық тәрбиенің бекітілуі де бекер емес. Шынында да, ұлтқа деген сүйіспеншілігі жоқ адамнан адамгершілікті де, сұлулықты да, мәдениетті күтуге болмайды. Ендеше, патриоттық тәрбие - тәрбиенің басты бағыттарының бастауы десек, қателеспейміз.

Slide 3

Абстракт

Мақсаты: Жас ұрпақтың тәрбиесіне бірыңғай көзқарас қалыптастыру, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үрдісіне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету.

Міндеттері:

Жас қазақстандықтарды толеранттық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;

Балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау және т. б.

Slide 4

Патриотизм - бұл азаматтардың өзін-өзі жүзеге асыруы мен әлеуметтік мінез-құлқының ерекше бағыты, олардың өлшемдері Отанға деген сүйіспеншілік пен қызмет ету, Елдің тұтастығы мен егемендігін қамтамасыз ету, оның ұлттық қауіпсіздігі, тұрақты дамуы, парызы мен жауапкершілігі, қоғамдық және мемлекеттік қағидаттардың жеке мүдделер мен ұмтылыстардан басымдығын білдіреді және жеке адамның, барлық әлеуметтік топтар мен қоғам топтарының өмірі мен қызметінің жоғары мәні ретінде әрекет етеді. Патриотизм-бұл азаматтардың саналы және ерікті түрде қабылдаған ұстанымы, онда қоғамдық, мемлекеттік басымдық шектеу емес, жеке бас бостандығын ынталандыру және азаматтық қоғамның жан-жақты дамуының шарты болып табылады. Бұл мемлекет патриотизмді таңдамайтынын, бірақ таңдау еркіндігі құқығын ұсынатындығын, яғни адам оған патриот болуды немесе болмауды шешетінін анықтайтын негізгі ұғым.

Slide 5

Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

Slide 6

1. адамдар іс-әрекеттің жақсыц жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді

2. жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады.

3. бір-біріне көмектесе біледі, жанаршырлық сезімі оянады, қамқорлдық жасай біледі.

4. кешірімді болуға өзгені ренжітпеуге тырысады.

Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы қарым-қатынас жасайды, сол қарым-қатынас барысында:

Slide 7

Қорыта келгенде, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс - әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз. Тәрбие үрдісіндегі жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Slide 8

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологиялар: түрлері, енгізу кезеңдері және оқушыларға ықпалы
Оқушыларда патриоттық тәрбие қалыптастырудың теориялық негіздері, әдістемесі және тәжірибелік-эксперименттік нәтижелері
Қазіргі білім жүйесіндегі инновациялық технологиялар: теория мен енгізу
Басқару жүйесінің элементтері, мақсаттары мен әдістері: білім беру және инновациялық менеджмент
Қазіргі білім беру жүйесіндегі оқытудың белсенді әдістері мен педагогикалық технологиялары
Қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлық құзіреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Білім беру жүйесіндегі менеджмент: қалыптасуы мен басқару қағидаттары
Арнайы білім беру жүйесіндегі тәрбиелеуді ұйымдастыру түрлері мен әдістерінің классификациясы
Орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі интербелсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері
Болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz