Геодезияда қолданылатын координаттар жүйелері: географиялық, жазықтық және геоцентрлік негіздері


Slide 1

Орындағандар: Қалдар Ерзат, Сабурова Нургүл, Рашхан Ажар

Тексерген: Акынбеков А.

Геодезияда қолданылатын координаталар

Slide 2

Геодезиялық координат

Геодезиялық координаталар - нүктелердің геодезиялық өлшеулер арқылы және референц-эллипсоид бетінде одан орі есептеулер арқылы алынған ендіктері мен бойлықтары. Геодезиялық координаталар берілген нукте арқылы референц-эллипсоид бетінде өтетін нормальмен байланысты.

Жердің физикалық бетіндегі нүктелердің орындарын бастапқы жазықтықтар, бағыттар және нүктелер арқылы анықтайтын координаталар жүйесі. Геодезиялық координаталар жүйесі: кеңістіктік және жазықтықтық болып бөлінеді. Координаталардың кеңістіктік жүйесі: географиялық және полярлық жүйе болып ажыратылады. Ал географиялық координаталар жүйесі өз кезегінде: астрономиялық және геодезиялық болып бөлінеді. Жазықтық координаталар жүйесіне тікбұрышты жазық (х, у) және жазық полярлық координаталар жатады.

Slide 3

Географиялық координаттар жүйесі

Географиялық координаттар-(лат. со - бірге, ordinatus - реттелген) - жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөлшер. Географиялық координаттар бұрышты өлшегіш аспаптардың көмегімен (теодолит, секстант, т. б. ), астрономиялық бақылаулар арқылы анықталады.

Slide 4

Геоднзияда қолданылатые координталар жүйесі

Кеңістік координаттар

Жазықтық координаттар

Slide 5

Кеңістік координаттар жүйесі

Бұл жүйеденүктенің жер бетіндегі орны дүниежүзілік масштабта анықталады. Оларды» географиялық ендік» және «географиялық бойлық» деп ажыратады. Ендік экватордан екі жаққа - солтүстік және оңтүстікке 0° тан 90° қа өзгеріп отырады. Бойлық - бастапқы меридианнан бастап батысқа және шығысқа 0° тан 180° қа дейін салынады.

Slide 6

Шағын пймақтары біршама қысқа арақашықтыққа байланысты есептерді шешкенде, жазықтықтағы Х және У осьтерінен тұратын тік бұрышты координаталар жүйесі қолданылады. Бұл жүйеде координаталар шартты түрде алынады, яғни еркін бір нүктеден басталады. Математикада қолданылатын тіа бұрышты жүйеден геодезиядағы бұл жүйенің айырмашылығы - ширектер оң жаққа қарай нөмірленеді, яғни солтүстік-шығыс ширектен басталып, сағат тілі бағытымен есептеледі.

Жазықтық координат жүйесі

Slide 7

Геоцентрлік координат жүйесі

Геодезиялық координаттар B, L және H кеңістіктік эллипсоидтық координаттары деп аталады, олар G (B, L, H) жүйесін құрайды. Координаталарының басы Жер массасының центріне дәл келетін жүйені геоцентрлік координаттық жүйе деп атайды. Геоцентрлік экваторлық жүйеде координата осьтері жер бетіндегі немесе аспан сферасындағы ерекше нүктелерге бағытталады.

Slide 8

Қорытынды

Сонымен қорытындылай келе геодезиялық координат дегеніміз геодезиялық өлшеулер арқылы алынған ендіктер мен бойлықтар. Геодезияда қолданылатын координаттар жүйесі кеңістік координаттар жүйесі, жазықтық координаттар жүйесі, геоцентрлік координаттар жүйесі, географиялық координаттар жүйесі. Геодезияда қолданылатын еоординаттар жүйесі туралы білу жоғарғы геодезияда сондай ақ болашақ кадастр маман үшін маңызды болып табылады.

Slide 9

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!


Ұқсас жұмыстар
Геодезия мен топографиядағы координаттар жүйелері: географиялық, геоцентрлік және референцтік жүйелер
Геодезиядағы географиялық, кеңістік және жазық (полярлық) координаттар жүйелері
Геодезиялық жазық тік бұрышты, геоцентрлік және референцтік координаталар жүйелері
Топографиялық карта мен план жасауға арналған геодезиялық координаттар жүйелері және мемлекеттік геодезиялық желінің сипаттамасы
Дәріс №2: Экваторлық координаттар жүйесінен көлденең координаттар жүйесіне өту
Медицинада қолданылатын оптикалық аспаптардың физикалық негіздері
Координаталық жазықтық: сабақ жоспары, теория мен практикалық тапсырмалар
Өзендер мен көлдер: Қазақстанның су жүйелері мен географиялық сипаттамасы
Координаталық жазықтық: нүктелердің координаталарын табу және салу
Кәсіпорындағы еңбекақы төлеу жүйелері және тарифтік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz