5-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Н. Ақыш Нағыз әже қайда? әңгімесінің кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетін талдау


Slide 1

Аты-жөні: Сапарханқызы Жансая

Санаты: бейсанат

Еңбек өтілі: 4 жыл, 6 ай

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 5-сынып

Тақырыбы: Н. Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

Slide 2

Сәуірдің жиырма жетісі

Нұрдәулет Ақыш

«Нағыз әже қайда?» әңгімесі

(№3 сабақ)

Slide 3

Оқу мақсаты:

5. Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

Сабақ мақсаты:

Шығармадағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеттерін анықтайды, кейіпкерлер бейнесін ашады.

Бағалау критерийі. Білім алушы:

• Шығармадағы кейіпкер портреті мен іс-əрекетін анықтайды;

• Әрекет пен портрет негізінде кейіпкердің образына талдау жасайды.

Slide 4

Ой шақыру.

Суреттерде не бейнеленген? Бұл заттарды кім қолданады?

Slide 5

Ой шақыру.

Суреттерде не бейнеленген? Бұл заттарды кім қолданады?

Ұршық, кимешек, мәсі. Бұл заттарды әжелер қолданады.

Slide 6

«Нағыз әже қайда?» әңгімесіндегі кейіпкерлердің атын атаңыз.

Дескриптор:

- Кейіпкерлердің атын атайды.

? ?

?

?

Slide 7

«Нағыз әже қайда?» әңгімесіндегі кейіпкерлердің атын атаңыз.

Балқыз Азат

Ая

Райхан

Slide 8

«Нағыз әже қайда?» әңгімесінде Азат пен Балқыздың ата-анасы туралы не айтылды?

Дескриптор:

- Азат пен Балқыздың ата-анасы туралы айтылған ақпаратты есіне түсіреді, бөліседі.

Балқыз Азат

Азаттың ата-анасы

Азаттың әжесі

Балқыздың ата-анасы

Slide 9

«Нағыз әже қайда?» әңгімесінде Азат пен Балқыздың ата-анасы туралы не айтылды?

Балқыз Азат

Азаттың әкесі соғыста, шешесі кейіннен қайтыс болған.

Азаттың әжесі де қайтыс болған.

Балқыздың ата-анасы алыста тұрады, денсаулықтары нашар.

Slide 10

Қай кейіпкердің әжесін нағыз әже деп санайсыз?

Қай кейіпкердің әжесін заманауи әже деп санайсыз?

Дескриптор:

- Оқылған мәтін бойынша нағыз әже мен заманауи әжені анықтайды.

Slide 11

- Қай кейіпкердің әжесін нағыз әже деп санайсыз?

Азаттың әжесін нағыз әже деп санаймын.

Қай кейіпкердің әжесін заманауи әже деп санайсыз?

- Ажардың әжесін (Жолдастың анасын) заманауи әже деп санаймын.

Slide 12

Азаттың әжесінің портретін және әрекетін көрсететін жолдарды анықтаңыз. Кейіпкерлердің іс-әрекетін өз сөзіңізбен жазыңыз. Кейіпкерлердің образын (бейнесін) жасаңыз. Дескриптор: - Кейіпкердің портретін және әрекетін көрсететін жолдарды анықтайды; - Кейіпкерлердің іс-әрекетін өз сөзімен жазады; - Кейіпкерлер образын (бейнесін) жасайды;

Slide 13

Нағыз әже қандай болады?

Азаттың әжесі:

- Үстіне қамзол, басына кимешек, шылауыш киеді.

- Мейірімді, ақылды. Ешқашан ұрыспайды, ұрса қалса да орнымен ұрсады.

- Үні, қолы, көзқарасы жұмсақ.

- «Қарағым, айналайын» деп жылы сөйлесетін, иман жүзді қария.

- Өзі ылғи шаруа істеп, күйбеңдеп жүреді. Тіпті ештеме істемеген күннің өзінде ұршық иіріп отырады.

- Бала бағып, ертегі айтады.

Slide 14

Ажардың әжесінің портретін және әрекетін көрсететін жолдарды анықтаңыз. Кейіпкерлердің іс-әрекетін өз сөзіңізбен жазыңыз. Кейіпкерлердің образын (бейнесін) жасаңыз. Дескриптор: - Кейіпкердің портретін және әрекетін көрсететін жолдарды анықтайды; - Кейіпкерлердің іс-әрекетін өз сөзімен жазады; - Кейіпкерлер образын (бейнесін) жасайды;

Slide 15

Заманауи әже қандай болады?

Ажардың әжесі (Жолдастың шешесі) :

Орысша-қазақша араластырып сөйлейді;

Қалаға ұшақпен келді;

Бір кісінің өмірден өткенін естігенде көңіл айтпады;

Жастайынан қызметте болды, үй шаруасын жасамаған;

Немере бақпайды;

Өзінің әже екенін мойындағысы келмейді;

Ертегі айтпайды;

Бата беріп, намаз оқымайды.

Slide 16

Кері байланыс. Сабақтан алған әсеріңізді смайликтер арқылы білдіріңіз (Microsoft teams чатына жіберу) .

Slide 17

Үй жұмысы.

«Ая мен Райхан болашақта өз әкесінің әжесіне ұқсаған нағыз әжені көре ала ма?» деген сұраққа өз болжамыңызды жазыңыз.


Ұқсас жұмыстар
Нағыз әже қайда? әңгімесін талдау және сабақтық-әдістемелік тапсырмалар
5-сынып: Анасын сағынған бала әңгімесі негізінде отбасы құндылықтары мен кейіпкерлер образын талдау
7-сынып қазақ әдебиеті: Қобыланды батыр жырындағы кейіпкерлер әлемі
7-сынып қазақ әдебиеті: Қобыланды батыр жырындағы кейіпкерлер әлемінің талдауы
8-сынып қазақ әдебиеті: Т. Ахтановтың Күй аңызы әңгімесінің тақырыбы мен идеясы, сюжеттік желілерін және пролог пен эпилогын талдау
8-сынып қазақ әдебиеті: Мұқағали Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын талдау және дебат сабағы
Қыз Жібек жыры бойынша бекіту сабағы: композиция, кейіпкерлер және тарихи-әдеби талдау
5-сынып әдебиеті: ертегілер және олардың түрлерін түсіну мен жіктеу
5-сынып қазақ әдебиеті: Ахмет Байтұрсынұлының Адамдық диқаншысы өлеңінің тақырыбы мен идеясын талдау және адамгершілік тәрбиесі
М. Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы кейіпкерлер: қазақ әдебиеті сабақ жоспары мен аналитикалық талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz