Станса жұмысының технологиялық үрдісінің негізі
Презентация қосу
СТАНЦИЯ ЖҰМЫСЫН БІЛУ
Теміржол көлігінде пайдалану жұмыстарында мынадай
қағидалар қолданылады.
1.Пойыздарды қабылдау-жөнелту, өңдеу, қайта құрастыру
(техникалық және басқа стансаларда орындалады).
2. Пойыз және вагон ағындарын ұйымдастыру (тасымалдау
бөлімшесінен вагондардың баратын бағытына қарай пойыз
құрастыру және ұйымдастыру).
3. Диспетчерлік басқару (әр учаскеде пойыздар қозғалысын
пойыз диспетчерінің басқаруы, ұйымдастыруы).
4. Тәуліктік және ауысымдық жоспарлар (әр стансада
тасымалдау бөлімшесінен берілген тапсырма бойынша тәуліктік
және ауысымдық жоспар құру).
5. Бос вагондарды реттеу (жүк артуға қажет вагондар санын
реттеу, диаграмма құру).
6. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі және техникалық
қауіпсіздік (ТПЕ ережесіне сәйкес пойыздар қозғалысын
ұйымдастыру).
Станса қызметі
Теміржол желісі бөлім бекеттері мен аралықтарға бөлінеді. Бөлім
бекетіне мыналар жатады: стансалар, оздыру бекеттері, жол бекеттері
және автоблокировкадағы өтпелі бағдаршамдар. Станса дегеніміз –
пойыздарды қабылдауға, жөнелтуге, оздыруға, қиылыстыруға арналған
жолдары бар, сонымен қатар жүктерді қабылдауға, өткізуге, жолаушыға
қызмет жасауға арналған құрылыстары бар бөлім бекетін атайды.
Жұмыс істеу сипатына қарай стансалар мына түрлерге бөлінеді:
1. Учаскелік.
2. Сұрыптау.
3. Аралық.
4. Жолаушы.
5. Жүк.
Теміржол торабы дегеніміз – бірнеше бағыттардың түйіскен жерін,
стансалар, желілер жиынтығын атайды. Жұмыс істеу көлеміне
байланысты стансалар кластарға бөлінеді: кластан тыс, I, II, III, IV,
V.Класты анықтау үшін орындалған жұмыстарға балл беріледі. Балдар
жиынтығына байланысты: 85-балдан жоғары кластан тыс, 32-85 балға I-
класс, 14-32 балға II-класс, 4-14 балға III- класс, 0,7-4 балға IV-класс,
0,7-балға дейін V-класс беріледі.
Тасымалдау үрдісінде станса үлкен рөл атқарады. Онда жүк пен
жолаушыларға байланысты операциялар орындалады. Стансаның
үздіксіз жұмыс істеуі тасымалдау жоспарының орындалуын, вагон
айналымының тездетілуін, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді. Стансалар барлық техникалық құралдармен
жабдықталынады. Станса жұмысының ережесі министрлікте
бекітіледі. Стансаның жұмысына станса бастығы жауап береді. Бір
ауысымда станса жұмысын маневрлік диспетчер басқарады.
Манёвр диспетчері ауысымға жедел жоспар құрып, пойыздың
қабылдануын-жөнелтілуін, жіктелуін-құралуын және маневр
жұмыстарының орындалуын қадағалайды, бақылайды. Оған станса
кезекшісі, дөңес кезекшісі, парк кезекшісі бағынады. Станса
кезекшісі–пойыздың қабылдануын, өткізілуін, жөнелтілуін
басқарады. Сонымен қатар маневр қозғалыстарына бұйрық береді.
Станса кезекшісінің бұйрығын барлық жұмысшылар бұлжытпай
орындауы қажет. Стансада техникалық құрылыстарды дұрыс
пайдалану үшін ТӨА – техникалық өкім беру актісі жазылады. Акті
4 – бөлімнен тұрады.
1.Станса туралы жалпы мәлімет.
2.Пойыздарды қабылдау және жөнелту.
3.Манёвр жұмыстарын ұйымдастыру.
4.Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Актіде стансаның жалпы сипаттамасы, кіретін аралықтардың
мәліметтері, шекара туралы мәліметтер және кірме жолдар туралы
анықтамалар беріледі. Сонымен қатар актіге стансаның сызбасы
тіркеледі. Актіні станса бастығы ТПЕ ережесіне, сигналдар және
қозғалыс нұсқауларына сәйкес жазылуы керек. Оны қозғалыс
ревизоры тексереді. Сұрыптау, жолаушы, жүк және учаскелік
стансалардың ТӨА-сын қозғалыс қызметінің бастығы бекітеді.
Аралық стансаның актісін тасымалдау бөлімшесінің бастығы
бекітеді. Актінің ішінен – станса кезекшісіне, маневр
диспетчеріне, дөңес, парк кезекшілеріне, ТТБ жұмысшыларына
қажет материалдарын іледі.
Қос екі жақты сұрыптау стансасының сызбасы
Станса жұмысының технологиялық үрдісінің негізі
Технологиялық үрдіс дегеніміз – озық еңбек әдістерін
қолдана отырып, техникалық құралдарды тиімді
пайдаланып, пойыздар мен вагондарды өңдеу ережесін
жаңартып, станса жұмыстарын ұйымдастыратын жүйені
атайды. Технологиялық үрдісте – станса жұмысын жедел
жоспарлау, басқару және техникалық кеңсе мен мәлімет
орталығының жұмысын ұйымдастыру, пойыздар мен
манёвр жұмыстарының өңдеу технологиясы
қарастырылады.
Учаскелік стансасының сызбалары
Технологиялық үрдіс мыналарды қамтамасыз
етуі керек:
1. Стансаның техникалық құралдарын тиімді пайдалану.
2. Пойыздар мен вагондардың өңдеу уақытын қысқарту.
3. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау.
Технологиялық үрдісті құру мынадай негізгі ережелерге
бағынады:
4. Пойыздар мен вагондарды үздіксіз өңдеу.
5. Әрбір операцияның уақытын қысқарту.
6. Максимальді параллель операциялар жүргізу.
7. Әртүрлі мамандық жұмысшыларының іс - әрекетін үйлестіре
білу.
8. Станса жұмысын диспетчердің басқаруы.
Стансаға келетін жүк вагондары мынадай түрлерге бөлінеді:
9. Өтпелі өңделмейтін.
10.Өтпелі өңделетін.
11.Жергілікті вагондар.
Өтпелі өңделмейтін вагондармен құрамадан үзілмей, тек локомотив немесе
локомотив бригадалары ауыстыру, коммерциялық, техникалық ақаулықтарға
тексеру жүргізіледі. Өтпелі өңделетін вагондармен стансада тарату және
қайтадан жаңа құрастыру орындалады. Жергілікті вагондармен стансада
мынадай операциялар орындалады: арту-түсіру, сұрыптау және қайта арту.
Стансаға келетін пойыздар, орындалатын операцияға байланысты
мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өтпелі өңделмейтін.
2. Өтпелі жартылай өңделетін.
3. Өтпелі өңделетін.
Технологиялық үрдіс аралық стансадан басқа барлық стансаға жазылады. Оны
жазу үшін станса жұмысына талдау жасау қажет. Қорытындысы вагондарды
өңдеуді тездету шараларын анықтау. Оған үздік әдістерді қолданады. Типтік
сұрыптау стансаның технологиялық үрдісі мынадай бөлімдерден тұрады:
4. Стансаның техникалық және пайдалану сипаттамасы.
5. Жедел басқару және жоспарлау.
6. Диспетчерлік басқару.
7. Пойызды құрастыру және тарату технологиясы.
8. Өтпелі пойыздарды өңдеу технологиясы.
9. Жергілікті вагондармен жұмысты ұйымдастыру.
10. Қысқы мерзімге стансаның даярлығы.
Тасымалдау бөлімшесінің бастығы технологиялық үрдісті бекітеді.
Манёврлік жұмыстар
Теміржол көлігінде жылжымалы құраманың қозғалысы екі түрге бөлінеді:
1.Пойыздық қозғалыс.
2.Манёврлік қозғалыс.
Пойыздық қозғалыс дегеніміз – жылжымалы құраманың бөлім бекеттері
арасындағы қозғалысын атайды.
Манёврлік қозғалыс дегеніміз – жылжымалы құрамамен, топ немесе жеке
вагондармен, сонымен қатар жеке локомотивтің станса жолдарында әртүрлі өңдеу
жұмысын орындауға жасайтын маневр локомотивінің қозғалысын атайды.
Манёврлік жұмыстарын манёвр локомотивімен орындайды. Манёвр жұмысына –
пойыз құрастырушы және манёвр локомотивінің машинисті қатысады. Манёвр
жұмысын тек бір ғана адам басқарады. Техникалық өкім актісіне сәйкес станса
кезекшісі, манёвр диспетчері, парк кезекшісі манёвр жұмыстарына бұйрық береді.
Манёвр жұмыстарының түрлері:
1.Тарату манёврі.
2.Құрастыру манёврі.
3.Тарату-құрастыру манёврі.
4. Ауыстырып қою манёврі.
5.Жеке немесе топ вагондарды үзіп алу немесе жалғау.
6.Вагондарды апарып беру немесе алып шығу.
7.Тартым жолға тартып шығару.
8.Өзге.
Стансада манёврлік жұмыстар – сұрыптау дөңесінде, тартым жолда, станса
жолдарында орындалады. Манёврлік жұмыс мынадай әдістермен орындалады:
1.Соққы.
2.Апарып беру.
Соққы мынадай түрлерге бөлінеді:
1.Жеке соққы.
2.Сериялы соққы.
3.Көп топты соққы.
Маневрлік жұмыс
сызбалары
Манёвр теориясы
Манёврлік жұмыс көптеген манёвр локомотивінің
қозғалысынан тұрады. Бір жолдан келесі жолға бағытын
өзгертіп қозғалыс жасаса – манёвр рейсі деп атайды.
Әрбір рейс екі жарты рейстен тұрады. Жарты рейстің
ұзындығы және ұзақтығы станса жолының орналасуына,
құрамадағы вагон санына және манёвр әдісіне
байланысты болады.Манёврлік жұмыс кезінде
құраманың жылдамдығы айнымалы болады. Жеке
апарып беру манёврінде - жылдамдық күшейеді,
бірқалыпты жүреді, одан кейін жылдамдық төмендейді.
Соққы манёврінде – жылдамдық жоғарылайды, одан
кейін төмендейді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz