Лидерлік теориясы


Slide 1

СӨЖ

Тақырып: Лидерлік теориясы. Лидерлік және көшбасшы

Орындаған:Бидақын Н

Тобы:201-СД

Тексерген:Базарбек Ж. Б

Семей 2016жыл

Семей мемлекеттік медицина университеті

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Лидерлік ұғымы

Лидерлктің түрлері

Лидерлік функциясы

Көшбасшылыұ

Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Саяси лидерлік жеке тұлғаның, саяси топтың бұқарамен өзара әрекетте болуымен байланысты ерекше функция. Лидерлік тұлғаны, саяси топтар осы мәртебеге лайық деп таныса ғана мүмкін болады. Ал лидер танылуы үшін лидерге тән қасиеттерді иеленіп, оларды көрсете алуы тиіс. Олардың ішіндегі ең бастысы - бұқараның барлық құрамдас бөліктерінің әрекеттерін біріктіру мақсатында оған ықпал ете алу қабілеттілігі болып табылады. Сондай-ақ, егер лидер саясатты жобалап, жүзеге асырса да саяси лидерлік болуы мүмкін. Ол мақсаттарды жобалауды және оны адамдардың тіршілік әрекетінің негізіне айналдыруды қамтамасыз етуі керек. Сондықтан кез келген әлеуметтік лидердің саясаткер болуы шарт. Саясат - лидер қызметінің мәнді аспектісі. Макс Вебер лидерліктің келесідегідей түрлерін бөліп көрсетеді:

Slide 4

І. Дәстүрлі лидерлік. Әлеуметтік топтың тұлғаны лидер деп тануы қалыптасқан дәстүрдің негізінде өтеді. Негізгі өлшемдері:

а) тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, оның шыққан тегі, осы тұлғаны қалыптастырған кіші әлеуметтік ортаның беделділігі;

ә) өмірлік тәжірибесі мен лидерлік функцияны атқаруға ынтасының болуы:

б) әлеуметтік топтың тұлғаның лидерлік функцияларды атқару үшін қажетті қасиеттерін тануы, қолдауы және бағынуы.

Slide 5

ІІ. Харизматикалық лидерлік. Елден ерек, айрықша жеке қасиеттерінің арқасында тұлғаның ерекше құндылығын әлеуметтік топтың тануы. Харизманың қалыптасуы тұлғаның өмірі мен қызметін белгілі бір тұрғыда мифологияландырумен байланысты. Харизматикалық лидерлер адамдардың қалың бұқарасын тартатын ірі, түпкілікті қайта өзгерістердің қажеттілігі туындайтын әлеуметтік дағдарыстар кезеңінде пайда болады. Дін Адам-Құдай мәртебесін берген Иса пайғамбардың (егер осы тұлға шынымен өмір сүрген болса), Мұхаммед пайғамбардың харизматикалық лидерлер екендігі даусыз. Харизматикалық лидерлер қатарына Махатма Ганди, В. И. Ленин және басқа да саяси қайраткерлерді жатқызуға болады.

Slide 6

Харизматикалық лидерлердің ойлары мен сезімдері, қызметтері - ірі әлеуметтік қозғалыстардың белгісі болып саналатындықтан, де олардың ықпалы өлгеннен кейін ұзақ уақыт бойы сақталынады. Бірақ шынайы өмірде бұқараның әлеуметтік үміті ақталмайды, сондықтан уақыт өте келе харизматикалық лидер өз ықпалын жоғалта бастайды.

Slide 7

ІІІ. Ресми-бюрократиялық лидерлік. Ол бюрократиялық жүйеде болады және лауазымдық лидерлік болып табылады. Бюрократиялық жүйе қатаң иерархияланғандықтан, лидерлік функция осы жүйедегі жоғарғы эшелонның өкіліне беріледі. Мұндай лидерлік тұлғаның жүйе құндылықтарын берік ұстанушылығын, жүйедегі мінсіз жүріс-тұрысын, басқару тәжірибесін, жеке қасиеттерін, жүйе ішіндегі байланыстары мен қолдауын ескере отырып ішкі сұрыптау негізінде қалыптасады. Мұнда тұлғаның көрнектілігі мен таланты басты емес, функционалдық міндеттерді қатаң орындау, тәртіптілік, аппараттық жұмыс мәдениетін игеруі мейлінше құнды болып табылады.

Slide 8

Лидерлерді өздерінің лидерлік функцияларын жүзеге асыру тәсілдері бойынша авторитарлық және демократиялық деп бөлуге болады.

Авторитарлық лидер өз қызметінде қысым көрсету, мәжбүрлеу, бағындыру әдістеріне басымдық беріп, бағынушысының жақсы атқарушы болуын талап етеді. Демократиялық лидер бағыныштыларына еркіндік пен жауапкершіліктің белгілі бір дәрежесін бере отырып, олардың дербестігін, бастамасын қолдауға ұмтылады.

Slide 9

Алайда, лидерлік функцияның типінен, оны жүзеге асыру тәсілінен тәуелсіз лидерлік:

а) ортақ мақсатқа жету жолында топ мүшелерін біріктіруді;

ә) осы топқа кіретін адамдар арасындағы өзара қатынастарды реттеуді;

б) топтық құндылықтардың қалыптасуы мен олардың жүйеленуіне ықпалын тигізуді қамтамасыз етуге міндетті.

Slide 10

Саяси лидерлік - саясат сферасында жүзеге асатын әлеуметтік лидерліктің бір формасы. Саяси лидерлік тұлғадан кәсіби қызмет үшін қажетті қасиеттердің бар болуын талап етеді. Бұл қасиеттер әртүрлі болып келеді. Оларды жалпы түрде былай топтауға болады:

Slide 11

Салмақты саяси шешімдер қабылдауға қажетті дағдылардың, іскерлік пен білімнің болуы. Бұл үшін адамдардың мүдделерін білуі, оларды біріктіре әрі саясат сферасына икемдей алуы керек.


Ұқсас жұмыстар
Саяси лидерлік
Саяси жетекшілік
Лидерлік басқару стилі мен менеджер имиджі
Лидерлік және басқару стильі
БАСҚАРУ ҚЫЗЫМЕТ СТИЛІ ТҮСІНІГІ, МАЗМҰНЫ, ТҮРЛЕРІ
Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар
Лидерлік басқару стилі
Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжі
Менеджмент эволюциясы
Оқытудағы басқару мен көшбасшылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz