Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу


Slide 1

Тақырып:

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу

Slide 2

Жоспар:

Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығының негізі мен шектері

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың түсінігі және белгілері

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу

Қылмыстық құқық бұзушылыққа жанасушылық

Slide 3

Нормативтік материал:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

2001 жылғы 21 маусымдағы нормативтік қаулысы

«Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы»

Slide 4

Заңнамалық анықтама

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу - екi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бiрлесiп қатысуы (ҚР ҚК 27-бабы) .

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың ОБЪЕКТИВТІК белгілері:

сандық белгі - қылмыстық құқық бұзушылыққа ақыл-есі дұрыс, қылмыстық жауаптылық жасына толған екі немесе одан да көп адамның қатысуы.

сапалық белгі - қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың әрекеттерінің бірлесіп жасалуы.

Slide 8 Slide 9

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың түсінігі және белгілері

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың САПАЛЫҚ белгісінің мазмұны:

қатысушылардың әрекеті бірін-бірі толықтырып отырады және ортақ нәтижеге жетудің қажетті шарты болып табылады;

туындаған қылмысты нәтиже барлық қатысушыларға ортақ болады;

әрбір қатысушының әрекеті мен ортақ қылмысты нәтиже арасында себептілік байланыстың болуы

Slide 10 Slide 11

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың СУБЪЕКТИВТІК белгісі:

Қатысушылардың қасақана кінәсінің ортақ болуы - адам өз әрекетінің қоғамдық қауіптілігін, оның өзге адамның қоғамдық қауіпті әрекеттерімен бірлікте жасалып жатқанын ұғынады, ортақ қылмысты нәтиже туындайтынын болжайды, бірлесуді және осы нәтиженің туындауын қалайды немесе саналы түрде жол береді.

Slide 12

Қатысу нысандары ҚР ҚК-нің Ерекше

бөлімінде саралаушы белгі ретінде ескеріледі

ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінде түрлі

қылмыстық топтар құрғаны үшін жауаптылық

орнататын арнайы нормалар көзделеді

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы

қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу мәселелерін

құқықтық реттеу жолдары:

Қатысудың жалпы мәселелері

ҚР ҚК-нің Жалпы бөлімімен реттеледі

Slide 13

Қатысушылардың түрлері (ҚР ҚК 28-бабы)

Жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың ТҮРЛЕРІ:

Орындаушы

Ұйымдастырушы

Айдап салушы

Көмектесуші

Slide 14

Орындаушы:

Қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей орындаған адам

Қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға басқа адамдармен бiрге тiкелей қатысқан адам (қоса орындаушы)

Қылмыстық құқық бұзушылықты басқа адамдарды (есі дұрыс емес, қылмыстық жауаптылық жасына толмаған, абайсызда әрекет еткен) пайдалану арқылы жасаған адам

Slide 15

Ұйымдастырушы:

Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған адам

Қылмыстық құқық бұзушылықтың орындалуына басшылық жасаған адам

Қылмыстық топты құрған адам;

Қылмыстық топқа басшылық жасаған адам

Slide 16

Айдап салушы:

Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндiрген адам.

Slide 17

Көмектесуші:

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КӨМЕКТЕСУШІ - кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат берумен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен, сондай-ақ қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың iзiн не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды алуға немесе өткізуге күнi бұрын уәде берген адам

ӘРЕКЕТПЕН КӨМЕКТЕСУШI - қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам

Slide 18

Қатысу нысандары (қатысушылар арасындағы өзара әрекеттестіктің сипаты мен тәсіліне қарай) :

Slide 19

Қылмыстық топтың түрлері:

Түрлері

Түршелері

1

Ұйымдасқан топ

2

Трансұлттық ұйымдасқан топ

3

Террористік топ

4

Экстремистік топ

5

Банда

6

Заңсыз әскерилендірілген құрама

7

Қылмыстық ұйым

8

Трансұлттық қылмыстық ұйым

9

Қылмыстық қоғамдастық

10

Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық

Slide 20

ҰЙЫМДАСҚАН ТОП - бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсатында алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамдардың тұрақты тобы (ҚР ҚК 3-баб. 36-тарм. ) .

Қылмыстық топтың түрлері:

Slide 21

Ұйымдасқан топтың белгілері:

Slide 22

ТРАНСҰЛТТЫҚ ҰЙЫМДАСҚАН ТОП - екі немесе одан да көп мемлекеттің не бір мемлекеттің аумағында іс-әрекет жасауды ұйымдастыру немесе оның орындалуын басқа мемлекеттің аумағынан басқару кезінде, сол сияқты басқа мемлекеттің азаматтары қатысқан кезде бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ (ҚР ҚК 3-баб. 35-тарм. ) .

Қылмыстық топтың түрлері:

Slide 23

Трансұлттық ұйымдасқан топтың белгілері:

Slide 24

БАНДА - қаруды не қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып немесе қолдану қатерін төндіріп азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ (ҚР ҚК 3-баб. 7-тарм. )

Қылмыстық топтың түрлері:

Slide 25

ЗАҢСЫЗ ӘСКЕРИЛЕНДІРІЛГЕН ҚҰРАМА - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген, әскерилендірілген типтегі ұйымдық құрылымы бар, жеке-дара басшылыққа ие, соғысқа қабілетті, қатаң тәртіпке бағынған құралым (бірлестік, жасақ, дружина немесе үш және одан да көп адамнан тұратын өзге де топ) (ҚР ҚК 3-баб. 18-тарм. )

Қылмыстық топтың түрлері:

Slide 26

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҰЙЫМ - қатысушылары ұйымдық, функционалдық және (немесе) аумақтық оқшауланған топтарға (құрылымдық бөлімшелерге) бөлінген ұйымдасқан топ (ҚР ҚК 3-баб. 25-тарм. ) .

Қылмыстық топтың түрлері:

Slide 27

ТРАНСҰЛТТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҰЙЫМ - екі немесе одан да көп мемлекеттің не бір мемлекеттің аумағында іс-әрекет жасауды ұйымдастыру немесе оның орындалуын басқа мемлекеттің аумағынан басқару кезінде, сол сияқты басқа мемлекеттің азаматтары қатысқан кезде бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсатын көздейтін қылмыстық ұйым.

Қылмыстық топтың түрлері:

Slide 28

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ - бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты бірлесіп жасау үшін сөз байласқан екі немесе одан да көп қылмыстық ұйымның бірігуі, сол сияқты осы қылмыстық ұйымдардың кез келгенінің бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты өз бетінше жасауына жағдайлар жасау (ҚР ҚК 1-баб. 23-тарм. ) .

Slide 29

Қылмыстық топтың түрлері:

Slide 30

ТРАНСҰЛТТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ - екі немесе одан да көп трансұлттық қылмыстық ұйымдардың бірлестігі (ҚР ҚК 3-баб. 33-тарм. )

Қылмыстық топтың түрлері:

Slide 31

Қылмыстық топтың түрлері:

Slide 32

Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың жауаптылығының шектері қатысушылардың әрқайсысының қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қатысуының сипаты және дәрежесiмен айқындалады (ҚР ҚК 29-бабы) .


Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас қатысудың белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың ОБЪЕКТИВТІК белгілері
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарихы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлық әрекет үшін құқықтық жауапкершілік
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері
Жаза тағайындау
Қылмысты саралау процесі
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz