Балалық шақ кезіндегі аутизм




Презентация қосу
«Балалық шақ кезіндегі аутизм».

Орындаған : Раимбекова Лаура
пмно 211уск
Жоспар:

1 Эмоционалды-ерік сферасы
зақымдалған балаларға жалпы сипаттама

2 Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған
балалардың танымдық ерекшеліктері

Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған
балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
• Қазіргі заманда бүкіл әлемде аутистік бүзылыстары бар балалардың саны өсуде.
Бұдан 10-20 жыл бұрын бала аутизмның 10000 баланың 3 пайызында байқалса,
қазір оның саны 20 пайызға дейін көбейді.
• Қазақстанда да аутизммен ауыратын балалар жиі кездеседі. 2002 жылғы
мәліметтер бойынша олардың саны 93 болса, 2009 жылы ол 326 -ға жетті.
• Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың
статистикалық мәліметтері бойынша Каннер синдромы бар балаларды
жынысына қарай бөлгенде, ұл балалар қыз балаларға қарағанда 3-4 есе көп.
• Аутизмі бар балалар санының өсуі оларға түзету көмегінің дұрыс және дер кезінде
көрсетілуінің қажеттілігін білдіреді. Яғни олардың жанүясының қажеттілігіне,
талабына деген қоғам мен әр түрлі қоғамдық орындар жағынан түсінушілікті
қажет етеді.Қоғам жағынан осындай түсінушілікті қамтамасыз ету үшін аутист
балаларды оқыту мен әлеуметтік дамыту саласында ағарту жұмысын жүргізу
және оның құзіреттілігін арттыру өте маңызды. Бірақ Қазақстан
аймақтарындағы әлеуметтік-қоғамдық институттар аутист балаларға сапалы
көмек көрсете алмайды.
• Педагогтардың аутист балалармен жұмыс жүргізулерінің мамадандырылған
біліктіліктері болмағандықтан, олар аутист балаларда арнайы білім беру
ұйымдарында оқытудан бас тартады. Көптеген аутист балалар үйде
оқытылылады, ал бұл оларды құрдастарынан және әдеттегі қалыпты өмірден
оқшаулайды.
Аутизмнің
анықтамасы

• 1943 жылы доктор Л.Каннер алғаш
рет бала аутизмін психикалық
дамудың жеке бұзылысы ретінде
ерекшеленеді. Ол бала дамуындағы
ауытқушылықтың ерекше түрін
сипаттап, оны ерте жастағы бала
аутизмі деп аталды. Қазір
оны Каннер синдромы деп те
атайДЫ.
• Л.Каннер бұл бұзылыстар ерте
жастан екі жарым жасқа дейін
байқалады деп есептеді, бұл
кейіннен аутизмнің балалардың
психикалық дамуының туа біткен
және ерекше бұзылыстары деп
айтуға мүмкіндік туғызды.
• Бала аутизмі – бұл сан қырлы бұзылыстарға жататын, психологиялық дамудың
өзіндік бұзылысы. Аутизмдегі әр түрлі ауытқушылықтардың арасынан бала аутизмі
синдромының негізгі және міндетті үш белгісін ерекшелейді:
• Қарым-қатынастың сапалы бұзылыстары;
• Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің сапалы бұзылуы;
• Тәртіптің стереотиптік түрлері.

• Сәби жастағы немесе ерте жастағы
бұзылыстарда биологиялық шығу тегіне
және психикалық бұзылыстарға тән
ремиссиясыз және асқынусыз тұрақты
ағымы көрсетіледі.
• Бала аутизмі психиканың барлық
жақтарындағы: танымдық және эмоциялық
аймақтағы, сенсорлық және моторлық
дамудағы, сондай-ақ жоғары психикалық
қызметтердің, еркін тәртіптің, сананың және
тұлғалық қалыптасуындағы бұзылыстарда
байқалады дизонтогенезді білдіреді.
• Балалардағы аутизм бұрмаланған
(асинхрондық) даму ретінде сипатталады,
бұнда психикалық дамудың жеке
жақтарының бірі уақытында, екіншісі алға
кетіп, ал үшіншісі дөрекі тежеліспен даму
мумкін , сонымен бірге олардың дамуы
қалыптыларға да, тежелген онтогенезге де
дәл келмейді.
Аутизмнің этиологиясы(туындаудың себептері) мен
патогенезі.
Бала аутизмін қазіргі кезде зерттеу бала аутизмінің
туындауының көптеген себептері мен оның әр түрлі
патологиялыр аяасында пайда болу дәлелдейді. Аутистік
бұзылыстар әр түрлі туындаудың себептерінен болуы
мүмкін
1. Эндогендік-тұқым қуалаушылық.
2. Хромосомдық абберрация және зат алмасудың туа
біткен аурулары.
3. Экзогенді- органикалық этиологиясы орталық жүйке
жүйесінің органикалық зақымдалуы.
О.С.Никольскаяның бала аутизмін негізгі
топтарға жіктейтін психологиялық
классификациясы.

1-топ. Сыртқы дүниемен қатынастан толық бас тарту
Бұл топ балаларында жайсыздық пен белсенділіктің бұзылуы ерте жастан
байқалады, бала кейіннен бұдан өзі үшін ең тиімді қорғаныс тәсілінің
көмегімен өтеді(сыртқы дүниемен қатынастан толық бас тарту). Мұндай
балалар өз есімін айтқанда бұрылмайды, басқалардың өтінішіне жауап
бермейді, сонымен бірге өздері де ештеңе сұрамайды. Оларда, ереже
бойынша мақсатты түрде бағытталған тәртіп қалыптаспайды, керісінше
алаңдық бір объектіден екінші объектіге ауысуы, заттарға қол тигізу,
оларды қолдарында ұстау, бір затқа өрмелеу, шеңбер бойымен жүгіру,
объектілерді ұзақ уақыт енжар бақылау байқалады. Балаларда сөйлеу тілі
болмайды, алайда олардың кейбіреулері кейде коммуникативті
бағытталмаған жеке сөздерді немесе тіптен сөз тіркестерін де айтулары
мүмкін. Балалар қоршаған ортамен қатынас үшін сөйлеу тілін,
мимикамен ишаратты пайдаланбайды, жақын адамдарына деген бауыр
басушылықты білдірмейді. Қоршағандарға енжарлық білдіре отырып,
олар тактильді қатынасқа қарсылық білдірмейді, ол өзін тамақтандыруға,
киіндіруге және басқа да іс–әрекеттерге енжар қатысады. Бұл аутизмнің
ең терең түрі.
2-топ. Бұл топтың балалары ортамен қатынаста белсенділеу, тез
ренжімейді, қоршаған ортамен таңдап қатынасқа түсе алады, бірақ оларға
қоршаған әлемді тануға деген ұмтылыс пен қызығушылыққа қарағанда оны
қабылдамау тән болады.Балалар қорғаныс тәсілі ретінде жайсыздық пен
қорқыныш тудыратындардың бәрінен белсенді түрде бас тартуды
пайдаланады. Сондықтан қоршаған ортамен қатынас баланың бекіткен және
бұлжытпай орындайтын тәртібі бойынша ғана жүреді. Мұндай балалар үшін
қалыптасқан өмірлік стереотиптерді, белгілі бір әдеттерді қатал сақтау өте
маңызды.Олар таныс еместердің барлығын жаратпайды. Ұнату оларда өте
тар және қатал қалыптасады, баланың тәртібін қалыптасқан әдеттің аясынан
шығаруға ұмтылу, балада қарама-қарсылық реакциясын тудырады(айқайлау,
жылау, агрессия). Бұл топ балаларда қолдарын сермеу, қол бастарын
айналдыру, секіру, таяқшаларды және жіптерді сілкілеу сияқты қимыл-
қозғалыс стереотиптері байқалады. Олар өзінің қажеттілігін білдіру үшін
сөйлеу тілін пайдалана алады, бірақ олардың сөйлеу тілінің дамуы
ерекше. Бұл топ балалары анасынан бир минут та ажырамайды себебі қатты
қорқыныштарға беріліп кетеді.
3-топ: Балалар қатынасқа оның ішінде сөйлеу тілдік қатынасқа түсе
және оны қолдай алады, бірақ оны орнату айрықша жан-жалдықпен
ерекшеленеді. Олар қырсық, қыңыр болып, басқалардың пікірлерін
есепке алмай, сөйлесіп тұрған адамның сөзіне және одан алған әсеріне
мән бермей барлық жерде өздерінің айтқандарын істеткілері келеді.Олар
үшін басқа адамдардың сезімін түсіну олардың басқалардың ісіне жауап
беру,жол беріп, жаны ашу қиындық туғызады.
Бұл балалардың жоғарыдағы топтармен салыстырғандағы психикалық
белсенділігінің жоғары болғандарына қарамастан, оларда басқа аутистер
сияқты өте сезімтал, тез ренжігіш болып келеді.Олар жайсыздық пен
қорқынышты жеңу үшін аутистік қызығушылықтары басым болып
келетін
психологиялық қорғаныш тәсілін пайдаланады. Балалар қандай да бір
интеллектуалды түрдегі сабақтармен және қызығушылықтармен айлап
айналысуы мүмкін.
Бұл топ балалары іс-әрекеттерін жоспарға сәйкес қатал дәйектілікпен
орындауға тырысады; егер оны іс жүзіне асыру бұрмаланса, онда ол
тәртіптің бұзылуына : қырсықтыққа, агрессияға , керісінше істеуге
ұмтылуға әкеліп соқтырады.
4 топ.Бұл балалардағы аутизм қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікті
ұйымдастырудағы қиындық ретінде жеңіл түрде байқалады. Бұл балалар
жоғары сезімталдығы мен және тез ренжігіштігімен,сын мен қолдамауды
жаратпайтындығымен ерекшеленеді. Олар жақындарына бауыр
басқан,олардан үнемі көңіл мен эмоциялық қолдауды талап етеді. Бұл топ
балалары жасық, ұялшақ және қорқақ балалар сияқты әсер қалдырады.
Оларда басқа адамдардың сезімдерін, тәртібін және олармен белсенді және
икемді әрекеттес болу ұғымы, түсіну мүмкіндігі төмендеген; олар
қарапайым әлеуметтік жағдайларда естері шығып кетуі мүмкін. Бұл топ
балалары үшін тәртіп пен қызметтің стереотиптік формаларына ұмтылу
тән. Әдеттегі стереотиптің сәл болса да өзгерген кезінде оларда бірден
қорқыныш пен ыңғайсыздықтың жоғарлауы байқалады. Қимыл-
қозғалыстыңтежелулігі мен сенімсіздігі тән. Оларда жиі жағдайда
психикалық және сөйлеу тіл дамуының тежелуі байқалады. Сөйлеу тілі
байланысқан, бірақ кедей, көмескі.
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ
пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған
мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек
көрсеткен, бірақ ол кезде, нақты оқыту мен түзеудің әдістемелік, ғылыми негіздемесі болмаған.
Ресей ғалымдарыың мәліметтері бойынша уақытымен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда
аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалары бойынша, 30 пайызы арнайы білім
беру бағдарлама бойынша оқуға қабілетті, ал 10 пайызы отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері
бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға
бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы шамалы бейімделеді, тек 2-3 пайызы әлеуметтік бейімделудің
жеткілікті деңгейіне жетеді.
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ
пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған
мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек
көрсетуді бастаған, бірақ ол кезде нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық, ғылыми негіздемесі
болмаған.
Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі
кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту (мінез-құлықтық емдеу).
Бұл түзету әдісі АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізі қажетті қылықты,
әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы қамтамсыз ету, әлеуметтік-тұрмыстық
бейімделу, сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе еңбек ету дағдыларына үйрету. Бұл әдіс бойынша
оқытылған балалардың 50-60 пайызы жалпы мектеп бағдарламасын меңгере алады, кейін орта,
жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады.
Операнттық оқыту әдістен басқа шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама (Э.Шоплер,Р.Райхлебер),
холдинг терапия (М.Уелш) күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу
(К.Китахара) т.б тәжірибеде жиі пайдаланады.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Балалардағы аутизм
Аутизмнің шығу тарихы
Аутизм диагностикасы
Ерте балалар аутизмі синдромы бар балалар психологиясы
Олигофрения ауруы және емі
ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Адам өміріндегі ерте балалалық шақ және мектепке дейінгі кезеңнің ролі
Адам дамуының ерекшеліктері
Жүйке жүйесі ағзаларының жасқа байланысты морфологиясы
Аутизмді емдеудегі дельфинотерапия
Пәндер