РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ
КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АББОС ДАВРАНОВ
Мазмұны
◦ Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық жағдайы. Жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға көшу.
◦ 2 Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттары.
Индустриалдық- инновациялық дамудың мемлекеттік
бағдарламасы.
◦ 3 «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық
саясаты. Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Морозов А.А. Казахстан за Сыдыков Е.Б. Новейшая
годы независимости. Алматы: история индустриализации
КИСИ при Президенте РК, 2005. Казахстана / под общей ред. д.и.н.
Мухамеджанов Б.Г., Жусупова Сыдыкова Е.Б. – Астана, Институт
А.А. Казахстан в оценках жителей Евразийской Интеграции, 2015. –
и экспертов. Алматы, 2011. 398с.
Тәуелсіздік қарсаңында..
◦Тәуелсiздiк алғаннан
кейiн (1991) Қазақстанда
экономиканы
реформалаудың бiрнеше
тәсiлi қолданылды.
Мемлекеттік
экономикалық саясаттың
базалық бағыттары
мыналар болды:
◦1) социалистік экономикадан кейiнгi
қайта құру;

◦2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;

◦3) макроэкономикалық тұрақтандыру;

◦4) дүниежүзілік
экономикалық дағдарысты еңсеру;

◦5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
◦ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
◦ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға
көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны
ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып
жекешелендіруге кірісті.
◦ Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш
кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші
кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде
жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында
мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең —
1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты
көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да
құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен
айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар:
Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер,
Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық
экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар,
коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар
мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі
корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар
өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін
өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.
Дағдарыстан шығу...
◦ мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның
ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді.
Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын
өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін
жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр
кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пай­да алғысы келді. Сөйтіп баға
шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен
төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған
іс — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа
нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру
тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік
иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан
да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді.
◦ 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз
ақшасы—теңге енгізілді. Сөйтіп, біз
экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды
нышаны — үлттық валютамыз теңгеге ие
болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ
гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995
жылы инфляция процесін ауыздықтауға
мүмкіндік берді. Реформаның барысында
1994 жылдың күзінен үкімет
макроэкономикалық реттеуді меңгере
бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп,
инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде
төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің
несиеге алатын пайызы да қауырт азайды.
Ақша- қаражат саласында да осындай
түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей
салаларында да оңға басушылық орын
алды.
«Нұрлы жол» ◦Бұл құжатта, бұдан бұрынғы қол
жеткізілген нәтижелер сараланып, енді
осыдан соң тың міндеттерге бағыт
беріліп, соны жүзеге асыруға бар күш-
жігер жұмылдырылмақ. Ұлттық қордан
2015, 2016, 2017 жылдарға, әр жыл
сайын үш миллиард доллардан қаржы
құйылуы соның берік кепілдігі іспеттес.
Сондықтан да бұл жолдау қазіргі
кезеңнің өзінде де өзектілігін жоймаған,
маңызы айырықша, ел өміріне тың
серпіліс әкеледі деп сенім артқан құжат.
◦ Бұл жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы
халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған.
◦ Бірінші. Көліктік-логистикалық инфра­құрылымдарды дамыту.

◦ Екінші. Индустриялық инфра­құры­­лымдарды дамыту.

◦ Үшінші. Энергетикалық инфра­құры­лымдарды дамыту.

◦ Төртінші. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз
ету желілері инфрақұ­рылымдарын жаңғырту.

◦ Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.

◦ Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылым­дарды дамыту.

◦ Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша
жұмысты жалғастыру.
Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен
түспейтінін айтты.
Қорытындылай келе....
◦Қорыта айтқанда, Елбасының дәстүрлі Жолдауы еліміздің
болашақтағы даму жоспарына арналды. Бүгінде еліміздің
әлем мойындайтындай жетістіктері көп. Мақсатымыз -
әлемдік дағдарыстың әрбір сәтіне ерекше
дайындығымызды пысықтап, ел экономикасын дамыту
мен халықтың тұрмысын жақсартып, табысы жоғары ел
қатарына қосылу үшін аянбай еңбек ету. Жолдаудың да
негізгі мәні осы.
◦Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Салық және салық салу курсы
Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде
Жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау
Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары
Мәдениет тілі
ЕС
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу
Педагогика ғылымындағы әдіснамалық амал тұғырларының плюрализмі
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Бюджеттік бағдарламаларды келісуді жеңілдету
Пәндер