Айырша без
Презентация қосу
Қарағанды Медицина Университеті
Морфология және Физиология кафедрасы
СӨЖ
ЭНДОКРИНДІК БЕЗДЕР
GLANDULAE ENDOCRINAE
Топ: 1-007 Жм
Орындаған: Базарбаева З.А.
Тексерген: Карибжанова Р.Т.
Қарағанды 2021 ж.
ЖОСПАРЫ:
1.Эндокриндік жүйе
2.Бранхиогендік топ
3.Неврогендік топ
4.Адреналды жүйе тобы
5.Мезодермалық бездер
6.Ішек түтігінің энтодермалық бездері
7.Пайдаланылған әдебиеттер
ЭНДОКРИНДІК БЕЗДЕР
GLANDULAE ENDOCRINAE
Эндокринді бездер (glandulae endocrinae) спецификалық арнайы белсенді зат –
гормон бөліп, организмнің регуляция қызметіне қатысатын ағзалар.
ЕРЕКШЕЛІГІ: эндокриндік бездерде сыртқы өтістер болмайды, түзілген гормондар
тікелей қанға немесе лимфаға түседі. Сол себептен эндокриндік бездерде қан тамыр
торлары өте жақсы дамыған.
ҚЫЗМЕТІ: Эндокринді бездер көбею, өсу, зат алмасу физиологиялық үдерістерінің
гормондық қызметін реттейді.
Эндокринді бездер қызметінің реттелісінде гипоталамус маңызды рөл атқарады,
себебі ол жүйке жүйкесімен және де эндокриндік жүйемен өзара тығыз байланысқан.
Гипоталамус пен гипофиздің алдыңғы бөлігі арасындағы байланыс гипофиздің
порталды тамырлары арқылы іске асады, олар арқылы оған нейрогормондар да
келеді.
Эндокринді бездердің жіктелуі
1.Бранхиогенді бездер – желбезекті
аппараттың дамуымен байланысты. Оларға
қалқанша без, қалқанша маңы бездері жатады.
2.Энтодермалды бездер – ұйқы бездің
эндокринді бөлігі.
3.Неврогенді бездер – мидың дамуымен
байланысты.
4.Неврогенді бездер – автономды жүйке
жүйесінің симпатикалық бөлігінің дамуымен
байланысты, олар бүйрек үсті бездің милы
заты, хромафинді денешіктер жатады.
5.Мезодермалды бездер – дененің екінші
қуысының бүтін эпителий тінінен дамиды,
оған бүйрек үсті бездің қыртысты затыжәне
жыныс бездері жатады.
Бранхиогендік топ
Қалқанша без (glandula thyroidea)
Құрылысы: ішкі секреция бездерінің ең ірісі, қабырғалары безді эпителийден құралған. Без салмағы 30-
60г құрайды. Бездің оң және сол үлестері (lobus dexter et sinister) және қылтасы (isthmus glandulae
thyroidea) ажыратылады. Безде паренхиманы трабекулдармен байланыстырушы фиброзды капсула
болады. Фиброзды қабықшаның сыртында висцералық мойын ішілік шандырлар орналасқан. Фиброзды
капсула мен висцералық мойын ішілік шандыр арасында қоймалжың шелмай орналасады, ол арқылы
безге қан тамырлар мен жүйкелер өтеді.
Скелетопиясы: Мойынның алдыңғы аймағында, көмей мен кеңірдектің жоғарғы бөлімдерінің
аралығында орналасқан.
Синтопиясы: Қалқанша бездің артқы бөлігі жұтқыншаққа, кеңірдекке, өңешке жабысқан және жалпы
ұйқы артериясының алдыңғы айналымымен жанасады. Бездің жоғарғы шекарасы қалқанша шеміршектің
ортасына дейін барады. Қалқанша бездің оң және сол жақ үлестерін бір-бірімен жалғастырушы қылтасы,
кеңірдектің II және III жартылай сақиналы шеміршегінің маңында орналасқан.
Қызметі: тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады; ағзаның өсуі мен дамуына
әсер етеді; жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.
Қалқанша без (glandula thyroidea)
Нервтенуі. Кезбе нерв (Х – жұп) тармақтары мен
симпатикалық мойын түйіндері.
Гормондары: тироксин, трийодтрионин және
кальций мен фосфор алмасуын реттейтін
тиреокальцитонин гормонын түзеді.
Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін
гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлшетін гормондар
реттейді. Қанда тироксиннің концентрациясы
қалыпты деңгейде болған кезде, гипофизден
бөлінетін гормонның мөлшері азаяды. Бұл
тироксиннің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі.
Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда
болатын ауытқулар: миксидема, эндемиялық зоб,
кретинизм, базедов ауруы.
Қалқанша без (glandula thyroidea)
Қалқанша маңы безі
Glandula parathyroidea
Құрылысы: қалқанша маңы бездері – дөңгелек және сопақ формалы
жұп бездерден тұрады. Саны 4 ( екі жоғарғы, екі төменгі). Балаларда без
мөлшері кішкентай болады, ол өсе келе ұлғаяды. Массасы- 25-50г.
Бездің түсі балаларда ашық қызыл түсті, ересектерде қоңыр. Без
сыртынан капсуламен жабылған.
Синтопиясы: Бездер қалқанша бездің оң жақ және сол жақ үлестерінің
артқы жағында, без капсуласы мен мойын ішілік шандырдың
висцералық табақшасы арасында орналасқан.
Қызметі: Организмде кальций мен фосфор алмасуын реттейді.
Гормоны: Паратгормон
Қалқанша маңы бездерін алып тастаған жағдайда, қалтырауға, дірілге
әкеледі, тіпті адам өліп кетуі мүмкін.
Нервтенуі. Кезбе нерв (Х – жұп) тармақтары мен симпатикалық мойын
түйіндері.
Айырша без
Thymus
Құрылысы: Айырша без бір-бірімен борпылдақ дәнекер тін
арқылы қосылған екі үлестен lobus dexter мен lobus sinister
тұрады. Үлестердің жоғарғы, енсіз шеттері әдетте кеуде қуысы
шегінен асып, төс тұтқасының жоғарғы жиегі үстінен
шығыңқырап, кейде қалқанша безге жетеді. Айырша безі төмен
қарай кеңейіп, үлкен тамырлар, жүрек пен жүрекқаптың бір
бөлігінің алдында жатады. Без көлемі жасқа қарай өзгереді.
Жаңа туған нәрестеде 12г, 25 жаста-25г, 70 жаста 6г-ға дейін
азаяды.
Синтопиясы: 3 жасқа дейінгі балаларда айырша бездің
мойындық бөлігі төс тіласты және төс-қалқанша
бұлшықеттерінің артында орналасады.Артынан-трахеямен,
бүйірінен мойынның тамырлар шоғырымен жанасады.
Айырша бездің кеуделік бөлігі алдынан-төс сүйекпен, артынан-
перикардпен, иық-бас веналарымен, бүйірінен-медиастинальді
плеврамен шектеседі.
Айырша без
Thymus
Скелетопиясы: Бездер балаларда жоғарғы жағында төс тұтқасы 1-1,5см,
жоғарыда проекцияланады, төменде III, IV, ал кейде V қабырғаға да жетеді.
Ересектерде әдетте бездің мойындық бөлімі болмайды, оның жоғарғы жиегі төс
тұтқасының артқы жағында мойындырық тілігінен төмен қарай түрлі
қашықтықта жатады. Төменгі жиегі екінші қабырға аралыққа немесе III
қабырғаға сәйкес келеді.
Нервтенуі. Симпатикалық сабаудың мойын бөлігінің түйіндері, кезбе нерв (Х-
жұп)
Қызметі: Айырша без иммундық үрдісте өте зор роль атқарады. Сонымен қатар
оның гормондары жыныстық толу кезеңі басталғанға дейін жыныс бездерінің
қызметін тежейді, остеосинтезді реттейді және т.б. Оның толысқан шақта
толығымен сақталуы ағзада лимфа тәрізді элементтердің көбеюіне әкеледі, ол өз
ретінде жыныс бездердің 337 кішіреюіне (гипоплазия) себепші болады,
клиникада бұл үрдіс status thymicolymphaticus деп аталады.
Неврогендік топ
Гипофиз Hypophysis
Құрылысы: Гипофиз – тақ ағза, мөлшері үлкен асбұршақтай, массасы –
0,5-0,8г. Жыныстық жетілу кезеңінде үлкейе бастайды. Гипофиз 2 үлестен
тұрады: алдыңғы немесе аденогипофиз (lobus anterior seu
adenohypophysis) және артқы немесе нейрогипофиз (lobus posterior seu
neurohypophysis). Артқы үлесте жататын алдыңғы үлестің бөлігі- аралық
бөлік (pars intermedia) деп аталады. Құрылымдық және қызметтік
ерекшеліктеріне сәйкес алдыңғы үлестің төмпелік, аралық және дистальді
бөліктерін ажыратады
Қызметі. Гипофиздің алдыңғы бөлігі дененің өсуі мен дамуын реттейтін
(соматотропты), жыныс бездерінің (гонадотропты), қалқанша бездің
(тиреотропты), бүйрекүсті бездің қыртысының және басқалардың
қызметтерін күшейтетін гормондар өндіріп шығарады. Гипофиздің
алдыңғы бөлігінің қызметін өз ретінде аралық мидың нейрогормондары
реттейді. Артқы бөлігі бірыңғай салалы бұлшықеттердің жұмысын
күшейтеді. Аралық бөлігі терінің түсін реттейтін гормон бөліп шығарады.
Қанмен қамтамасыздануы. Гипофиздің алдыңғы бөлігі артериялық
қанды үлкен мидың артериялық шеңберінен алады, ал веналық ағым
мидың үлкен венасына құяды. Артқы бөлігіне артериялық қан ішкі ұйқы
артриясының тармақтары арқылы келеді, веналық ағым үңгірлі қойнауға
құяды.
Эпифиз
Glandula pinealis
Құрылысы: Сопақша болып келген тақ ағза, аздап
жоғарыдан төмен қарап лоналасқан. Томпақ дене
массасы ересек адамда 0,2г-ды құрайды. Оның негізгі
және артқа қарай созылған ұшы бар. Томпақ денені
сыртынан дәнекер тінді қабықша қаптайды.
Орналасуы: Томпақ дене аралық мидағы
эпиталамуста орналасқан. Алдыңғы бөлігі қалыңдаған
және аздап алға созылып таламустың жұп аяқтары
арқылы 3- қарыншаға жанасады. Томпақ дененің ұшы
ортаңғы мидың төмпешіктерінің арасында орналасқан.
Қызметі: Томпақ дененің гормондары жыныс
бездердің дамуына және қызметіне тежегіш әсерін
тигізеді.
Адреналды жүйе тобы
Бүйрекүсті безі Glandula suprarenalis
Құрылысы: Жұп ағза, адреналды жүйеге жатады. Бүрекүсті безінің жоғарғы
ұшы көкетке қараған, ал негізі бүйрекке бағытталған үшқырлы пирамидаға
ұқсайды. Ересек адамдарда оның мөлшері: биіктігі – 3- 6 см, негізінің ені – 3
см шамасында және көлденең ені 4-6 мм-ге жақын, салмағы – 20гр. Бездің
алдыңғы бетінде тамырлар мен нервтер кіріп – шығатын қақпасы бар. Без,
бүйрек шандырының бір бөлігі болатын дәнекер тінді қапшақпен қапталған.
Қапшықтың өсінділері ағза ішіне кіріп, оның стромасын түзеді. Бүйрекүсті
безі көлденең кесіндісінде, сыртқы қыртысты заттан (cortex) және ішкі милы
заттан (medulla) тұрады.
Синтопиясы: Ішастардың артқы жағындағы шелмайда бүйректің жоғарғы
шетінің үстінде жатады.
Скелетопиясы: Бүйрек үсті бездері 10-11, кейде 12-кеуде омыртқасы
тұсында орналасады. Артқы бетімен көкеттің бел бөлімімен, алдыңғы
бөлімімен – бауырдың висцералық бөлігімен, ұлтабармен, ал астыңғы иілген
бүйректік бетімен оң бүйректің жоғарға ұшымен беттеседі. Артқы беті
көкетпен, төменгісі сол бүйректің жоғарға ұшы және оның медиалды
ұшымен беттеседі.
Нервтенуі. Кезбе нерв (Х- жұп) және ішкі ағзалық үлкен нерв.
Бүйрекүсті безі
Glandula suprarenalis
Қызметі. Бүйрек үсті безі ағзада аса
маңызды роль атқарады. Оның милық
заты симпатикалық нерв жүйесінің
жұмысын ынталандыратын, қан
тамырларды тарылтатын, бауырдағы
гликогеннің ыдырауын қоздыратын
адреналды топ қатарындағы
гормондар бөліп шығарады.
Бүйрекүсті бездің қыртысты заты
(кортикостероидтар) – су, тұз, белок
алмасуын реттейтін және жыныс
бездердің қызметіне әсер ететін
гормондарды өндіріп шығарады.
Мезодермалық бездер
Жыныс бездері
Ерекше белгілері, әйелдердің жыныстық екі гормондары
(эстрон – фолликулин және прогестерон – анабездің сары
денесінің гормоны) және еркектерде атабездің еркектік
жыныстық гормоны – андроген.
Атабезде, шәует өзекшелері арасындағы дәнекер тінде
аралық жасушалар жайғасады.
Андроген – атабез гормоны (грек сөзі – andros – еркек) –
атабез бөлікшелерінің дәнекер тінінде иреленген шәует
өзекшелерінің аралығында өндіріледі. Сонымен қатар
андрогенді бүйрекүсті безі де бөліп шығарады.
Биологиялық қасиеттері: еркектің жыныс ағзаларының өсуін
және қуықасты безінің секреттік қызметін ынталандырады,
екінші жыныстық белгілердің дамуына жағдай жасайды, нерв
жүйесіне серпіліс береді, жыныстық қатынасқа икемдейді.
Аналық без
Анабезде гормонның бөлінуі түйіншелердің ішкі
секрециясымен байланысты. Фолликулин деп аталатын гормон
жыныс аппаратына трофикалық әсер ету, етеккірді реттеу,
екінші жыныс белгілері мен жүйке жүйесіне әсер ету қызметін
атқарады. Сонымен қатар анабезде оқтын-оқтын басқа бір
эндокриндік ағза сары дене пайда болады. Сары денелердің 2
түрі бар: corpus luteum graviditatis – жүктілік және corpus
luteum menstruationis, етеккірлік сары денесі.
Прогестерон – анабездің сары дене гормоны – анабез
фолликулының жарылған жерінде пайда болған тыртық тінінің
екіқабаттылық (жүкті болу) басталғанда бөліп шығаратын
секреті.
Биологиялық қасиеттері: етеккір (менструация) циклін
реттейді, жатырдың дамуын ынталандырады, екінші
жыныстық белгілердің дамуына жағдай жасайды, нерв
жүйесінің сергектігін (тонус) көтереді, гипофиздің алдыңғы
бөлігінің гонадотроптық қызметін реттейді
Ұйқы безі
Pancreas
Ұйқы безі pancreas 2 бөліктен тұрады: эндокринді және экзокринді.
Ұйқы безінің эндокринді бөлігі pars endocrina панкреаттық
аралшықтарды түзетін эпителиалды жасушалардың топтпрынан
түзілген. Олар қалған экзокринді бөліктен жұқа дәнекер тінді
қабықпен бөлінген. Панкреаттық аралшықтар ұйқы бездің барлық
бөлімдерінде кездеседі. Аралшықтардың диаметрі 100-200мкм.
Олардың салмағы 500мыңнан 1,5млн-ға дейін, ал жалпы салмағы
ұйқы без салмағының 1/100 бөлігін құрайды.
Қызметі: Панкреатитті аралшықтардың В жасушаларынан түзілетін
инсулин гормоны қандағы моносахаридтерді бауырда жиналатын
глюкогенге айналдырады. Инсулиннің әсерінен қандағы глюкоза
деңгейі төмендейді. Бұдан басқа, инсулин глюкозаның организм
жасушаларына енуін қамтамасыз етеді. Осы гормонның бұзылуы
қант диабеті ауруына алып келеді. Инсулиннен басқа ұйқы безінде
А жасушаларда инсулин антагонисті – глюкагон гормоны түзіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Адам денесі А.Р.Рақышев
2.Адам анатомиясы Т.М.Досаев
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz