Аумақтық Жаһандану - мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі
Презентация қосу
Жаһандык
экономика және
еңбек бөлінісі :
әлеуметтанулык
талдау.
Денсаулықтын
әлеуметтик
эпидеологиясы .
• Әлеуметтік процестерді зерттейтін көптеген ғылымның қарастыру аймағында бұрыннан еңбек
тұрады. Еңбек адамзаттың бір белгісі болып табылады, өйткені ол адамзат қоғамының
қалыптасу процесінде пайда болды, қоғамды жасады және қоғамда ғана ойлануға тұрарлық
болды.
•
Еңбек туралы ғылым жүйесінде, ең алдымен, қоғамдық еңбек және табиғат пен қоғамның
өзара әрекетінің біртұтас процесі ретінде тұлғаның әлеуметтік мәнінің өзара байланысын
зерттейтін философия туралы айтуға болады.
Еңбек психологиясы адамның еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді,
кәсіби бағдар мен кәсіби іріктеу әдістерін әзірлейді.
Еңбек гигиенасы ғылымының басты қарастыру аясында тиімді қоршаған ортаны жасау, адам
ағзасына арналған шарттар мен өзара әрекет ету мәселесі тұрады; эргономика адамның
техникалық жүйелерімен өзара әрекетін зерттейді.
Экономикалық әлеуметтаным қоғам өмірінің мынадай екі негізгі саласын зерттейді:
экономикалық және әлеуметтік, қызметкерлердің өндірістік аядағы мінез-құлқы, субъектінің
өндірістің әлеуметтік тиімділігін арттырудағы рөлі, сондай-ақ экономикалық мәдениет пен
экономикалық мінез-құлық. Оның қарастыру аясында экономиканы әлеуметтік-экономикалық
реттеу механизмдері, адамның еңбекке деген қарым-қатынасы, еңбек ықшамдығы, еңбек
нарығы, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық тұр. Экономикалық саланың әр түрлі екендігі
негізінде әлеуметтік проблематика саласы да бөлек, экономикалық әлеуметтаным да ғылым
ретінде өзінің құрылымы бар, яғни тақырыптық бөлімдер мен бағыттардан тұрады. Олардың
негізгілері мыналар болып табылады: еңбек әлеуметтанымы, кәсіптер мен істер; бөлгіштік,
мүліктік қатынастар әлеуметтанымы; ұйымдастыру әлеуметтанымы; басқару әлеуметтанымы.
Экономикалық әлеуметтану
• 1.Қандай да бір экономикалық процестерді зерттеу объектісіне
айналдырғанда экономикалық әлеуметтану өндірістегі әрбір таптың оның
ішінде топтың, жіктің мұң-мұқтажы, мүдде, талап –тілегі тұрғысынан
зерттейді.
2.Қандай да бір әлеуметтік талдау жүргізбесін, экономикалық әлеуметтану
өндірістегі әлеуметтік топтардың, оның жіктерінің меншік формасына
қатынасын, әл-ауқатының дәрежесін, өмір сүру жағдайларын нақтылы еске
алып отырады.
3.Экономиканы, ондағы қатынастарды дамытуға әлеуметтік факторлардың
тигізетін әсерін және экономикалық қатнастардың әлеуметтік қатынастарға,
процестерге тигізетін әсерін ескереді.
4.Әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде әлеуметтік, яғни, адам
факторына басты назар аударады.
5.Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді тығыз байланыста қарап,
шешілетін практикалық мәселелерді де бірыңғай байланыста қарауға
бағыттап отырды.
6.Шаруашылық тетігімен салыстырғанда әлеуметтік тетіктің ықпалы басым
түсетінін әр уақытта ескеруді қажет етеді.
• Айта кететін бір жайт, экономиклық әлеуметтану жеке-дара әлеуметтану
теорияларымен, мысалы, еңбек әлеуметтануы ұйым және басқару
әлеуметтануымен де айналысады. Экономикалық әлеуметтанудың
зерттеуіндегі басты айырмашылық – ол жалпы экономикалық және
әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің даму заңдылығын зерттейді. Ал,
заңдылықтар деген не? Олар осы байланыс, қатынастардың ең тұрақты,
қайталанатын, қажетті, мәнді, басты жақтарының жиынтығы. Әлеуметтануда
заңдылықтарды даму тенденциялары деп те айтады.
• Осы құбылыстар мен процестердің қатынастары мен байланыстарының
негізінде экономикалық әлеуметтану, бір жағынан, әлеуметтік алуан түрлі
топтардың, жіктердің мұң-мұқтажын, мүддесін, талап – тілегін
қанағаттандырып, іске асыру жағын ойластырса, екінші жағынан, жалпы
экономикалық дамудың факторлары мен алғы-шарттарын, экономикалық
және әлеуметтік дамудағы байланыс – қатынастардың мәнін зерттеп,
анықтайды
• Американ социологы Н.Смелзердің анықтамасы бойынша, «профессионал» термині адамның өз ісін
жақсы білетіндігін және сүйетіндігін білдіреді.
Кәсіп таңдау өмірден үзіп алынған бір сәттік акты, эпизод немесе өмір бөлшегі емес, бұл тұлғаның
балалық шағынан бастап еңбек ғасырын аяқтағанға дейінгі жүйелі дамуының нәтижесі.Бұл-күрделі
процесс, ол тұтасымен бүкіл тұлғаны қамтиды. К.Маркс адамның кәсіп таңдауы оның басқа тірі өмір
сүрушілер арасындағы үлкен артықшылығы, бірақ ол сонымен бір мезгілде бүкіл өмірді жоятын, оның
бүкіл жоспарларын быт-шыт қылатын, оны бақытсыздыққа душар ететін процесс екендігін айтты. Кәсіп
таңдау процесінде индивидтің мүдделері, жеке жоспарлары, қабілеттері мен соның салдарынан
индивидтің жеке жоспарлары өзгеретін оған қатысты сыртқы ахуалдар арасында қайшылықтар
туындауы мүмкін. Кәсіп таңдау кезінде сыртқы шектеулер әлеуметтік қатынастардың және әлеуметтік
икемділіктің, демографиялық ахуалдың сипатына, өндіруші күштер мен білім беру жүйесінің
деңгейіне қарай қалыптасуы мүмкін. Қоғамның кәсіби кадрларға деген объективті сұранысы сәйкес
келмесе, оларды дайындау жүйесіндегі қалыптасқан құрылым мен индивидтің субъективті
жоспарлары кәсіби диспропорцияны, «дипломдар тапшылығын» тудырады.
• Ресей баспасөзінің деректері бойынша, казіргі уақытта ең жақсы саналатын кәсіпке мынадай белгілі
екі вакансия кіреді: қаржыгер (оның кез келген түрі) және программист. Екінші орында менеджерлер,
өткізу жөніндегі менеджер, сауда өкілдері және жарнама агенттері тұрады. Белгілілігі жағынан
хатшылар менеджерлерден кем түспейді, тіпті ол жылдан жылға білімдірек болып барады және қазіргі
кезде олардың қандай да бір жоғары оқу орнының бітірушісі, шет тілін білуі және кеңсе
техникаларымен жұмыс істей алуы тиіс болып отыр. Бір қызығы, осы тізімге барынша көп қажет
етілетін кәсіп ретінде мамандардың пікірінше, болашаққа қажет кәсіп саналуда. Бұл жерде әңгіме
химиктехнологтер, тамақ саласындағы мамандар туралы болып отыр. Қазіргі уақытта барынша
мәртебелі (жоғары ақы төленетін) кәсіпке сондай-ақ аудитор, аудармашы, дипломат, заңгер, гувернер,
дизайнер, логистик (көлік тасымалына жауап береді) кіреді.
Жаһандану
• Жаһандану (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа
жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық
құрылуының үрдісі. "Жаһандану" бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген
мағынаны да, әлемдік елдердің біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру
екпініне ілесу дегенді де білдіреді.
• Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық
экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін
20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер,
Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға
“интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”,
“техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген
ұғымдарды енгізді.
• Аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық
экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді.
Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық
құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар
мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана
жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру
үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік
Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды.
• - ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса
ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін
пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы
көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағығарыштық
жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың
дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй
шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін
компьютрлендіру мен роботтау жүреді;
• - этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі
этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz