Экология: ұғымы, негізгі бөлімдері және экологиялық пирамидалар


Slide 1

Экологиялық пирамидалар

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Slide 2

Экология ( лат. оіkos - үй, баспана; logos - ілім) - жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің - популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Экология туралы ұғым

Slide 3

Экология терминін ғылымға енгізген Э. Геккель (1866) . Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады Геккель Эрнст- неміс биологы.

Экология термині

Slide 4

Экологияның бөлімдері. Экология ғылымы зерттелетін объектілердің ерекшеліктеріне, әдістеріне байланысты бірнеше бөлімдерден тұрады: Аутэкология - жеке организмдердің қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Демэкология немесе популяциялар экологиясы - қоршаған орта факторларының популяцияға әсерін, популяция санының өзгеруін зерттейді. Синэкология немесе қауымдастықтар экологиясы (биоценология) - биоценоз түзетін әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер популяцияларын, олардың түзілуін, дамуын, құрылымын, өзгеруін және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді.

Экология бөлімдері:

Slide 5

* Адам экологиясы, антропоэкология - Биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды; Адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән;

* Ғаламдық экология - табиғи және табиғат іс-әрекетінен туындайтын биосфера шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп-қатер, экологиялық апаттар, қатерлі эпидемиялар т. б. Осы бағыттағы ірі-ірі бүкіл әлемді қамтитын проблемаларды қарастырады.

* Нооэкология - адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағыдацларды, қарым-қатынастарды бір-бірімен ұйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-оймен шешуін қамтамасыз етеді.

Экология бөлімдері:

Slide 6

Экологиялық пирамида дегеніміз табиғи экожүйедегі продуценттер, консументтер және редуценттер массасымен белгіленіп, графиктік үлгі ретінде көрсетілген олардың арасындағы ара-қатынас. Мұндай пирамиданы Ч. Элток (1927) құрастырған. Пирамиданың табаны продуценттер деңгейі, ал келесі қоректік деңгейлер пирамиданың қабаттары мен төбесін түзеді.

Экология пирамидасы:

Slide 7

1 Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер. - Алматы: Ғылым, 1969. - 193 бет.

2 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1993. - 446 бет.

3 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Ғылым, 1999. - 328 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер:


Ұқсас жұмыстар
Жалпы экология негіздері: тарихы, бөлімдері және экологиялық қауіпсіздік
Экология ғылымы: ұғымы, заңдары, қалыптасу кезеңдері және бөлімдері
Экология: анықтамасы, бөлімдері және тұрақты даму
Экология пәні: мазмұны, даму тарихы, басқа ғылымдармен байланысы және бөлімдері
Экологиялық философия мен экология ғылымының қалыптасуы және негізгі бағыттары
Экологиялық мониторинг: ұғымы, негізгі принциптері, жіктелуі және қолданылуы
Ұлттық экология бастаулары: экологиялық мәдениет, тыйым сөздер және Қазақстанның экологиялық мәселелері
Экология пәні: ұғымы, мақсаты, қалыптасу тарихы және салалары
Аналитикалық химия және экология: әдістер мен экологиялық бағалау
Адам экологиясы және медициналық экология: Қазақстандағы экологиялық ластануның денсаулыққа әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz